ҚАШЫР АУДАНЫ

 

Қашыр ауданының Тереңкөл ауылында 500 адамның басын біріктірген шараға президенттікке үміткер Н.Назарбаевты қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Е.Губарев, сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттары, жастар бірлестіктерінің өкілдері мен тұрғындар қатысты.

Форумда аудандық мәслихат депутаты, аудандық қоғамдық штаб төрағасы Ә.Төрегелдинов, «Нұр Отан» ХДП Қашыр аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Әменова барша жұртшылықты үстіміздегі жылдың 3 сәуірінде болатын сайлауға бір адамдай атсалысып, Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға шақырды.

Жиналған жұртшылық «Біз – ел болашағы, жаңарған Қазақстан үшін және көпұлтты халқымыздың бақытты өмірі үшін дауыс береміз» деп ұрандатты. Қолдау шарасы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Г.ЖАЯБАЕВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 31