МАРҒАУ ЖАТҚАНҒА ОҢ ТҰРМЫС ЖУЫМАЙДЫ!

Аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаевтың аудандарға жұмыс сапарының нәтижесін қорыту, маңызды мәселелер мен мақсат-міндеттерді сараптау, сапар бойынша нақты тапсырмалар беру облыстық әкімдікте ұйымдастырылатын арнайы мәжілістердің күн тәртібіне айналғанына біраз болды. Бұрнағы күні осындай жиында Ақтоғай ауданының әкімі Манап Көбенов есеп берді. Облыс әкімі бұл ауданға осыдан бірер апта бұрын жұмыс сапарымен барған болатын. Сол кезде Бақытжан Әбдірұлы аудан басшылығына бірқатар нақты міндеттер жүктеп, оларды жүзеге асыруды, қалыптасқан мәселелерді оң шешудің жолдарын қарастыруды тапсырған еді.

М.Көбенов өз есебін ауданның дамуына қатысты жоспарлардан, өңірдің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерінен бастады. Алдағы жылдары аудан егістік алқаптарының көлемін ұлғайтпақшы. Мысалы, 2011 жылы аудан бойынша бидай өнімдерінің егістік алқабын 5 мың гектарға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бүгінде суармалы егістік алқабының көлемі 416 гектарды құрайды. Бұдан былай аудан басшылығы бұл көрсеткішті шаруашылықтардың көмегімен жыл сайын 200 гектарға арттырып отырамыз дейді. Осылайша, үш жылда суармалы алқаптың ауқымын 1 мың гектарға дейін жеткізбекші. Дегенмен М.Көбенов Ақтоғай ауданының негізгі кәсібі мал шаруашылығы екендігін, сондықтан да аграрлық шаруашылықтың дамуына соншалықты кең өріс жоқтығын да тілге тиек етті. Есесіне, ауданда жайылымдық жердің көлемі мол - шамамен 600 мың гектарды құрайды. Осыны ескере отырып, аудан басшысы егіншіліктен гөрі басты назарды мал шаруашылығын дамытуға аудару қажет деген ойын алға тартты. Бұл үшін әлі талай ауқымды жұмыстар жасау керек. Ауданда етті мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бар. Бірқатар ауылдарда мал өсіру орындары салынады деп жоспарланыпты. Түйгеніміз сол, ауданда асыл тұқымды мал өндірісі мықтап қолға алынбақ. Алайда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бауыржан Қасенов аудан әкімінің бұл пайымымен келіспейтіндігін жеткізді. Оның айтуына қарағанда, ауданда егін шаруашылығын дамытуға кең өріс жоқ деу - бекершілік. «Ақтоғайдың егін шаруашылығы дамыған басқа аудандардан еш кемдігі жоқ. Су қоры жеткілікті, жер құнарлылығы да жақсы, географиялық орналасуы қолайлы, елдімекендердің негізгі бөлігі тас жолдың бойында орналасқан. Тек құнарлы жерлерді толық деңгейде игеруге күш салу керек. Мысалы, бұл мәселеде ауданға инвесторларды тартуға әбден болады. Өкінішке қарай, әзірге инвестиция көлемі өте аз. Онымен қоса, ірі шаруа қожалықтарының аздығы да аграрлық шаруашылықты дамытуға кедергі келтіріп отыр», - дейді Б.Қасенов. Бұл ретте М.Көбенов құнарлы жерлердің бәрін толықтай игеруге жергілікті шаруалардың қауқары жетпейді, мүмкіндіктері төмен деген уәжді жеткізді.

Мәжіліс барысында ауыл шаруашылығы саласы бойынша нақты ұсыныстар да айтылды. Мысалы, ауданда сүт, ет өнімін өндіру ісін дамыту жолдары сөз болды. Онымен қоса, Ақтоғай ауданына қарасты Шолақсор ауылының аумағында көкөніс өсіруді қолға алуға болады дейді мамандар. Бұған қажетті су қоры жеткілікті. Ауыл маңынан шағын өзен ағады. Жер құнарлығы да жақсы. Елді мекен тұрғындары кезінде мұндай кәсіппен айналысқан, яғни тәжірибе бар. Мұның өзі тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал етер еді. Және қырыққабат, сәбіз сынды басқа да көкөніс өнімдерін облыс орталығынан тасымалдаудың қажеті болмайды. Б.Қасеновтың айтуынша, ол үшін шамамен15 миллион теңге көлемінде қаражат керек.

Облыс әкімінің ауданға сапары барысында «Ақтоғай-Агро» шаруашылығына қарасты 8,5 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы ашылғандығы белгілі. Енді аудан бұл бағыттағы жұмысты ары қарай тереңдете дамытпақшы. Атап айтар болсақ, алдағы жылдары түрлі сұрыптағы картоп өнімдерін шығару ісі жолға қойылады деп көзделіп отыр.

Облыс әкімі Б.Сағынтаев аудан басшылығына шағын кәсіпкерлікті барынша дамытуды тапсырды. Қазіргі уақытта аталмыш бағыт бойынша көрсеткіштер мәз емес. Мысалы, аудандағы он үш ауылдық округтің тек төртеуінде ғана шаштараз қызметін көрсететін нысан бар екен. Ал қызметтің бұл түрі әрбір ауылдық округте болуы қажет. Онымен қоса, киім-кешек тігу, аяқ киім жөндеу, кондитерлік өнім дайындау сынды цехтарды да ашуға мүмкіндік жоқ емес. Ауданда шағын кәсіпкерлікке кең өріс ашу арқылы жұмыссыздықты жоюға да жол ашылар еді. Өкінішке қарай, әзірге мұндай талпыныстың жұрнағы да байқалмайды. Оның нақты себеп-салдарлары беймәлім күйде. Бұл ретте аудан басшылығы тарапынан қолдау көрсету аз, немесе тұрғындардың еңбектенуге ниеті жоқ деген екі тарапты ойға қаласың. Жергілікті билік пен халық бүгінде «сен маған тиіспе, мен сені мазаламаймын» деген ұстаныммен жүрген сыңайлы. Аудандық билік «Басы артық мәселелерге бас қатырып қайтеміз» деуі де мүмкін, нәтижесінде тек тұрмысы төмен отбасыларға еш ың-шыңсыз тиесілі әлеуметтік төлемдерін беріп отырғанды ыңғайлы санар. Ал жұмыссыз тұрғындар масылдықтан арылмай, мемлекеттік жәрдемге алақан жайып отыра бергенді теріс көрмейді. Облыс әкімі Б.Сағынтаев мұндай жайбасарлықтың, масылдықтың ауылы алыста қалуы қажеттігін қадап айтты. «Ауылдарда сұранысқа ие болатындай бірқатар кәсіп түрлерін ашуға болады. Ол аса көп қаражатты да талап етпейді. Қазынадан әлеуметтік салаға бөлінетін қаржының бір бөлігін шаштараз, түрлі цехтар секілді шағын кәсіпкерлік нысандарын ашу үшін жұмсауға болады. Сонда барлық жұмыссыздарға кәсіп табылар еді. Тек ынта қойып, жағдай жасау керек», - деді аймақ басшысы.

Білім беру бойынша он бір мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл бағыттағы шаралар алдағы екі жылға жоспарланып отыр. Жұмсалатын қаржының басым бөлігін аудан бюджеті өзі көтермек. Қажетті қаржының біраз бөлігін облыстық бюджеттен аламыз деп орталыққа үміт артып отырса керек. Сондай-ақ білім ордаларының материалдық-техникалық базасын жаңартуға да біршама қаражат керек.

Атап өтерлігі, ауданда бүлдіршіндердің 77 пайызы мектепке дейінгі мекемелер қызметімен қамтамасыз етілген. Облыстық білім беру басқармасының бастығы Бақыт Бексейітованың айтуына қарағанда, бұл - өткен жылдардағы жағдаймен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш. Қазір Ақтоғай ауданында екі балабақша және жиырма шағын орталық жұмыс істейді.

Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша ақтоғайлық түлектердің қол жеткізген орташа көрсеткіші 79,9-ды құрады. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен он балға кем. Мамандар мұны ұстаздардың кәсіби деңгейінің төмендігінен дейді. Аймақ басшысы бұл олқылықты қалай да түзетуді тапсырды.

Бірқатар ауылдардағы мәдениет ошақтары талай жылдан бері жөндеу көрмеген. Ал жарты мыңға жуық тұрғыны бар Ивановка ауылында мәдениет нысаны мүлде жоқ. Есесіне, ауданда денсаулық сақтау саласы бойынша көрсеткіштер көңіл көншітерліктей. Бала өлімі көрсеткіші төмендеген. Ал дүниеге келген сәбилер саны артып отыр. Туберкулезге шалдыққан тұрғындар саны айтарлықтай қысқарған. Жалпы, жыл басынан бері аталмыш сала бойынша ауданға 188,4 миллион теңге бөлінген. Дегенмен, өзекті мәселе де жоқ емес. Мысалы, бүгінде отыздан аса елді мекеннің тек жетеуінде ғана дәріханалық бөлімшелер жұмыс істейді. Әзірге қалған ауылдар үшін жылжымалы дәріханалар қызмет көрсетуде. Аудан әкімі жақын болашақта барлық елді мекендерде өз дәріханалары болады деп сендірді. Қазір қажетті құжаттар әзірленіп, басқа да дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жаңабет, Балтасап сынды тағы бірқатар ауылдарда ауыз су мәселесі өзекті тұр. Аталмыш елді мекендерге таза сумен қамтамасыз етуге арналған кешенді блок модуль тұрғызу үшін 60 миллион теңге көлемінде қаражат керек. Онымен қоса, кейбір ауылдарда су құбырын тарту ісін қолға алу мәселесі тұр.

Аймақ басшысының ауданға сапары барысында тұрғындар тарапынан көтерілген тағы бір аса өзекті мәселе - жолдардың күрделі жағдайы. Бұл бағытта да ауданмен алдағы жылдарға бірқатар жұмыстарды жүзеге асыру жоспарланған. Атап айтар болсақ, Ақтоғай-Шолақсор бағытындағы тас жолдың 51 шақырымдық бөлігін жөндеуден өткізу көзделіп отыр. Қазіргі кезде он бес шақырым жолға жобалық-сметалық құжаттар әзірленген. Ендігі мәселе қаржыға тіреліп тұр.

Жалпы, ауданда алдағы екі жылда 285 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. 415 уақытша жұмыс орындары ашылмақ.

Облыс әкімі Б.Сағынтаев тиісті департамент, басқармалар басшылары мен Ақтоғай ауданының әкімі М.Көбеновке мәжіліс барысында айтылған барлық ұсыныстарды жүзеге асырудың жолдарын бірлесе қарастырып, анықталған мәселелерді де бірлесе шешуді тапсырды.

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30