МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛДЫ

 

       Таяуда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Елубай Оразалинов, Аманқос Өтегенов Ақсу қаласының активімен кездесіп, “Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Жолдауы аясында республикада жүзеге асырылып жатқан игілікті істер жөнінде кеңінен баяндап берді.

       Алғашқы болып сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елубай Оразалинов бүгінгі таңда Жолдаудың шеңберінде елімізде атқарылып жатқан игі істерді әңгімелеп берді. Қазіргі уақытта «Жол картасы» бағдарламасы аясында белгіленген мақсат-міндеттер табандылықпен және нәтижелі іске асырылып жатқандығын мақтаныш сезіммен жеткізді. Мәжіліс депутаты кәсіпкерлікті дамыту үшін «Бизнестің «Жол картасы-2020» арнайы бағдарламаның бүгінде айтарлықтай жемісі бар екенін атап өтті. -Жалпы еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауқымды жобалар қолға алынуда. Жуық арада Павлодар облысында Президенттің қатысуымен электролиз  зауытының  екінші кезегі салтанатты түрде іске қосылды. Сондай-ақ Елбасының Жолдауына сәйкес Ақсу ферроқорытпа зауытында агломерат цехының алғашқы кезегі пайдалануға берілді. Павлодар облысындағы екінші жоба жүк вагондарын құрастыратын кәсіпорын болды. Өткен жылдарда нарықтық экономиканың негіздері қаланып, еліміз тұрақтылыққа қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан әлемнің 120-дан астам елімен жоғары дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Бүгінгі таңда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалықтың миссиясын мемлекетіміз аса зор жауапкершілікпен атқаруда. Бұл барша қазақстандықтар үшін жоғары мәртебе, - деді Елубай Оразалинов.

       Бүгінде «Жол картасы» аясында 37 жоба жүзеге асырылды. Жалпы республика бойынша аталмыш бағдарлама шеңберінде 3 мың 200 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Табиғи  қорлардың қалдықтарын өндіріске қайта тиімді пайдалану мәселені шешу қолға алынды, себебі, бұл кезек күттірмейтін проблемалардың бірі болып саналады.   

       Содан соң сөз сөйлеген мәжіліс депутаты Аманқос Өтегенов қаншама, қандай заңдар қабылданғаны жөнінде айтып берді. Кеден одағының маңыздылығын атап өтті. Оның құрылуы және одан әрі бірыңғай экономикалық кеңістіктің пайда болуы ұлттық экономиканы нығайта түсіп, халықтың тұрмыс жағдайын жоғарылататыны сөзсіз.

       «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның қабылданғаны  және «Тұрмыстық қатынастар туралы» Заңға кейбір өзгерістер, қосымшалар енгізілгені жөнінде тілге тиек етті. «Фермерлік шаруа қожалықтары туралы» Заң қаралып жатыр. 633 депутаттық сұраныс түскен болатын. Олар бойынша тиісті жұмыстар жасалды.

       Мәжіліс депутаттарымен кездесуді  қала әкімі Оразгелді Қайыргелдинов қорытындылай келе, Ақсу өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында болып жатқан игілікті істерді баяндап берді. Жаңа қазақ мектебі, емхана, полиэтилен құбырларын шығаратын зауыт пайдалануға берілгені туралы айтты. Сондай-ақ «Жол картасы» бағдарламасы аясында биыл Ақсуда бірталай игі шаралар қолға алынды, деді ол. Атап айтқанда, қалалық кітапханада, №4 орта мектепте, қарттар үйінде, мұрағатта  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

С.САҒЫНАЙ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31