ЕЛ ҚАЛАУЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Павлодар өңірінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне  кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау жөніндегі кеңауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Сенбі күні өңірімізге қарасты қалалар мен аудандарда осыған байланысты форумдар өтті. Аймақ тұрғындары Елбасына деген ерекше құрметтерін тағы бір мәрте танытты.

Екібастұз қаласы

Екібастұз қаласындағы «Өнер» мәдениет орталығында Елбасының кандидаттығын қолдауға байланысты екі мыңға жуық адамның басын қосқан форум өтті. Оған кандидаттың жергілікті сенімді өкілдері, қаланың құрметті азаматтары, кәсіпорын басшылары, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері, сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарының студенттері қатысты.

Тәуелсіз Қазақстанның өткен жиырма жыл ішінде бағындырған белестері мен ғажап жетістіктері Мемлекет басшысының есімімен тығыз байланысты. Мұны форумға қатысушылар бірауыздан атап көрсетті. Әлемдік қауымдастыққа кеңінен танылып, халықаралық ұйымдар алдындағы беделіміздің артуы Нұрсұлтан Әбішұлының еларалық қарым-қатынастағы асқақ абыройының арқасы екені де даусыз. Президенттікке кандидат Н.Назарбаевтың Екібастұз қаласындағы қоғамдық штабының төрайымы Ғалия Балтабекова, сенімді тұлғалар Самат Рамазанов, Раис Гайнуллин, Сергей Лепехин көпшілік алдында сөз сөйлеп, Елбасының халық алдындағы еңбектеріне тоқталды. Жергілікті этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері мен қаланың құрметті азаматтары, ардагерлер, кәсіпкерлер, басқа да қатысушылар жиналғандарды Мемлекет басшысының кандидаттығын қолдауға шақырды. 3 сәуірде өтетін ҚР Президентіне сайлауда ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасайық, көпшілік тілегі бір арнаға топтасатыны анық, деді қатысушылар.

М.ҚАПАНҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 31