ҰЛТТЫҚ ЖОБА

мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмысын жақсартпақ

Елімізде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау және тұрмысын жақсарту бойынша көп жылдық ұлттық жоба әзірленуде. Бүгінде аталмыш жоба әр аймақта қоғам талқысына түсуде. Осы орайда облыстық әкімдікте мүгедек жандардың ісі жөніндегі облыстық кеңестің отырысы ұйымдастырылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова төрағалық етті.

Мәжіліс барысында әлеуметтік салада қызмет ететін мемлекеттік органдар басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері нақты ұсыныстарын ортаға салды. Бірінші кезекте, мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін әлеуметтік төлемдердің көлемін ұлғайту мәселесі сөз болды. Сондай-ақ қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету ісін жетілдіре түсу қажет. Себебі қазіргі кезде еліміздің заңнамасына сәйкес, мүгедек арбалары арнайы мемлекеттік тапсырыс бойынша алынады. Яғни, барлық мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бірдей үлгідегі арбаларға тапсырыс беріледі. Олардың сапасы да өз деңгейінде бола бермейді. Ал тәжірибе көрсеткендей, мүмкіндігі шектеулілердің әрқайсысына өздеріне лайықты мүгедек арбалары қажет. Бұл ретте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Владимир Берковский аталмыш арбалар денсаулық сақтау саласы, оның ішінде дәрігерлік бөлімшелер арқылы таратылсын деген ұсынысын білдірді. Сонда әрбір мүмкіндігі шектеулі жан өзіне лайықты арбаға тапсырыс бере алады.

Білім беру саласы бойынша да шешімін күткен мәселелер баршылық. Мысалы, облысымыздағы 720 білім беру мекемелерінің тек 42-сінде ғана мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар орнатылған. Тағы бір өзекті мәселенің бірі - аймағымызда көру қабілеті нашар балаларға арналған мектеп интернатының жоқтығы. Осының салдарынан қазір павлодарлық оқушылар көршілес облыстарға барып білім алуға мәжбүр. Мәселе мұнымен шектелмейді. Бүгінде бірқатар жалпы білім беру мектептерінде психикалық даму деңгейі нашар балалар үшін арнайы сыныптар ашылған. Бірақ оларға арналған оқу құралдары мүлде жоқ.

Мәжіліс барысында айтылған осы және басқа да мәселелер жоғарыда аталған ұлттық жобаға ұсыныс ретінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберілмек.

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31