Конституция күні мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті
ліміздің Ата Заңы қабылданған күнді салтанатпен атап өту - республика халқының борышы әрі мақтанышы. Өзін қазақстандық, елінің ұлтжанды ұл-қызы деп есептейтін әрбір азамат үшін маңызы зор мерекені Павлодар облысының тұрғындары айрықша атап өтті. Негізгі шаралар облыс орталығында ұйымдастырылды. Бұл күні орын алған айтулы оқиғаның бірі – Павлодар қаласының орталығында өткен ҚР Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі. Бұдан кейін жұртшылық қаланың орталық алаңына жиналды. Салтанатты шара
мыңдаған адам қатысқан мерекелік шерумен басталып, оның соңы халықтық той-думанға ұласты. Сондай-ақ, павлодарлықтар елордамыз Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен салтанатты шеруді тікелей эфир арқылы тамашалады. Мерекелік іс-шаралар жергілікті өнерпаздар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының концертімен, отшашумен аяқталды.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 1 қыркүйегіндегі номерінен оқи аласыз)

