КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ

Қашыр ауданында республикалық «Балапан» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында Тегістік жалпы білім беретін орта мектебінде «Балауса» атты шағын орталық салтанатты жағдайда есігін айқара ашты. Мектеп директоры С.Байкенов ата-аналар қауымының қуанышына ортақтасып, игі тілектерін білдірді. Шағын орталықта Тегістік ауылының кішкентай тұрғындарының жақсы білім алуына жағдайлардың барлығы жасалған. «Балаларымыз бұл шағын орталықта білім нәрін тереңнен сусындап, жақсы тәлім-тәрбие алып шығатынына сенімдіміз», - деп ата-аналар да қуаныштарын жасырмады.

Шара барысында ауылдық округ әкімі Ж.Бейсебаев 1 – қазан – қарттар күніне орай ауыл ақсақалдары мен мектептің ұлағатты ұстазы М.Башированы құттықтай отыра сыйлықтарымен табыс етті.

Г.ЖАБАЕВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31