Даму жоспары қаралды

Кеше облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен мәжілісте Павлодар облысының аумақтарды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Бағдарламасының жобасы қаралды.

Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Г.Давдрикова әзірленіп жатқан бағдарламаның негізгі бағыттарымен таныстырды.

 

асының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында және стратегиялық мәліметтер мен аймағымыздың алдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары негізінде әзірленіп жатқанын хабардар етті.

«Бағдарлама облысымызда негізгі құжат болып табылады және бұған дейін қызмет еткен ондаған аймақтық бағдарламаларды алмастырады» деп атап өтті ол.

Бүгінгі күні Бағдарлама жобасымен ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне қарасты экономикалық зерттеулер институтының мамандары айналысуда. Бағдарлама құрылымы 8 бөлімнен тұрады. Оның құрамына ағымдағы жағдайды талдау, аймақтың даму болжамы, негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері еніп отыр. Сонымен қатар жеке блоктармен бағдарламаның қойылған мақсаттарына жету, оны жүзеге асыру кезеңдері мен қажетті ресурстар және басқару жолдары көрсетілген.

Бағдарламаның негізгі мақсаты халықтың өмір сапасы мен әл-ауқатының деңгейін арттыру болып табылады.

Құжатта төрт басымды бағыт анықталған. Олар: аймақ экономикасының, әлеуметтік сала мен адам капиталының, инфрақұрылым кешенінің және аумақтық құрылымның дамуы.

Бағдарламаның түпкі мәселесі аймақтың үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы болып табылады. Мұнда өнеркәсіптік және агроөндірістік кешенді жаңғырту және әртараптандыру міндеті қойылып отыр. Құжаттағы әлеуметтік даму мәселелеріне ауқымды блок арналды. Әрбір бағыт бойынша нақты мақсаттар мен мақсатты индикаторлар қойылып отыр.

Сөз соңында Г.Давдрикова осындай бағдарламалар қалалық және аудандық деңгейде де әзірленіп, бекітілетінін атап өтті.

Бұдан кейін тиісті салалық басқармалар бастықтары облыс әкіміне өз құрылымдарындағы негізгі міндеттер мен мақсатты индикаторлар жайында баяндады.

Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев жиынды қорытындылай келе, жуық арада аймақтың бас құжатының әр бағытын зерделеп, барлық түйткілді мәселелерді есепке ала отыра шешім қабылдау керектігін атап өтті.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 24 25 26
27 28 29 30