БІЗ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!

 

Кеше Ертістің Павлодар өңірінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау жөніндегі Форум болып өтті. Жалпы саны он мыңнан астам адам жиналған шараға Қазақстан Президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының басшылығы мен мүшелері, еліміздегі саяси партиялардың, сондай-ақ, «Қазақстан - 2020» атауын иеленген демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы құрамындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Тұңғыш әрі қазіргі Елбасыны жақтаушылар өздерінің Нұрсұлтан Әбішұлына деген ыстық ықыласы мен асқақ құрметін танытты.

Форумның басты шарасы Павлодар қаласындағы «Астана» мұз сарайында ұйымдастырылды. Мұнда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, Президенттікке үміткер Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының төрағасы Нұрлан Нығматулин сөз сөйлеп: «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық кеңістіктегі аса жоғары беделі, оның ұзақ мерзімді даму Стратегиясы, біздің елімізде қалыптастырып-құрған бейбітшілік пен тұрақтылығы, сөз жоқ, Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктері болып табылады. Осы жетістіктер мен табыстардың барлығын шашау шығармай сақтау үшін, сондай- ақ, оларды одан әрі еселей түсу үшін Сіздер -құрметті павлодарлықтар, 3 сәуір күні барша қазақстандықтар сияқты сайлау учаскелеріне ықыласпен келіп, біздің еліміздің өміріндегі аса маңызды таңдауды жасайды деп сенемін!», -деп атап көрсетті. Сонымен қатар, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулинөндірісімен аты алысқа тараған, бүгінде еліміздің экономикасын алға бастырушы іргелі өңір саналатын Павлодар облысы қашанда Елбасының жіті назарынан, қолдауынан қалыс қалмай келе жатқанын, Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясаты, жан-жақты қолдауы арқасындабүкіл Қазақстандағы секілді Ертістің Павлодар өңірінде де әлеуметтік-экономикалық тұрғыда мәні зор өрлеулер мен алға басулар өміршең болып отырғанын тілге тиек етті. Елбасы нәтижелі әрі сәтті жүзеге асырып келе жатқан саяси қадамдардың барлығына халқымыз жұмылған жұдырықтай бірлесіп, аз уақытта еліміз биік деңгейге көтерілді, бейбіт өмірді, жарқын болашақты жақтауды басты алғышарт етіп ұстанатын қазақ елі бүгінгі барды сақтап, келешекте одан әрі қарыштау үшін әлемдік деңгейде әлдеқашан мойындалып, жоғары бағасын алған Тұлға - Н.Назарбаевпен бірлесе бет түзері даусыз, деді Н.Нығматулин өз сөзінде.

Форумға қатысушылар алдында демократиялық күштердің «Қазақстан - 2020» аталатын жалпыұлттық коалициясының мүшесі, «Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, «Қазақстан Халық банкі» директорлар кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» ХДП мүшесі Александр Павлов, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов, Президенттікке кандидат Н.Назарбаевтың Павлодар облыстық қоғамдық штабының төрағасы, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Арын, поляктардың «Полония» атты облыстық қоғамының төрағасы Виталий Свинцицкий, Бұқар Жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің қызметкері Любовь Васечко және тағы да басқа азаматтар сөз сөйлеп, Елбасының дара тұлғасы, тәуелсіздікті тұғырлы етудегі еңбегі, Қазақстанды әлемдік кеңістікке алып шығудағы ролі, елімізде ұлттар достығын нығайту және Ассамблея жұмысын жолға қою бағытындағы алар орны туралы атап көрсетті.

Мемлекет басшысының егемен әрі тұрақты, бейбітшіл Қазақстанды қалыптастырудағы ролі туралы жастар қауымы да айрықша тілге тиек етті. Тәуелсіздікпен түйдей құрдас жастар еліміз бұдан әрі де мақсат етіп алған гүлдену мен тұрақтылық жолында дами беретінін айтты. Өз халқының әл-ауқатын арттыру мәселесі – қашанда Елбасының назарындағы басты бағыттың бірі. Мұны еліміздің жастар қауымы да айрықша сезініп, қамқорлық-қолдауларға алғыстарын жаудырып отыр. Павлодар өңірінің патриот жастары атынан сөз алған Арыстанбек Солтанхан: «Осыдан тура жиырма жыл бұрын еліміздің егемендігін алған кезінде дүниеге келген түлектер бүгінде Қазақстан студенттері атандық. Біз, тәуелсіздік құрдастары, Елбасымызбен мақтанамыз. Тарихи отаныма оралып, оның өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне үлесімізді қосу зор жауапкершілік екенін жүрегіммен түсінемін. Қазақстан студенттерінің таңдауы – Тұңғыш Президент! Қазақстан студенттерінің таңдауы – кемел келешек! Біз Нұрсұлтан Әбішұлымен біргеміз! Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» - деді.

Айта кетелік, Павлодар өңіріндегі Форум жұмысына қоғам қайраткерлері – сенатор Қуаныш Сұлтанов, Мәжіліс депутаттары – Ирак Елекеев, Бекболат Тілеухан, «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Владимир Нехорошев, Қазақстан Азаматтық альянсының төрағасы Айгүл Соловьева, Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев, Қазақстан

Республикасы Президенті жанындағы Рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссия төрайымы Зинаида Федотова, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы төрағасының орынбасары, жазушы Бақытбек Смағұлов, Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының президенті Раушан Сәрсенбаева, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Қайрат Шәріпбаев, «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының журналисі Берік Уәлиұлы және тағы да басқадай тұлғалар қатысты.

Форум аймағымыздың ірі кәсіпорындарында өз жалғасын тапты. Шараға қатысушылар 2011 жылдың 3 сәуірі күніне белгіленген президенттік сайлауда қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасына бірауыздан қолдау көрсетуге шешім қабылдады. Қазақ елі тұғырлы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын айқын табыстармен, нәтижелі істермен, қарқынды дамумен қарсы алып отыр. Елімізде салтанат құрған ұлтаралық татулық пен келісім, достық пен түсіністік, жарқын өмірге деген ортақ мақсаттар төңірегіне топтасушылық – осының бәрі бүгінде әлем деңгейінде өз бағасын алған жағымды үрдістер. Экономиканы өрге бастыру арқылы Қазақстанның әлеуеті артты. Мұндай іргелі нәтижелерге, жемісті де жеңісті жолдарға Елбасы Н.Назарбаев айқын да нық бастап келеді. Дүниенің төрт бұрышы Қазақстан деген бейбітсүйгіш елді, тұрақтылық салтанат құрған мекенді, бірлікшіл халықты танып-біліп, қызыға қарап отыр. Осындай пікірді бүгін әрбір қазақстандық мақтанышпен айта алады. Тек айтып қана қоймай, солардың тұрақты әрі бекем болуын қалайды. Ол қалау – бүгінгі Елбасымен бірге ғана оң нәтиже байқата беретінін де тереңнен біледі. Облыста өткізілген Форум барысында Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева бастаған танымал өнер жұлдыздары, жергілікті өнерпаздар 3 сәуірдегі сайлауда халықпен бірге лайықты таңдау жасайтындықтарын білдіріп, жасампаздықты қалайтын қауымға концерттік бағдарлама ұсынды.

 

ӨНДІРІСШІЛЕР ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫН ТАҢДАЙДЫ

Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің бір тобы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесті. «Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев бастаған қолдаушы топ металлургтер алдында жалынды сөз сөйлеп, оларды ҚР Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидаттығын қолдауға үндеді.

Кездесуді ашқан «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ вице-президенті Жұмабек Қамзин жалпыұлттық коалицияның «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы бастамасымен құрылғанын атап өтті. Бүгінде коалиция құрамына елдегі тұрақтылық пен келісімді, ұлттық жаңаруды қолдайтын саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер біріккен. «Әділет» партиясының төрағасы М.Нәрікбаев еңбек жолын қарапайым металлург болып бастап, бүгінде әлем саясаткерлерінің назарын аударған Елбасыны бүкіл қазақ елі мақтан тұтатынын айтты. Кеңес одағы ыдыраған соң күйреп қалған экономиканы

қайта құру үлесі Нұрсұлтан Назарбаевқа бұйырды. Небары 20 жылдың ішінде ол өзіне халықтың артқан сенімін абыроймен ақтап қана қоймай, болашақтың берік іргесін қалады. Аз ғана уақытта тәуелсіз мемлекеттің елордасы - Астананың бой көтеруінің өзі неге тұрады? Алдағы уақытта да Қазақстанның алдында іргелі міндеттер, ұлан-ғайыр істер тұр. Бұл жолда толағай табыстарға Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен ғана қол жеткізе

аламыз. Бұдан кейін сөз алған Парламент Мәжілісінің депутаты Ирак Елекеев, «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Владимир Нехорошев, Қазақстанның ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл еліміздің ауызбіршілік пен саяси тұрақтылықтың арқасында қол жеткізген табыстарын атап өтті. Металлургтер кемел келешектің іргесін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге қалайтындығын мәлімдеді. «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ электр энергетикалық цехының қазандық машинисі Балғабек Әлежанов қазіргі Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған алюминий өндірісінде жұмыс істейтінін мақтан етеді. Зауыттың цех бригадирі Ұлан Әубәкіров Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік награда – «Құрмет» орденін алып, еңбегі жоғары бағаланғанын айтты. Мінбеге шыққан барлық жұмысшылар Ұлт көшбасшысын барынша қолдауға дайын екенін білдірді. Тәуелсіз еліміздің көркеюін шын ниеттен тілейтін зауыт жұмысшылары Елбасын қолдап, дауыс беруге әзір. Бұл – болашақта тәуелсіз еліміздің іргесін нығайтып, гүлденуін көксейтін әр азаматтың асқақ борышы.

 

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІҢ ӨЗ ӨКІЛІ

Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдаушылар қауымы – зиялы жұртшылық, мәдениет және өнер саласының майталмандары Павлодар қалалық Естай атындағы мәдениет сарайына жиналып, маңызды шара өткізді. Президенттіктен үміткер Н.Назарбаевтың Павлодар облыстық қоғамдық штабының төрағасы Ерлан Арын көпшілікке республикалық деңгейден келген мәртебелі қонақтарды таныстырды.

Шарада сөз алған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов сайлау науқанына қатысу әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы екенін айрықша атап өтті. Ол мемлекетіміздің әлемдік аренада бүгінгідей биік дәрежеге жетуі Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбегі екенін алға тартты. Саяси тұлғалар үміткердің сайлауалды бағдарламасының ұтымды тұстарын сөз етті. Елбасының сенімді өкілдеріне осылайша құрмет көрсеткен павлодарлықтар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханның Нұрсұлтан Әбішұлы жайлы айтқан жігерлі сөздерінен қайраттанып, оның орындауындағы термелерді ұйып тыңдады. Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Менің Қазақстаным» әнін әуелете шырқаған халық қалаулысы туындының шығу тарихы жайлы сыр шертті. Сонымен қатар, ұлт жанашыры Б.Тілеухан Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» термесін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

 

ЭНЕРГЕТИКТЕР – БАЯНДЫ БОЛАШАҚ ҮШІН

ҚР Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау мақсатында ұйымдастырылған форум энергетиктер қаласы Ақсуда жалғасын тапты. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин бастаған «Қазақстан – 2020» демократиялық күштер жалпыұлттық коалициясының мүшелері «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-да болып, кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті. Шараға, сондай-ақ, зауыт басшылығы қатысты. «Павлодар жұртшылығы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, ел дамуының қиын-қыстау кезеңдерінде Елбасының жанынан табыла білді. Аймақ бүгінде де өзінің өндірістік әлеуетінің, халқының еңбекқорлығының арқасында ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосуда. Болашақта нақ осылай жалғасатындығына сеніміміз мол. Бұл - барша халқымыздың тілегі», - деді Н.Нығматулин. Ұлтаралық келісім, елімізді мекендеген жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымақта, бірлікте өмір сүріп жатқандығы – тәуелсіз Қазақстанның үлкен жетістігі. Экономиканың қарқынды дамып, тұрғындар әл-ауқатының жыл санап жақсарып келе жатқандығы да - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Осының барлығы - Елбасының игі бастамаларының нәтижесі, дейді ақсулық энергетиктер. «Бүгінгі ұрпақтың өмірі, дәуір мен дәуір, ғасыр мен ғасыр алмасып, заман өзгеріп жатқан тұсқа тура келді. Бірақ біз, қазақстандықтар, үлкен қиыншылықтарды жеңіп, жаңа дәуірдің есігін аштық. Еліміздің ынтымағына қазір жер-жаћанның барлығы қызығып отыр. Егемендік алғалы мемлекетіміздің тұтастығын сақтап, өзге жұрт үлгі алатындай іргелі елге айналғандығымыз ақиқат. Бұл - ынтымақтың, Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесі, айрандай ұйыған ел бірлігінің арқасы. Біз үшінші сәуір күні ел, ұл-қыздарымыздың, ұрпағымыздың болашағы үшін дауыс береміз. Біз өз таңдауымызды жасадық. Біздің таңдау – Нұрсұлтан Назарбаев!», - дейді «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның электр слесарі Алексей Кононенко.

Шара соңында ақсулық энергетиктер үстіміздегі жылдың 3 сәуір күні өткізілетін сайлауда қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасына бірауыздан қолдау көрсететіндіктерін жеткізді. «Қазақстан – 2020» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының мүшелері Ақсу қаласының зиялы қауым өкілдерімен, оқушы, студент жастармен де кездесу өткізді.

«Сарыарқа самалының» тілшілер тобы.

 

 

ЖҰРТШЫЛЫҚ ОЙ-ПІКІРІ

 

Владимир ПОСТНИКОВ, «Әділет» демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

- «Қазақстан - 2020» атты демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясына кіре отырып, «Әділет» демократиялық партиясы еліміздегі тұрақтылықты, қалыпты даму үрдісін сақтауға, одан әрі өрлетуге маңыз беріп отыр. Бұл ретте, Қазақстанның дамудың бүгінгідей белесіне жетуіне Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі орасан зор. Бұл жөнінде партиямыздың төрағасы Мақсұт Нәрікбаев мырза да нақты атап көрсетті. Қазіргі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі шешімін біздің партия мүшелері қолдап, үміткер ретінде Елбасын таңдап алдық. Ол кісінің әлем алдындағы беделі, салмағы жоғары, әлемдік қауымдастықта алар бағасы зор. Тәуелсіздік алғаннан соң тұралаған экономиканы жолға қою, одан әрі дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру Елбасының көреген әрі салиқалы саясатының арқасында жүзеге асты. Тұрақтылық пен тыныштық, түсіністік мықтап орнаған мемлекетімізде қазір аса ірі жобалар, бағдарламалар қабылданып, іске асуда. Олардың да нәтижесі бүгінгі Елбасымен нақты өміршең болары даусыз.

 

Ғабдулманат АХМЕТОВ, «Қазақстан электролиз зауытының» АҚ көлік цехының механик-шебері:

- Біз, «Қазақстан электролиз зауытының» жұмысшылары, алдағы президенттік сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдаймыз. Өйткені, Елбасы жүзеге асырып отырған барлық дәйекті экономикалық реформалардың жемісін халық күнделікті өмірде көріп келеді, Тәуелсіз еліміз күннен- күнге көркейіп, дамып-гүлденуде. Қазақстанның дүние жүзіне танылғанына бәріміз куә болып отырмыз. Қазақстанда бұрын-соңды болмаған алюминий шығаратын зауыттың ашылуы да – Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі. Кандидатымыздың қажырлы еңбегінің, саясатының арқасында болашағымыздың баянды болатынына сенімдіміз. Сондықтан алдағы сайлауда біз, металлургтер бірлігімізді, ынтымағымызды көрсетуге тиіспіз. Біз Елбасымен бірге әркез биік белестен көрінуді көздейміз!

 

Бұлғын ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, №25 орта мектептің директоры:

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының басқаруындағы 20 жылда еліміздің әлеуметтік, экономикалық жағдайы артты. Уыздай ұйыған ынтымақтастық пен бірліктің арқасында мемлекетіміз белестерге көтерілді. Республика халқына басшылық жасап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев ұлт денсаулығын нығайту, парасатты ұрпақ тәрбиелеу, туған тілімізге қамқорлық жасау жұмыстарын жетілдіріп, ел ішіндегі саяси тұрақтылықты сақтауда жемісті еңбек етуде. Мемлекет басшысы: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп атап өткеніндей, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу жұмысына баршамыз үлес қосуымыз керек. Бүгінгі форумда осы аталғандар жайында сөз еткен Елбасының сенімді өкілдері Қазақстанның кемел келешегі кемеңгер басшының қолында екенін аңғартты. Біз Президенттің бастамаларын әрдайым қолдаймыз. Тұңғыш Президентіміздің жеңісі – барша қазақстандықтардың жеңісі

 

Болат НӘБИЕВ, «ЕЭК» АҚ жылу автоматика цехының электр слесарі:

- Өз отбасымның, кәсіпорын қызметкерлерінің атынан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Оның шебер саясаткерлігінің, кәсіби басшылығының арқасында біз, қазақстандықтар экономикасы дамыған, терезесі тең елде өмір сүрудеміз. Ел халқының қалтқысыз сеніміне ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінде мемлекетіміздің басты құндылығына айналған жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері арасындағы татулық пен ынтымақтастықты сақтап қала білді. Осы достықтың, бірліктің арқасында табысты мемлекет құрдық. Біз өз Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім білдіре отырып, әлі талай асуларды бағындырарымыз сөзсіз. Және бүгінгі таңдауымыз арқылы болашақ ұрпақтың бақытты болуын қамтамасыз етеміз.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26
28 29 30 31