ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН ТАБУ ҚАЖЕТ

       Аймағымызда ата-қамқорлығынсыз, жетім қалған жасөспірімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өзекті тұр. Оны шешудің жаңа, ұтымды жолдарын қарастырмаса, аталмыш проблема әлі талай жылдарға созылмақ. Дегенмен, бұл мәселені шешудің оңтайлы жолы бар көрінеді. Оңтайлы жол облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымованың төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысында ұсынылды.
       Бүгінде облысымызда ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға көп көңіл бөлінуде. Олар толығымен ел қатарлы білім алып, жұмыспен қамтамасыз етіледі. Басқа да әлеуметтік көмек көптеп көрсетілуде. Алайда бір ғана мәселе әлі күнге дейін шешімін таба алмай келеді. Ол – тұрғын үй. Әсіресе ер жетіп, мектеп бітірген жасөспірімдерге қиын. Мысалы, Павлодар қаласында бүгінде жоғарыда аталған санатқа жататын 714 бала бар. Оның тек 114-де ғана әзірге жартылай өздеріне тиесілі тұрғын үй бар. Ал 554 бала әлеуметтік кезекте тұр. Қалғандарына да кезекке тұру үшін тиісті құжаттар жинастырылуда. 2009-2010 оқу жылында мектеп бітірген жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тек біразында ғана тұрғын үйлері бар. Қалғандары жасөспірімдер үйіне, туған-туысқандарының пәтеріне орналастырылған. Мұндай жағдай аймағымыздың басқа да қалаларында орын алып отыр. Өкінішке қарай, шешілуі баяу.
       Дегенмен, үміт жоқ емес. Комиссия мүшелері алқалы жиын барысында, аталмыш мәселені шешудің ұтымды жолдарын қарастырды. Соның бірі, көңілге қонымдысы - «Қазақстанның құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен бірлесе жұмыс істеу. Яғни, қарапайым тілмен айтқанда, балалар үйінде немесе осындай басқа да мекемелерде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің әрқайсысына, жас ерекшелігіне қарамастан, аталмыш банктен арнайы жинақ шотын ашуға болады. Ол шотты әрбір балаға мемлекет тарапынан ай сайын төленіп отыратын әлеуметтік төлемдердің бір бөлігін аудару арқылы толтырып отыруға болады. Осылайша, бүлдіршіндер үшін ер жеткенге дейін қомақты салым жинап алуға болады. Онымен қоса, аталмыш банк басшылығы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көптеген жеңілдік түрлерін ұсынуға әзір. Бір атап өтерлігі, мұндай бағыттағы жұмыстар еліміздің кейбір аймақтарында жүргізілуде. «Біз ешқандай қаржы құрылымының мүддесін қолдап отырған жоқпыз. Ең бастысы, бесіктен белі шықпай жатып, өмірдің қиындығына ұшыраған балаларға көмек қолын созудың оңтайлы жолын таба білуіміз қажет», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ә.Ғалымова.
      Сондай-ақ, алқалы жиын барысында жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың, алкоголизмнің алдын алу сынды басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30