Қашыр ауданында Елбасының тікелей ықпалымен жүзеге асырылып отырған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша еңбек етуге келген мамандармен кездесу өтті. Оған аудан әкімі Болат Бақауов қатысты.
Шара барысында аудан басшысы ауылдық жерде қызмет етуге ниет білдірген жастар қауымына тұрғын үйге иелік ету үшін бюджеттен бір жолғы жәрдемақы 890 мың теңгені құрап, 15 жылдық мерзімге 0,01 пайыздық несие берілетіні және басқа да жеңілдіктер туралы айтты. Денсаулық, білім беру, мәдениет салаларында жұмыс істеуге келген жас мамандардың бірқатар сауалдарына аудан әкімі тұшымды да толыққанды жауап берді.
Г.ЖАЯБАЕВА.

