ШЕТЕЛ БАҚЫЛАУШЫЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫ

Павлодар облысында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы демократиялық талаптарға сәйкес жоғары деңгейде өткізілді. Комиссия мүшелері сайлаушылардың дауыс беруіне қажетті барлық мүмкіндіктерді ұсынды. Қазақстанда өткен сайлау процесінен көршілес мемлекеттердің де үйренері бар. Бұл туралы кеше облыстағы сайлау барысын назарда ұстаған шетелдік бақылаушылар тобы мәлімдеді.
Облысымызда президенттік сайлауды өткізу барысына 56 халықаралық бақылаушы қатысты. Ұлыбритания, Франция, Испания, Венгрия, Германия, Ресей мемлекеттерінен ЕҚЫҰ және ТМД миссияларының өкілдері келді. АҚШ-тан арнайы жеткен тәуелсіз бақылаушы Маргарита Ассенова да біздің азаматтарымыздың дауыс беру белсенділігінің куәсі болды.  
М.Ассенова ең алдымен сайлаушылардың белсенділігіне тәнті болғанын жасырмады: - Сайлау жоғары деңгейде өтті. Билік орындары тарапынан ешқандай араласу оқиғасы тіркелген жоқ. Халық өз еркінше таңдау жасады. Дауыс берушілерге кандидаттар жөнінде барлық мәліметтер қолжетімді болды. Ең бастысы, сайлау процесі ашық жүрді. Халықтың демократиялық көзқарасы танылды, енді азаматтар жаңаруды талап етеді. Ел Президенті алға белгілеген экономикалық реформаларды өзі жүргізуге мүмкіндік алып отыр. Мен сіздерді осы оқиғамен құттықтаймын! - деді ол. АҚШ-тың тәуелсіз бақылаушысы процесс барысында кездескен техникалық кемшілікті де атап өтті.  
Ресейдің көршілес жатқан Новосибирск, Омбы облыстарынан және Алтай өлкесінен келген бір топ бақылаушылар да сайлаудың өту барысынан алған әсерлерімен бөлісті. Олардың құрамында Сібір академиясының профессоры, «ИТАР-ТАСС» агенттігінің меншікті тілшісі, сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары секілді өмірден түйгені көп, тәжірибелі тұлғалар бар. Бақылаушы Виктор Козодой сайлаушыларға барлық ақпараттар қолжетімді болғанын атап өтіп, сыртынан қарасаң, іші көрінетін «мөлдір» сайлау жәшігінің Ресейде әлі де қолданылмайтын айтты. Қазақстанның тәжірибесі бізді қызықтырады, деді ол.
 Шетелдік бақылаушылар өзара бейбітшілік пен береке-бірлікте ұйып отырған Қазақстан халқына айрықша қызығушылықпен қарайтынын бірнеше мәрте қайталап айтып, биылғы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен құттықтады. Кездесу соңында олар қазақтың қонақжай дәстүрімен қарсы алған ықпалдастық орталығына ризалық білдірді.

 


                              Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30