ЖОЛДАУ ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

       Облысымызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауында айқындалған мемлекет дамуының басты бағыттары бойынша жұмыстар табысты жүзеге асырылуда. Бұл туралы кеше Шарбақты ауданында болған облыстық ақпараттық-нисихаттық топтың жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова мәлімдеді.

      Жалпы, аталмыш ақпараттық-насихаттық топтың құрамына енген облысымыздағы бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшылары ауданның алыс-жақын ауылдарына аттанды. Топ жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Ә.Ғалымова аудан орталығында жергілікті активпен кездесті. «Бүгінгі шара барысында Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында көрсетілген тапсырмалардың нәтижелеріне тоқталуды жөн көріп отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, Жолдауда ел экономикасын әртараптандыру және қарқынды индустриалды-инновациялық даму, білім беру, денсаулық сақтау салалары бойынша көрсетілетін қызмет түрін жақсарту, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық және әлеуметтік қорғау саласын, құқық қорғау жүйесін дамыту, ақпараттық сүйемелдеу сынды бес негізгі бағыттар айқындалған. Облысымызда осы бағыттардың әрқайсысы табысты жүзеге асырылуда», - деп атап өтті Ә.Ғалымова.
       Шынымен, облысымызда жоғарыда аталған бағыттар бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер баршылық. Мысалы, еліміздің қарқынды индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша аймағымызда жалпы құны 722 миллиард теңгеден астам 42 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде тоғыз жоба аймақтық индустрияландыру картасы бойынша қолға алынған. Қазірдің өзінде қарқынды жұмыс істеп жатқандары бар. Осылайша, өткен жарты жылдың ішінде инвестиция көлемі 70 миллиард теңгені құрайтын он екі жоба жүзеге асырылды. Ал алдымыздағы жарты жылдықта тағы он төрт жоба іске қосылмақ.
        Облысымызда өткен жылы бастау алған «Жол картасы» бағдарламасының игілікті істері жалғасуда. Оның аясында бірқатар инновациялық жобалар қолға алынып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыссыздыққа қарсы күрес, жастар практикасын ұйымдастыру сынды бағыттар бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ биыл, жыл аяғына дейін аймағымызда түрлі маңыздағы 167 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оның ішінде сегіз нысан Шарбақты ауданына тиесілі. Жалпы бұл мақсаттарға облысымызға 6 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

    Білім беру саласы бойынша биыл, Елбасының тапсырмасына сәйкес, аймағымызда «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру ісіне көп көңіл бөлінуде. Бұл ретте жыл соңына дейін облысымыздың жалпы білім беру мектептерінің негізінде барлығы 80 шағын орталықты іске қосу көзделіп отыр. Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін жекеменшік қолда болып, ғимараты басқа мақсаттарға қолданылып келген он бес балабақша қайта қалпына келтіріліп, тағы төрт мектепке дейінгі мекеменің аумағы кеңейтілмек. Онымен қоса, аймағымызда балабақшалар мен шағын орталықтарды ашу ісіне бизнес құрылымдарын жұмылдыру тәжірибесі қолға алынуда. Шағын мысал, ағымдағы жылдың маусым айында «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар қаласы әкімдігінің иелігіне жаңа балабақшаны сыйға тартқан болатын. Облыс әкімінің орынбасары Ә.Ғалымова бұл бағыттағы жұмыстарды мүмкіндігінше аудандарда да жүргізуге кеңес берді. Ал аймағымызда «Балапан» бағдарламасын кешенді түрде жүзеге асыру ісі ары қарай қарқынды жүргізілмек. Себебі, өкінішке қарай, облысымызда мектепке дейінгі мекемелер кезегінде тұрған бүлдіршіндер саны әлі де баршылық.
        Облыста денсаулық сақтау саласында да ілгерілеушілік байқалады. Оған ана мен бала өлімі көрсеткішінің азайғандығы дәлел бола алады. Сондай-ақ туберкулезге шалдыққандардың саны 12 пайызға азайған. Бұл – көңіл көншітерлік көрсеткіш.
       Кездесу барысында аймағымыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени, құқықтық даму барысын сөз еткен Ә.Ғалымова спорт, салауатты өмір салтын қалыптастыру саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше тоқталды.

***

       Сондай-ақ, ақпараттық насихат тобы Павлодар ауданына да жол тартты. Павлодар облыстық мәслихаттың хатшысы Р.Гафуровтың басшылығымен ақпараттық үгіт-насихаттық топ Павлодар ауданының Красноармейка ауылында болып қайтты. Насихаттық жұмыс жүргізгендер қатарында Павлодар ауданының әкімі Т.Бастенов және Красноармейка ауылдық округінің әкімі С.Бөлемісов болды.
       - Бүгінгі біздің кездесуіміз ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналады. Бұл мереке - халқымыз үшін тарихи маңызды. Конституция Қазақстан халқына саяси күрделі белестерден, экономикалық және әлеуметтік қайта құру кезеңдерінен өту кезінде тәуелсіз демократиялық мемлекет құруға жол ашты, - деді Павлодар ауданының әкімі Т.Бастенов өз сөзінде.
       Ақпараттық топ мүшелері Красноармейка ауылдық округінің тұрғындарын алдағы айтулы мерекемен құттықтап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауының жүзеге асуын сөз етті. Красноармейка ауылының тұрғындары көкейлерінде жүрген сауалдарының жауабын тапты. Атап айтсақ, ауыл тұрғындары аймағымыздың экологиялық жағдайы туралы сұрақтар қойып, ауылдық жердегі жедел көмек көрсету көлігінің жоқтығын баса айтты.
       Жиын соңында Красноармейка агротехникалық колледжінің директоры Т.Әріпбаев халық қалаулыларына алғысын білдірді.  

Данияр ЖҰМАДІЛОВ,
Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30 31