ЕҢБЕК ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАДЫ

бір топ жерлесіміз Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталды

3 сәуірде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлау шарасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің облыстағы сенімді өкілдері болған азаматтардың еңбектері елеусіз қалған жоқ. Жерлестеріміз мамыр мерекесі қарсаңында Ел Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Алғыс хаттарды облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаев салтанатты түрде иелеріне табыс етті.


Президент сайлауының қорытындысы бойынша Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқын басымдықпен жеңіске жеткені баршамызға мәлім. «Сайлауда қазақстандықтар өз таңдауын жасады. Олар кемел келешегіміз үшін дауыс берді. Бұл ретте, халықтың сайлауға қатысуына және науқанның әділ өтуіне республикалық, облыстық штабтардың өкілдері айрықша үлес қосты. Сондай-ақ, өңіріміздегі ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер де белсенділік танытты. Саяси науқанға үн қосып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген азаматтарды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс хаттармен марапаттады. Павлодар облысының бір топ азаматы осы құрметке ие болып отыр»,- деді аймақ басшысы. Осылай деген облыс әкімі салтанатты түрде марапаттарды тапсырды.
Облыстық әлеуметтік-волонтерлік орталықтың жетекшісі Светлана Гладышева Елбасының сенімінен шыққандардың бірі. «Бұл - мен үшін үлкен жетістік. Павлодар облысының жастары Елбасының саясатын қолдайды. Алдағы уақытта да Мемлекет басшысымен бірге биік белестерді бағындыратынымызға кәміл сенемін»,- деді ол.
Жерлестеріміздің ел келешегі үшін атқарған ерен еңбектері ескерусіз қалмады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жиынға қатысушылар республикамыздағы уыздай ұйыған ынтымақ пен береке жолында тынбай тер төгетіндерін жеткізді. Шара соңында марапат иелері Бақытжан Әбдірұлымен бірге естелік суретке түсті.


Фархат ӘМІРЕНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
           
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31