«БАЛАПАН» БАҒДАРЛАМАСЫ - БАҚЫЛАУДА

Өңірдегі «Балапан» бағдарламасының жүзеге асу барысы облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысқан жұмыс кеңесінде қаралды. Күн тәртібінде Павлодар қаласында орналасқан коммуналдық  және жеке меншік иеліктегі бұрынғы балабақша ғимараттарын қайтару және сатып алу жолымен мектепке дейінгі мекемелер жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.
Павлодар қалалық білім беру бөлімінің басшысы Зәуреш  Мұқашева бүгінде қаланың және облыстың коммуналдық меншігінде нақты мақсатта қолдануға жарайтын 14 бұрынғы балабақша ғимараты бар екенін мәлімдеді. Биыл бүлдіршіндер игілігіне сегіз балабақша ғимараты қайтарылады. Қазіргі күні алты нысанды босату мәселелері шешілуде. Нысандарда  жөндеу–қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, құқық беру             құжаттары ресімделіп,  жобалық–сметалық  құжаттамалары дайындалу үстінде. Қалған екі ғимарат бойынша ішінде орналасқан мемлекеттік мекемелерді басқа орынға көшіру қарастырылуда.
Нысандарды қайтару арқылы Павлодар қаласы бойынша 1215 бала балабақшамен қамтылатын болады. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Ал 2012-2013 жылдары тағы бес ғимаратты босату жоспарланып отыр, деп атап көрсетті З.Мұқашева.
Сонымен қатар, кеңесте ертеректе жекешелендірілген балабақшаларды сатып алу, жеке меншік мектепке дейінгі даярлық ұйымдарына мемлекеттік білім тапсырыстарын беру және жаңа балабақша салу мәселелері қарастырылды.
Кеңес қорытындысында облыс әкімі Б.Сағынтаев аталған мәселелерді назарға алып, қала басшылығына оны жіті бақылауда ұстауды тапсырды.


Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
           
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31