Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Бұл жолы кеңес мүшелері «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде, бірінші бағыт бойынша қаржыландыруға ұсынылатын үш жобаны талқылады.
Жоба иелері өздерінің жоспарлы ойларымен бөлісті. Мәселен, пластмассалық қораптар бұйымдарын жасаумен айналысатын, полиграфиялық қызметтер көрсететін «Диалон» ЖШС кәсіпорын қуатын ұлғайтып, пластикалық бұйымдардың түрлерін көбейту үшін қосымша құрал-жабдықтар сатып алмақ. Ал «Format Mach Company» ЖШС-нің жобасы машина жасау өндірісін модернизациялауға бағытталған. «Строймеханизация LTD» ЖШС тау-кен өнеркәсібі саласында жер жұмыстарын жүргізу бойынша қызмет көрсетеді. Осы мақсатта кәсіпорын қосымша экскаватор техникасын сатып алуды көздейді.
«Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша «Павлодартұз» ЖШС-нің ас тұзын және минералды галит концентратын өндіру және өткізу бойынша ұсынған жобасы қаралды.
Аймақтық үйлестіру кеңесінің мүшелері барлық жобаларды құптап, оларды ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне бекітуге жіберді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

