«Сенің жемқорлыққа қарсылығың өте маңызды»!
Бірыңғай ашық есіктер күні өтті
«Сенің жемқорлыққа қарсылығың өте маңызды» атты жемқорлыққа қарсы республикалық аясында кеше «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалында мемлекеттік органдардың бірыңғай ашық есіктер күні өкізілді.
Шара мемлекеттік құрылымдардың қызметіне азаматтық бақылауды күшейту, сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету дәйектерін бұқараға жария ету және партияның халықпен өзара қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, сенімділік ортасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
«Нұр Отан» ХДП-ның партиялық бақылау инспекторы Қанат Жұмабековтың атап өткеніндей, жергілікті мемлекеттік мекемелердің осындай ашық есік шараларын жиі өткізу нәтижесінде партияның қоғамдық қабылдауларының жұмысын жақсарта түсуге мүмкіндік бар. Мұндай кездесулерге келген азаматтар өз мәселелерін мемлекеттік басқармалардың басшыларына тікелей жеткізеді. Ал мекеменің басшылық буынынан келген өкілдер өз кезегінде тұрғындардың арыз-шағымдарымен кеңінен танысып, халықпен арадағы қарым-қатынастарды нығайта түседі.
Бірыңғай ашық есіктер күніне облыстық прокуратура, ішкі істер департаменті, облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаменті, Павлодар облысы бойынша соттар әкімшісі, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық балық инспекциясы бөлімі, сондай-ақ Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, қалалық қаржы бөлімі мен білім беру бөлімдерінің өкілдері қатысты. Тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, мәселелерін шешіп беруге өтініш айтып келді. Арыз-шағымдардың көбісі қанағаттандырылды. Партияның облыстық филиалы мүшелерінің айуынша, мұндай шара түрі алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.
Мұрат АЯҒАНОВ.

