ШЫҒЫННЫҢ ЖАРТЫСЫ ӨТЕЛЕДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында экспортқа бейімделген өндірістерді құру арқылы жаңа экономикалық белеске көтерілуді тапсырған болатын. Бұл орайда сыртқы нарыққа өнім шығаратын кәсіпорындарды ынталандыру жүйесі қолға алынды. Дәлірек айтқанда, «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі арқылы шетелдерге тауар экспорттаушыларға қаржылай көмектер ұсынылып отыр. Бұл туралы кеше облысымызға келген аталмыш агенттіктің экспортты дамыту бойынша департаментінің менеджері Мұхит Шыназаров кәсіпорын мамандарына егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

Бағдарлама шарты бойынша мемлекет компаниялардың сыртқа өнім экспорттауда жұмсаған шығындарының 50 пайызын өтейді. Қайтарымсыз көмек түрі тауарлық белгіні тіркеу және өнімді сертификаттау, шетелдік көрмелерге қатысу, экспорттық өнім шығаратын мамандарды оқыту, веб-сайт ашу, шетелдер нарығына маркетингтік зерттеулер жүргізу, экспорттық стратегия жасау сияқты бағыттарды қамтиды. Шетелде өкілдіктер ашқан кәсіпорындарға сол жақта офистер мен қоймаларды жалдау ақысының тең жартысы өтеледі. Сондай-ақ, отандық өнімдерді шетелдердің телеарналарында жарнамалауға төленген қаржы да жартылай қайтарылады.

-Былтыр қаржылай көмекті Павлодар облысынан тек екі кәсіпорын ғана пайдаланды. Олар - «Павлодар машина жасау» АҚ және «Нефтехим» ЖШС. Алайда, бұл аймақта экспортқа өнім шығаратын кәсіпорын жетерлік, олардың айналым қаржысын толықтыра алуға мүмкіндіктері бар, - деді М.Шыназаров.

Кездесуде облыстың белгілі кәсіпорын өкілдері экспортқа өнім шығаруда мемлекеттен берілетін көмек жөнінде барлық сауалдарға жауап алды. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі менеджерінің айтуынша, кәсіпорын шығындарының 50 пайызын өтеу мәселесі екі жылдан бері қолданылып келеді. Биыл өтініш қабылдау мерзімі ерте басталды. Ниет білдірген компаниялар құжаттары талапқа сәйкес болғанда бір айдың ішінде өтемақыға қол жеткізеді.

Н.ЖАЙЫҚБАЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31