Бағдарламаның орындалуы талқыланды

Облыс орталығында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарла-масының қорытындылары мен перспективалары» атты бизнес-кеңес өтті. Аталмыш мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары мен бүгінгі күнге дейінгі қорытындылары сөз болған жиынға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Оспанов төрағалық етті.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен 30 млрд. теңге қарастырылды. Ал облыс бойынша аталмыш бағдарламаға 657,3 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 431,7 миллион теңге бөлінді. Қазіргі кезде банкілерде 13 млрд. теңге көлеміндегі қаражатқа 57 бизнес-жоба қарастырылуда.

Келер жылы жеке кәсіпкерлікті қолдауға республикалық бюджеттен 1,05 млрд. теңге қарастырылып отыр. Оның ішінде несиелерді кепілдеуге – 122,1 млн. теңге, пайыздық ставканы субсидиялауға 414 млн. теңге, валюталық несиелері бар кәсіпкерлікті қолдауға – 435,7 млн. теңге, сервистік қызметке – 35,8 млн. теңге, кәсіби байланысқа – 47 млн. теңге және индустриалды инфрақұрылымды дамытуға 730, 7 млн. теңге қарастырылған.

Павлодар облысы республикалық бағдарламаны жүзеге асыру және бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендер саны бойынша республикада көш бастап келеді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шарттары кәсіпкерлер үшін тиімді. Шағын және орта бизнеспен айналысамын деушілерге зор мүмкіндік туып отырғаны сөзсіз. Ниет білдірген кез келген шағын және орта бизнес өкілі өз ісін ашып, одан пайда таба алады. Алайда, орта бизнес өкілдері бағдарлама шарттарын дұрыс орындау мен бөлінген қаражатты игеру бойынша белсенділік танытпай отыр. Аймағымыздағы кәсіпкерлік салаларының мамандары бас қосқан жиында бұл туралы сөз қозғалды. Нақтырақ айтсақ, шара барысында бағдарламаға бөлінген қаржының баяу игерілуінің себептері жан-жақты талқыланды. Биылғы жылы бағдарлама аясында бөлінген қаржының 50 пайыздан төмен бөлігі игерілген екен. Жауапты сала өкілдері бұл тұрғыдан қателіктер туындамас үшін, оларды болдырмаудың себептерін анықтап, алдын ала тиісті шараларды іске асыру керек деген шешімге келді.

«Даму» қорының Павлодар филиалының директоры Исламбек Қайырбековтің айтуынша, ұсынылған жобаларды қолдау және субсидияларды кері қайтаруға құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі немесе олардың толық жиналмауы себеп болып отыр. «Кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығының» директоры А.Айтжанова өз баяндамасында орталық жүргізетін жұмыстарға тоқтала кетті. Ол орталықта кәсіпкерлерге түрлі курстар мен семинар-кеңестер өткізіп, заңгерлік көмек тегін түрде берілетінін жеткізді.

Павлодардың шағын және орта бизнесінің болашағы зор деуге негіз бар. Бүгінде республикалық бағдарламаға ауыл шаруашылық кешені мен кәсіпорындарды да тарту көзделіп отыр. Сондай-ақ жеңілдетілген несие алу, құжаттарды ресімдеу үрдісін қолайлы ету қарастырылмақ.

А.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 31