ЕЛ ДАНА ТҰЛҒАСЫМЕН ДАМИДЫ

Қазақ елі маңызы зор саяси шараны өткізді. Ол – 2011 жылдың 3 сәуірі күні өткізілген ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы. Президент – халықтың кепілі. Елдің тағдыры және халықтың кемел келешегі Мемлекет басшысына тікелей байланысты.
«Нұр Отан» ХДП-ның кезекті 13-ші съезі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ел Президенті лауазымына үміткер ретінде ұсынды. Елбасы күні кеше ғана өткен сайлауға қатысуға өзінің келісімін беріп, халықтың ерік-жігерін орындауға сендірді. Өйткені оның осы уақытқа дейінгі ерен еңбегін халқымыз аса жоғары бағалайды.
Біз өз еліміздің басшысы Н.Назарбаевты әлем халықтары бейбітшіліктің жаршысы болған көрнекті тұлға деп атайтынына мақтанамыз. Президент Н.Назарбаев талай жыл ажалдың аждаһасы болған Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қаруланудан бас тартты, жер жүзінің халықтарына суық қарусыз, бейбітшілікте өмір кешуді ұсынды. Оның бәрін нақты ісімен дәлелдеп берді және дәлелдеп келеді. АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен 46 мемлекет басшыларының Саммитінде АҚШ президенті Барак Обама біздің Елбасымыз Н.Назарбаевқа айрықша құрмет пен ілтипат танытқанын, оның әлемдік қауымдастықтағы ролін жоғары қойды. Ал Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммиті Елбасымыздың көреген саясатының айқын жемісі мен жеңісі болып, мемлекетіміздің беделін одан әрі асқақтатты, халқымыздың тарихындағы елеулі оқиғаға айналды.
Елбасының халқы алдындағы еңбегі өлшеусіз. Тәуелсіздігін алған қазақ елі Мемлекет басшысының көреген де сарабдал саясатының арқасында әлемдік деңгейде лайықты орнын иеленді, ұлтымызды әлем таныды, құрмет пен қошеметке қол жеткізді. АҚШ, Ресей, Қытай секілді ірі державалардың басшылары Қазақстанды басты әріптесіне балайды. Мұның бәрі – аса жоғары баға, биік мәртебе! Өзінің 20 жылдық тәуелсізідігі жолында Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына ұмтылыс жасады. Қазақстан бүгінде қуатты экономикасы бар, тұрақтылығы бекем, бейбітсүйгіш, достық пен татулықты місе тұтып, соны жоғары қойған бірден-бір үлгілі ел атанып отыр. Қазіргі уақытта елімізде индустриалды-инновациялық даму қарқынмен жүріп жатыр. Мұның бәрі басшының еңбегі мен халықтың бірлігінің арқасындағы жемісті жетістіктер болып табылады.
Мен аса қымбатты барлық жерлестерімізді артта қалған жылдарға, қол жеткен жетістіктерге көз жүгіртуге шақырамын. Тұтастай елімізде, өңірлерімізде қай кезде қарқынды тұрғын үйлер құрылысы жүріп еді, заводтар мен фабрикалар, әлеуметтік нысандар бой көтеріп еді, телекоммуникацияның озық технологиялары өміршең болып еді, темір жолдар мен автомобиль жолдары төселіп еді? Біз осының бәріне соңғы жиырма жылда қол жеткіздік. Біз осының бәріне Елбасымызбен бірге, ынтымақ танытып, бірлікте жетіп отырмыз. Жаңа елордамыз – Астана Елбасының төл туындысы, халықтың мақтанышы, сырттан келгендердің қуанышы! Астана – халықтың мақтанашы ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның ұлылығы мен қуатының нақты символы! Осы тектес аса ірі өзгерістер мен жаңарулар Президент Н.Назарбаевтың арқасында мүмкін болып отыр.
Біздің облысымыз – еліміздегі аса ірі өнеркәсіптік, индустриалдық өңір. Осы жерде көптеген аса ірі жобалар, даму бағдарламалары жүзеге асуда. Халықтың игілігіне баланған, соны айқын көріп отырған жобалар өз нәтижесін беріп те жатыр. Әр өңірдің осындай ерекшеліктері ескеріле отырып, қазіргі күнде Қазақстан алға қарай нық сеніммен қадам басып келеді. Мұндай деңгейде еліміз алдағы 15-20 жыл дересінде әлемдегі барынша дамыған, аса қуатты мемлекетке айналары даусыз!
Менің жасым 88-де. Мені көпшілік қауым жақсы танып, құрметтейді. Мен - Павлодар қаласы мен облыстың Құрметті азаматымын. Еңбек және соғыс ардагері екеніме және аталық жасқа жеткеніме мақтанамын. Сонау сұрапыл соғыс жылдарында Отан үшін от пен оқ кешіп, аянып қалмадық. Ержүректік танытып, батылдық көрсеттім. Үш мәрте жараландым. Александр Невский және тағы да басқа көптеген ордендермен, медальдермен наградталдым. Сөйтіп, Жеңіс күніне өзімнің маңдай тер үлесімді қостым. Халық алдындағы арым мен абыройым жоғары, таза. Соғыстан соң 40 жылдан астам партия және кеңес қызметтерін атқардым, 27 жыл облыстық кеңес депутаты болдым. Қызмет барысыма қарай маған Жоғарғы және жергілікті кеңестерге сайлаулар өткізуге тура келгені аз емес. Облыста барлық сайлаулар жоғары деңгейде, жақсы өткізілді. Біздің сайлаушыларымыз өздерінің конституциялық құқықтары мен міндеттерін абыроймен атқара білді. Барлығы ынтамен дауыс берді. Біздің өңір басқа өңірлерге қарағанда дауыс беруді ерте аяқтап отырды. Өкінішке қарай, 2007 жылы өткен парламенттік сайлауда біздің облыстың дауыс беруге қатысуы артта қалып қалды. Көптеген сайлаушылар немқұрайлық танытты, дауыс беру орындарына кештетіп келді. Мұның өзі сайлаушылардың өз құқықтарын дұрыс пайдалана алмауын көрсетті. Мұндай жағдайларды енді қайталамауға тырысу, жол бермеу қажет деп санаймын.
Президенттік сайлауда біздің жерлестеріміз – сайлаушылар жоғары деңгейден көрінді. Отансүйгіштіктің биік белесін көрсетіп, жаппай сайлау учаскелеріне келіп, таңдаған үміткерге дауыс берді. Елбасы айтқандай, «Болашақтың іргесін бірге қалайтынымызды» павлодарлықтардың барлығы басшылыққа алды.
Мен Елбасы Н.Назарбаевпен кездескен сәттерімді ешқашан есімнен шығармай, өмірімдегі ең бір жарқын белестер деп бағалаймын. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Ақорда төрінде Елбасы бізді – ардагерлерді қабылдады. Құрмет көрсетті, көпшілікпен қатар менің де кеудеме мемлекеттік награда - «Құрмет» орденін тақты. Мен Нұрекеңнен сөз сөйлеуге рұқсат сұрадым. Ол кісі мені мінберге дейін өзі демеп апарды. Сөзімді ықыласпен тыңдап, айтылған ойларға, тілектерге алғысын білдірді. Н.Назарбаевтың әр адамға деген осындай жылы қарым-қатынасы, ұлылығы, даналығы, жоғары адами келбеті ешқашан сарқылған емес. Халық пен ел көреген басшысының даналығымен алға дамиды, белестерді бағындырады. Сондықтан да, халқымыз бұдан әрі де лайықты таңдау жасап, бүгінгі тірлігімізге, бірлігімізге қол жеткізген басшыға құрмет танытты.  
Өткен сайлауда азаматтық ерік-жігер көрсетіп, елдігіміздің одан әрі салтанат құра беруіне өз үлесін қосқан барша азаматтарға шексіз алғысымды білдіремін.

 


Қабдеш НҰРКИН,
Павлодар облысының Құрметті азаматы.    

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30