БАҒДАРЛАМА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

 

Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында облысымыздағы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Мақұлданған жобалардың жағдайы жөнінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ РҚ облыстық филиалының директоры Ерқанат Әбенов баяндады.

Ол қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерге павлодарлық кәсіпкерлерден                  68 өтініш түсіп, жалпы құны 12 миллиардқа жуық теңгені құрап отырғанын атап өтті. Он үш жоба бойынша келісімшартқа қол қойылды. Ал кәсіпкерлікті сауықтыру бойынша бес келісімшартқа қол қойылып, оның жалпы құны бес миллиардтан астам теңгені құрады.  

Сондай-ақ, бұдан басқа отырыста бірінші бағыт бойынша тағы да төрт жобаны субсидиялау жайы қаралды. Мәселен, «Дорстрой» ЖШС асфальт-бетон өндіріп, оны нарықта өткізумен айналысуды жоспарлап отыр. Жеке кәсіпкер «Ағымбеков» наубайхана құрылысымен шұғылдануды жоспарласа, ал «Гидропривод» ЖШС алдағы уақытта гидравликалық жұмыстар жүргізу үшін арнайы құрал-жабдық сатып алады.

Целлюлоза-қағаз негізіндегі гигиена құралдарын өндірумен және сатумен айналысатын «KazProject» ЖШС жұмыртқа салуға арналған картон қорапшаларын өндіру үшін қосымша станоктар сатып алып, шығарылатын өнім көлемін арттыруды жоспарлауда.

Аталмыш жобалар аймақтық үйлестіру кеңесімен мақұлданып, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне бекітуге жіберілді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 30