ТОЛАЙЫМ ТАБЫСТЫҢ ТҰҒЫРЫ

      «Конституциялық құрылыс – Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен гүлденуінің кепілі». Осындай тақырыпты арқау еткен дөңгелек үстел шарасында саяси партиялардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің басшылары Ата Заңның мемлекетіміз үшін мән-маңызы жайындағы ойларын ортаға салды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова төрағалық етті.
      «Конституциялық құрылыс – Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен гүлденуінің кепілі». Осындай тақырыпты арқау еткен дөңгелек үстел шарасында саяси партиялардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің басшылары Ата Заңның мемлекетіміз үшін мән-маңызы жайындағы ойларын ортаға салды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова төрағалық етті.
      Әлия Қайратқызы тәуелсіз Қазақстанның жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған Конституциясы аса маңызды жаңарулар мен жаңғыруларға негіз, толайым табыстарға тұғыр болғанын бөле-жара атап көрсетті. Дербестік алған еліміздің өзіндік сара жолмен дамуына басты бағдар болған Ата Заңның арқасында көптеген игіліктер жүзеге асып келеді. Қазақстан демократиялық құндылықтар мен адам құқықтарын алдыңғы орынға қоя отырып, өркениеттің өріне қарай айшықты һәм сенімді қадамдар жасай алды. Нарықтық экономиканың тереңіне сүңгіп, әлемдік саяси сахнада өз орнын айқындай білді. Әсіресе, Ата Заң еліміздегі барлық ұлттардың бір шаңырақ астына тоғыса отырып, өзара татулық пен түсіністік шеңберінде тірлік кешуіне жол ашты. Негізгі Заң – Қазақстандағы бейбітшілікті, бірлікті, татулықты, тұрақтылықты сөзсіз қамтамасыз етіп келе жатқан аса маңызды әрі әлемдік деңгейде жоғары баға алған құжат. Азаматтардың білім алуы, денсаулығын нығайтуы, еңбек етуі, бостандықтары мен құқықтары – бәрі-бәрі Ата Заңда нақты көрініс тапқан. Мемлекетімізде жыл өткен сайын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына бағытталатын қаржы көлемі еселей артуда. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа әлеуметтік нысандар жұрт игілігіне берілуде. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, азаматтардың қамқорлықты қажет ететін топтарына көмек-қолдаудың деңгейі құлдыраған емес. Шәкірттер мен студенттердің тегін білім алуы, халықтың тегін медициналық көмек түрлерін пайдалануы секілді мүмкіндіктері қанатын кеңге жайып келеді. Міне, осының бәрі Конституцияда айшықталған маңызды нормалар арқылы мүмкін болып отыр.
Осы тектес мәселелерді тілге тиек еткен облыс әкімінің орынбасары Ә.Ғалымова еліміздегі саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар жұмысына да ерекше назар аударылып, маңыз беріліп отырғандығын атады. Бүгінде мыңдаған үкіметтік емес ұйымдар ел дамуының сан салалы бағыттарына белсене қатысып, өзіндік үлестерін қосып отыр. Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік тапсырыс негізінде түрлі бағыттарда қызмет көрсетуде. Олар өздерінің идеяларын, мүмкіндіктерін қоғам үшін жүзеге асырып келеді. Азаматтық қоғамды қалыптастыруда билік пен үкіметтік емес ұйымдар арасында бірлескен іс-қимылдар өз ауқымын арттыра түсуде. Тұтастай алғанда, соңғы жылдары еліміздің саяси және экономикалық өмірінде көптеген нәтижелі өзгерістер орын алды. Қазақстан әлемдік деңгейде жоғары бағаланған демократиялық және зайырлы мемлекет ретінде танылып, бүгінде ЕҚЫҰ секілді беделді ұйымға басшылық етуде. Мұның өзі Елбасымыз Н.Назарбаевтың және Ұлт көшбасшысын қолдаған бірлікшіл Қазақстан халқының орасан зор жеңісі ретінде аталады.
      Қазақстанның қарыштай дамуына Конституция нақты кепіл болып, мемлекеттік саясатты сәтті жүзеге асыруда барлық қоғамдық ұйымдар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» жұмыла түсуде. Жарқын болашақ, бейбіт тірлік, татулық пен достық, келер ұрпақтың алаңсыз қамы – барлығы да Ата Заң аясынан өрістеп отырған іс-қимылдың ортақ қағидасы.
      Әлемнің көшбасшы мемлекеттері Қазақстанды халықаралық кеңістіктегі сенімді әріптеске балайды. Біздің еліміз аса маңызды бастамаларымен осындай жоғары сенімге ие болуда. Елбасының бастамалары әлемдік деңгейде жоғары қолдауларды иеленіп келеді.
       Мұның бәрі дөңгелек үстел басындағы емен-жарқын әңгімеге арқау етілді. Шара барысында «Қылмыстық реформа және адам құқықтары мониторингі жөніндегі комитет» қоғамдық бірлестігінің басшысы С.Ковлягина, «Әділет» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары В.Постников, Қазақстан халқы Ассамблеясының Павлодар облысы бойынша төрағасының орынбасары, армян ұлттық-мәдени орталығының төрағасы К.Бадоян, кабардин-балкар және қарашай-черкес ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі М.Байрамкулова және тағы басқалары негізгі тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, маңызды мәселелерді қозғады.
      «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлиақпаров Ата Заңды ардақтау, құрметтеу, оның мазмұнын тереңнен түйсіну бағытындағы насихаттық жұмыстарды кең көлемде жүзеге асыру туралы әңгіме өрбітті. Конституциялық мәдениетті арттыру бойынша ауқымды істер атқарылуы қажеттігін нақты мысалдармен алға тартты.
      - Өкінішке қарай, еліміздің Негізгі Заңын, ондағы баптарды мемлекеттік қызметке тұрар алдында емтихан тапсырып, кейін лауазымға қол жеткізген тұлғалардың өздері білмей жататын жағдайлар бар екенін жасыра алмаймыз. Сонымен қатар жастар арасында Ата Заңды түйсіну, оның мазмұнын меңгеру жағы ақсаңқырап жатыр, бұған аса көңіл аударылмайды. Ата Заңды Қазақстанның әрбір азаматы қастерлеп, оқып-біліп, биікте ұстауы қажет, - деді өз сөзінде А.Әлиақпаров.
      Жиналғандар мұндай шараның көптеген мәселелер туралы ой бөлісуге, ортақ нәтижені арттыруға септігі мол екенін атап тарқасты.

Асыл ӘБІШЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30