ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 

Аймағымызға жұмыс сапарымен Канада елінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Стивен Миллар келді. Құрметті қонақ облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесті. Аймақ басшысы елшіні облысымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен, әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырды. Бұл - С.Миллардың Павлодарға алғаш келуі.

Елші облыс орталығындағы «Достық үйінде» болды. Еліміздегі бірегей ұйым, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып, этно-мәдени бірлестіктерде болды. Артынша, дөңгелек үстел басында аймағымыздың үкіметтік емес ұйымдары басшыларымен бас қосты. Шара барысында екіжақты әріптестік қатынастар сөз болды. Аймағымыздың азаматтық альянсы өкілдері еуропалық ауқымды ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді. Бірақ, бұл салада Канада елімен байланыс төмен деңгейде. Әзірге, тек павлодарлық «Десента» қоғамдық қоры канадалық әріптестерімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша бірлескен жоба дайындауда. «Павлодар өңірінің үкіметтік емес ұйымдарының белсенді жұмысын көріп отырмыз. Нақты ұсыныстары да баршылық. Сондықтан біз өз тарапымыздан осы ұсыныстарды ескере отырып, екіжақты әріптестікті дамытуға бар күшімізді саламыз», - деді Канада елінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі С.Миллар.

 

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31