Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің басқарма төрағасы Эдуард Огаймен кездесті. Жүздесу барысында Эдуард Огай еліміздің 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасына енген Бозшакөл кен-байыту комбинаты құрылысы жобасының жүзеге асырылуы жөнінде ақпар берді.

Корпорацияның басқарма төрағасы хабарлағандай, қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, қажетті топографиялық, геологиялық барлау және инженерлік іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Техникалық-экономикалық негіздеуді 2011 жылы толықтай аяқтап, комбинат құрылысын бастау 2012 жылға жоспарланып отыр. Полиметалл рудаларының кен орындарын әзірлеу 2015 жылы басталады.

Тау-кен байыту комбинатын іске қосуоблыста мыс өндіру саласының дамуына бастау болып, металлургиялық қуаты 40 жылға жететін шикізатпен қамтамасыз ететін болады. Кәсіпорын құрылысы кезеңінде мұнда 4500 жұмыс орны ашылып, іске қосылған уақытта 1500 адам жұмыс істейтін болады. Кеніштің жылдық өнімділігі 25 млн. тоннаны құраса, ал фабрика 100 мың тонна мыс концентратын шығарады деп күтілуде.

Сондай-ақ кездесу барысында 2009 жылғы қарашада «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-мен қол қойылған өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында қазақстандық үлесті арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.

Ағымдағы жылдың басынан бері аймағымыздың тауар өндірушілерімен компанияның қажеттіліктері үшін жалпы құны 3,9 млрд. теңгені құрайтын тауарлар жеткізіліп, тиісті жұмыстар мен қызметтер көрсетілді.

Нәтижесінде келесі жылдың басынан қазақстандық үлесті одан әрі ұлғайту аясында аталмыш меморандумның жүзеге асырылу қорытындылары мен жаңа инвестициялық жобаларды қолдау бойынша іс-шара өткізу жөніндегі келісімге қол жеткізілді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31