АУЫЛҒА ҚЫЗМЕТКЕ КЕЛ, ЖАС ҚАЛАМГЕР

Өткен бейсенбіде облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы болды.

 

Ертіс, Успен, Железин, Қашыр аудандарының әкімдері В.Левченко, Н.Әутәліпов, Ж.Шұғаев, Б.Бақауов, облыстық білім беру, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармаларының бастықтары Б.Бексейітова, Т.Жайлин күн тәртібіндегі мәселеҚазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңды және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша есеп берді. Мемлекеттік мекемелерге түсетін кіріс, шығыс құжаттардың қазақ тілінде болуының, қызметшілердің мемлекеттік тілді оқып-үйренуінің көрсеткіштері талқыланды.

Ертіс ауданында мемлекеттік тілді оқып-үйренуге қаржы аз бөлінген. Бұл ауданда кітапханаларды қазақ тіліндегі әдебиеттермен толықтыруға жете мән берілмегеніне, оған жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылмағанына сын айтылды.

Қазақ кітаптарының аздығы есеп берген басқа аудандарға да тән болуда. Кітапты әшекей үшін емес, білім алуға пайдалы жағын ескеріп, таңдағаны дұрыс делінді.

Железинка ауданы бойынша есепті талқылаған кезде отырыста қазақ тілін үйренудегі тағы бір сөз қозғалды. Олауданның қазақ газетінің болмауы мәселесі. Облыс аудандары мен қалаларында төрт қана қазақ газеті бар. Қалған аудандар қазақ тілінде шығатын қосымша беттермен ғана шектелуде.

Отырыста айтылғандай, мемлекеттік қызметшілер тілдерді дамыту заңын орындауда игі істерімен өзгелерге үлгі-өнеге болуға тиіс. Облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы М.Әбдірахманов өңір білім саласындағы басшы қызметкерлердің өздері жиналыстар өткізгенде қазақ тілінде сөйлеуге мән бермейтініне реніш білдірді.

Отырысты облыс әкімі Б.Сағынтаев қорытындылады. Жақында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының он алтыншы сессиясында Елбасымыз елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданылу аясын кеңейту қажеттігіне баса назар аударды. Біз осы бағытта талап деңгейінен көрінуіміз керек. Облыс әкімі айтқандай, аймағымызда тілдер туралы заңды орындауда ілгерілегендік бар. Бірақ қарқыны баяу.

-Алдағы жылыбіз үшін үлкен мереке, деді облыс басшысы. Олеліміз тәуелсіздігінің жиырма жылдығы. Осы мерейтойды тілдерді дамытудағы жетістіктерімізбен қарсы алуымыз керек. Облыстық мәдениет, білім беру, ішкі саясат басқармалары бұл бағыттағы жұмыс жоспарын жасауы қажет. Тапсырмаларды ойдағыдай жүзеге асыру үшін бюджеттен қаржы бөлінуге тиіс.

Облыс әкімі тәуелсіздік алғаннан кейін жиырма жылға жуық уақыт ішінде аудандардың көбінде қазақ тілінде газеттер шықпайтыны үлкен кемшілік екенін айтты. Осы олқылықтың орнын тез арада толтыру қажет. Ауданның қазақ газеті болса, оқырманның рухани дүниесін байытумен бірге мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуде үлесі мол болатыны айқын. Отырыста аудандық қазақ газетін шығаруға байланысты шұғыл тапсырма берілді. Бұл мақсатқа келер жылдың бюджетінен тиісті қаржы бөлінеді. Журналист кадрларымен қамтамасыз ету жағына тоқталсақ, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті бұл мәселені оң шешуге атсалысатыны айқын. Сонымен бірге қазірде бұқаралық ақпарат құралдарында шығармашылық жолын бастаған, әзірге қатардағы қызметкер жастар редактор болып, облыс аудандарында қазақ газеттерін ашып жатса, осынысымен еліне, тіліне деген сүйіспеншілігін нақты іспен дәлелдеп жатса, нұр үстіне нұр болмақ, деп түйді өз ойын облыс басшысы.

 

Ө.ТАСТЕМХАНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 31