САЛЫКШЫЛАР СЕНIМДI АКТАУДА

 

     Кеше еліміздің салық органдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Осыған орай, Павлодар облысы бойынша салық департаментінде салтанатты жиыналыс ұйымдастырылды. Жергілікті салықшыларды құттықтау үшін шараға арнайы облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев келді.
     Биыл Қазақстан республикасының салық қызметіне 19 жыл толып отыр. Аталмыш орган бүгінгі күнге дейін талай өзгерістерді басынан өткеріп үлгерді. Мысалы, еліміздің дамуы мен заман ағымына сай құрылымның қызметтік міндеттері толыға түсті. Бұл ретте тек салықтық міндетті төлемдерді жинап, бақылап қана қоймай, күрделі мәселелерді жедел, әрі сапалы шеше алатын, заманауи тұрғыда ойлай білетін қызметкерлерді топтастыру арқылы органның кадрлық әлеуетін арттыру, қажетті материалдық-техникалық базасын құру, жемқорлықтың алдын алу және болдырмау шараларын қарқынды, тиімді жүргізу сияқты міндеттер жүктелді. Және бұл міндеттердің табысты жүзеге асырылғандығын атап өткен жөн.
     2010 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша облысымыздың салық органдары республикада бірінші орынды иеленген. Ал жарты жылдық көрсеткіштері бойынша үздіктер қатарында келеді. Сондай-ақ аталмыш орган өткен жылы ел қазынасына 103 миллиард теңге кіріс түсірген. Ал жергілікті бюджеттің пайдасына 44 миллиард теңгеден астам қаржы құйылды. Бұл - он жыл бұрынғымен салыстырғанда шамамен бес есеге жоғары көрсеткіш.
     Осылайша, павлодарлық салықшылар белгіленген түсімдерді жоспардан асыра орындап келе жатқан жайы бар. Бұл ретте шағын және орта бизнес өкілдерінің үлесін атап өткен жөн болар. Олар бүгінде экономиканың барлық дерлік салаларында жұмыс істейді. Облыстық салық департаментінің бастығы Қалил Абдуллаевтың айтуына қарағанда, мемлекет қазынасына түсетін түсімнің жартысына жуығы аталмыш бизнес субъектілеріне тиесілі. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев аталған көрсеткіштерді жоғары бағалады. «Мұндай жетістіктерге тек қажырлы еңбектің арқасында жетуге болады. Ел экономикасының қарқынды дамуы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған, жарқын болашаққа бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы сіздерге қосымша үлкен міндеттерді жүктеп отыр. Біз сіздердің бұл міндеттерді абыроймен атқарып шығатындарыңызға сенеміз. Себебі өз ісінің кәсіби шеберлері жиналған облысымыздың салық органдары мұндай сенімге лайық екендіктерін дәлелдеп келеді» - деді құттықтау сөзінде аймақ басшысы.
     Бір атап өтерлігі, облысымыздың салық департаменті өзінің әрбір қалыптасу кезеңінде аймағымыздың құқық қорғау, атқарушы билік сынды басқа да мемлекеттік органдары тарапынан қолдауға ие болып келеді.
Салық саласының қызметкерлерін құрамында прокуратура, ішкі істер, қаржылық бақылау департаменті және тағы басқа бірқатар мемлекеттік мекемелер басшылары бар топ құттықтауға келді. Сондай-ақ мерекелік шараға облысымыздың салық органдарында көп жыл еңбек еткен ардагерлер қатысты.
     Салтанатты шара барысында мерекеге орай облыстық салық департаментінің бірқатар қызметкерлері көп жылғы адал еңбегі, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты жеке үлесі, қоғамдық-саяси қызмет саласындағы белсенді өмірлік көзқарасы үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды.


Данияр ЖҰМАДІЛОВ.
Суретті түсірген В.Бугаев.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31