КЕЛЕШЕК ДАМУЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ Ақсулықтар Елбасы Жолдауын қолдау жөнінде салтанатты митинг өткізді

 

 

Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы бүгінде жұртшылық арасында қызу талқылануда. Жолдауда айтылған маңызды міндеттер мен тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған игі шаралардың өміршеңдігін болжап үлгерген павлодарлықтар бүгінде маңызы зор құжатты қолдау бойынша көпшілік шараларын ұйымдастыруда. Кеше Ақсу қаласында «Нұр Отан» ХДП жергілікті филиалының мұрындық болуымен салтанатты митинг өтті. Оған жергілікті соғыс және еңбек ардагерлері, Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының ұжымы, қала кәсіпорындары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері, этно-мәдени орталықтардың көшбасшылары, діни конфессиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ студенттер мен оқушылар қатысты.
Акцияға қатысушылар «Қазақстан, алға!» деп ұрандатып, өздерінің жаппай қолдауларын білдірді. Шара кезінде жарыссөзге шыққан азаматтар Жолдауда айтылған міндеттердің келешек дамуымызға кепіл болатынына айрықша тоқталды. Мемлекет басшысының Жолдау тапсырмалары жас ұрпақтың баянды болашағын қалыптастырып қана қоймай, елімізді халықаралық деңгейде биік белестерге жетелейтіні айқын. Зейнеткер Құсни Шақанова: « - Мен секілді көп балалы, зейнеткер аналар атынан Президентімізге зор алғыс айтамын. Қолдан келгенше жағдайымызды жасап, тұрмысымызды жақсартуға көп көңіл бөлуде. Елді дамытуға бағытталған нақты тапсырмалар, зейнетақының 30 пайызға көбейтілуі қай-қайсымыздың болмасын мерейімізді өсіреді. Жаңадан мектептер мен балабақшалар ашылып, білім саласын алға бастыруға көңіл бөлінуде. Елбасымыз аман болса, мемлекет ішінде әлі талай жақсылықтар орын алатынына сенімім мол», - деді.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмұқан Арынов еліміздің өркениетке жеткенін айғақтайтын жасампаз істердің жемісін халық бүгінде анық аңғарып отырғанына тоқталды. Аз ғана уақыт ішінде толағай табыстарды бағындырған елдегі экономикалық ілгерілеу, саяси тұрақтылық пен береке-бірлік - әлемнің басқа мемлекеттеріне үлгі. Бүгінгі Қазақстанды әлем Елбасы арқылы таниды. Ал Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкері Анатолий Тыченко ел экономикасын дамытуға бағытталған шаралардың қайта жалғасын табатыны, сондай-ақ  білім беру, денсаулық сақтау секілді әлеуметтік маңызды салаларға баса мән беріліп отырғанына ақсулықтардың аса қуанышты екенін тілге тиек етті. Зауыт жұмыскерлері атынан Жолдау міндеттерін қолдайтынын айтып, индустриялық даму бағдарламасының келешек қадамдарына сәттілік тіледі. 
Жиын барысында елдегі тұтастықты сақтап қана қоймай, бейбітшілік пен бірліктің кепілі бола білген Елбасы атына көпшілік ризашылықтарын жеткізді. Қазақстан халқы үшін аса маңызды құжат болып табылатын Жолдау бағыттары алдағы уақытта нәтижелі орындалатынына сенім білдірді.
Данияр ЖҰМАДІЛОВ,
Ақсу қаласы.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28