Облыс әкімдігінде
Өткен сенбі күні облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев «Баспа, телевизия және радио күніне» орай аймақтағы журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, бірқатар журналистерді салтанатты түрде Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапаттап, грант тапсырды.
Кәсіби мереке қарсаңында аймақ басшысының Құрмет грамотасымен және грантымен өңірдегі мемлекеттік бағдарламаның даму барысымен республика жұртшылығын тұрақты таныстырып отырғаны үшін «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Павлодардағы меншікті тілшісі Болат Аманбаев, шығармашылықтағы шеберлігі үшін «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі Сергей Горбунов және ұзақ жылғы ерен еңбегі үшін «Голос Экибастуза» газетінің редакторы Галина Никифорова марапатталды.
Облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және грантымен республикалық «Қазақстан» телекомпаниясы акционерлік қоғамының Павлодардағы филиалының аға редакторы Александр Гаммер («Уақыт-керуен» ақпараттық-шолу бағдарламасы үшін), «Ирбис» телекомпаниясының жаңалықтар қызметінің тілшісі Тимофей Голев (аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көтергені үшін), «Хабар» телеарнасының операторы Марат Игіліков (кәсіби шеберлігі үшін), «Караван» газетінің меншікті тілшісі Ризабек Исабеков (өзекті мәселелерге қалам тартқаны үшін), «Новое время» газетінің тілшісі Тамара Карандашова (оқырмандарды аймақтың мәдени өмірімен тұрақты таныстырып отырғаны үшін) және баспасөзде ауыл тынысын айшықты көрсете білгені үшін Павлодар аудандық «Заман тынысы» газетінің редакторы Роза Мұстафина марапатталды.
Жыл сайын тағайындалатын облыс әкімінің арнайы грантына «Қазақстан-Zаmаn» газетінің меншікті тілшісі Жұмабек Сманов, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Гүлжайна Түгелбай, «Версия» газетінің тілшісі Тамара Абубакарова, облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің шолушысы Екатерина Бескорсая, республикалық «Айқын» газетінің меншікті тілшісі Бейбіт Бөжен, «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі Ғабит Бөкенбайұлы, Ресейдің «Фото ИТАР-ТААС» ақпараттық арнасының Қазақстандағы меншікті тілшісі Владимир Бугаев, «Городская неделя» газетінің тілшісі Евгения Бодрова, «Регион.kz» газетінің тілшісі Анастасия Брец, республикалық «Қазақстан» телекомпаниясы акционерлік қоғамының Павлодардағы филиалының жетекші инженері Сергей Залата, «КТК» телеарнасының меншікті тілшісі Игорь Казанцев, «СТВ» телеарнасының операторы Алексей Омельницкий, «Фокус» газетінің меншікті тілшісі Марина Попова, «Наша жизнь» газетінің тілшісі Сергей Романовский, облыстық радионың комментаторы Әсемгүл Сәрсенова, «7-ші» арнаның меншікті тілшісі Аида Хамзина ие болды.
Аймақтағы белсенді журналистерді марапаттау мұнымен ғана шектелген жоқ. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің редакторы Юрий Поминовты, ал Алғыс хаттарымен «Версия» газетінің тілшісі Альфия Ташимованы және республикалық «Қазақстан» телекомпаниясы акционерлік қоғамының Павлодардағы филиалының редакторы Құралай Рахымжанованы салтанатты түрде марапаттады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

