ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫ ЗАҢ АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 04.02.2011 жылғы №1149 жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы үстіміздегі жылдың 3 сәуір күніне белгіленген болатын. Бұл ретте, ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен сайлауға дайындық және сайлау өткізу бойынша негізгі шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. Аталмыш жоспардың 19-шы бөліміне сәйкес республика аумағында үсіміздегі жылдың 3-ші наурызынан бастап сайлауалды үгіт жұмыстары басталды. Жалпы, мұндай шараның мақсаты сайлаушыларды белгілі бір үміткерді қолдап немесе қарсы дауыс беруге үгіттеу болып табылады.

Бір атап өтерлігі, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталған шақтан басталып, сайлау өтетін күннен бір күн бұрын, яғни 1 сәуір күні аяқталатын болады. Аталмыш үгіт жұмыстары барысында бұқаралық ақпарат құралдарының  мүмкіндіктері мейлінше пайдаланылады. Сондай-ақ, түрлі баспа өнімдері таратылып, аудио, бейне материалдарын жариялау, сайлауалды көпшілік шараларын (мәжілістер, сайлаушылармен кездесулер), пікірталас, пікіралмасу жиындарын, митингтер мен пикеттер, шерулер өткізу арқылы жүргізіледі. Бірақ, бұл шаралар ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы негізінде ұйымдастырылуы тиіс.

Ерекше ескерте кетерлігі, заңнама талаптары бойынша мемлекеттік мекемелер, атқарушы органдар өкілдеріне, басқа да лауазымдық тұлғаларға, әскери қызметкерлерге, ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, діни бірлестіктер мен сайлау комиссиясының мүшелеріне халық арасында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған (Конституциялық заңның 27-бабының 4-бөлімі). Онымен қоса, ҚР заңнамасымен үгіт жұмыстарын дұрыс жүргізудің талабы айқындалған. Мысалы, үміткерлерге сайлауалды үгіттеу жұмыстары барысында сайлаушыларға тегін немесе жеңілдетілген негізде түрлі тауарлар, бағалы қағаз, белгілі бір қызмет түрін ұсынуға, сондай-ақ, қайырымдылық акцияларын өткізуге болмайды.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары барысында қандай да бір тұлғаның бейнесін оның жазба түріндегі рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Ал ол қайтыс болған жағдайда оның жақын туыстарының, мұрагерлерінің рұқсаты болуы тиіс (Конституциялық заңның           27-бабының 9-бөлімі).

Мемлекет азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің Конституциялық заңға және еліміздің басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес белгілі бір үміткерді қолдап немесе қарсы үгіт шараларын жүргізуге деген құқығына кепілдеме береді (Конституциялық заңның                  28-бабының 1-бөлімі).

Барлық баспа өнімдерінде тиісті мәліметтер болуы қажет. Атап айтар болсақ, аталмыш материалдарды шығарған ұйымға, баспахана мен таралымына қатысты, тапсырысты орындаған тұлғалар мен шығынның қандай қаражаттан төленгендігі туралы ақпараттар. Үгіт жұмыстарына арналған баспа өнімдерін шетелде жасауға және анонимдік материалдарды таратуға рұқсат жоқ.

Жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп,  барлық үміткерлер үшін баспа өнімдерін орналастыратын орындарды белгілеп, стенд, тақталармен қамтамасыз етеді.  Үгіт материалдары үміткерлердің әрқайсысы үшін тең құқылық дәрежеде орналастырылады. Бір атап өтерлігі, Президенттікке үміткер тұлғалар өздерінің баспа өнімдерін басқа да ғимарат, мекемелерде орналастыра алады. Тек ол үшін аталмыш нысан иелерінің рұқсаты болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ескерткіштерге, обелисктерге, тарихи, мәдени және архитектуралық құндылығы бар ғимараттарға, сондай-ақ, сайлау өтетін мекемелерге ілуге болмайды.

Сайлау комиссиясының ғимаратында және сайлау өтетін орында әрбір үміткерге қатысты бірдей формада жазылған ақпарат ілініп тұрады. Ондағы болуы тиіс ақпараттардың тізімі Орталық сайлау комиссиясымен бекітілген (Конституциялық заңның 28-бабының 6-бөлімі).

Сайлау күні дауыс беруге арналған бөлімшелерде халық арасында қоғамдық сауалнама жүргізуге блмайды (Конституциялық заңның 28-бабының 9-бөлімі). Сондай-ақ сайлау күні және бір күн бұрын жасалған үгіт-насихат шаралары заңсыз болып табылады (Кнституциялық заңның 32-бабының 1, 2-бөлімдері).

Жоғарыда аталған заңнама талаптарын түсіндіре отырып, облыс прокуратурасы барлық азаматтарды, заңды тұлғалар мен бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау жұмысы кезінде заңдылықты сақтауға шақырады.

 

Павлодар облысының прокуратурасы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31