Облыс әкімі есеп берді

 

      Кеше IV сайланған облыстық мәслихаттың ХХVI сессиясы болып өтті. Сессияның күн тәртібінде қаралған маңызды мәселелердің бірі ретінде облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың ағымдағы жылдың жеті айында жеткен жетістіктер мен атқарылған жұмыстар ауқымына арналған «Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» атты тақырыпта есебі тыңдалды. Алқалы жиынға қалалар мен аудан әкімдері, қалалық және аудандық мәслихат хатшылары, атқарушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Отырыста аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері кеңінен сөз болды. Жеткен оң нәтижелерді одан әрі еселеуге бағытталған алда атқарылатын іс-шаралар жоспары да тілге тиек етілді. Облыстық мәслихаттың салалық тұрақты комиссия төрағалары аймақ басшысының жұмысына оң баға беріп, бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізді. Сонымен бірге сессияда 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет нақтыланды. Аталмыш жиын жөніндегі кеңейтілген материал газетіміздің келесі нөмірінде жарияланатын болады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31