АНТ ҚАБЫЛДАНДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлердің антын қабылдады. Саяси мемлекеттік қызметкерлер – облыс әкімі аппаратының басшысы Арслан Әбдіқалықов, Ақтоғай ауданының әкімі Жұмагелді Қожанов, әкімшілік мемлекеттік қызметкер - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ардақ Күзеков салтанатты ант қабылдау барысында аймақ басшысына бар күш-жігерлерін және білімдерін Қазақстан Республикасын дамыту ісіне арнайтындарын, халық пен елге адал қызмет ететіндерін уәде етті.

Облыс әкімі басшыларды өмірдің осы бір маңызды сәтімен құттықтады. «Сіздер еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында ант қабылдадыңыздар. Осылайша, сіздерге ерекше сенім артылып отыр. Мемлекеттік қызметкер – бұл тек жоғары мәртебе емес, сондай-ақ зор жауапкершілік», - деп атап өтті аймақ басшысы.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31