ТАПСЫРМА БЕРІЛДІ – ОРЫНДАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

 

       Бұдан былай облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың аудандарға жұмыс сапары Павлодар қаласында, облыстық әкімдікте өткізілетін арнайы мәжілісте қорытындыланатын болады. Онда тиісті аудан әкімдері аймақ басшысының сапары барысында анықталған мәселерді түзету бойынша нендей нақты шараларды атқарғандығы туралы есеп береді. Сондай-ақ, облыстық деңгейде шешімін қажет ететін мәселелерді ортаға тастай алады. Кеше мұндай мүмкіндікке Лебяжі ауданының әкімі С.Әпсалықов ие болды.

       Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі Б.Сағынтаев өткен айларда Лебяжі ауданына екі рет жұмыс сапарымен барған болатын. Ауданның барлық дерлік ауылдарына барып қайтқан аймақ басшысы, тіптен ең шалғай деген елді мекендерге ат басын бұрып, ондағы тұрғындардың жай-күйіне назар аударды. Нәтижесінде бірқатар мәселелер анықталған. Ауыз судың тапшылығы, жол, дәріханалардың, мәдениет ошақтарының жоқтығы және тағы басқалар. Облыс әкімі бұл мәселелерді шешуді аудан басшылығына тапсырған. Аудан әкімі С.Әпсалықов, облыстық әкімдікте өткен мәжіліс барысында барлық тапсырмалар бойынша тиісті шаралардың қолданылғандығын атап өтті. Дегенмен, аты аталған барлық мәселерді толығымен шешу үшін қомақты қаржының қажет екендігін де жеткізді. Бұл ретте, аймақ басшысы ауданның өз күшімен шеше алатын мәселелері болуы тиіс екендігін айтты. «Шешімін күткен мәселелер бойынша барлық түйткілді тұстарды облыс қазынасына тіреп қою дұрыс емес. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту шараларына шаруа қожалықтарын, кәсіпорындарды жұмылдыра білу керек», - деді облыс әкімі Б.Сағынтаев.
       Енді Лебяжі ауданы әкімдігі мен тиісті облыстық департаменттер алдында жоғарыда аталған мәселелерді оңтайлы шешу бойынша жұмыс жоспарын жасап шығару міндеті тұр. Және мұндай бағыттағы жұмыстар басқа да аудандар бойынша қолға алынбақ.

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

        P.S. Аталмыш мәжілістің толық есебін газетіміздің келесі, яғни ағымдағы аптаның бейсенбі күні шығатын нөмірінен оқи аласыздар.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30