БАС ҚАЛАНЫҢ БЕДЕЛДІ БІЛІМ ОРДАСЫ

 

    Алғашқы барып тоқтаған жеріміз - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан білім ордасы - еліміздегі белді білім ошақтарының бірі.  Университетке келудегі басты мақсатымыз -осында оқитын павлодарлық студенттермен танысып, Елорда жайлы пікірлерін білу еді. Біз барғанда университеттің түлектеріне салтанатты түрде дипломдар тапсырылып жатыр екен.

    Елімізге ғана емес, Азия елдеріне танымал білім ордаларының бірі саналатын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ауқымды аумақты алып жатыр. Еліміздің әр аймағынан келген жас жеткіншектерге барлық талаптарға сай жасалған студенттер үйі бар. Дипломдарын құшақтаған көп  студенттің арасынан алдымен Жадыра және Әсем есімді жерлестерімізді жолықтырдық. Қуанышты күннің үстіне қуаныш қосқан біздерге қос сұлу рахметтерін жаудырды. Артынша, білім ордасының журналистика факультетінде оқитын Жәния Шайманова есімді жерлесімізбен тілдестік. «Мен білімдегі жолымды С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінен бастаған едім. 1 курсты тәмамдағаннан кейін Астана қаласына ауыстым. Сарыарқаның төсінде орналасқан Елордамыз күн санап көркейіп келе жатыр. Республика астанасында көптеген ғимараттар пайда болып, Еуразия кіндігіндегі алпауыт қалаға айналды. Астана - жастардың қаласы. Сондықтан біздің университетке Қазақстанның түпкір-түпкірінен жастар келіп оқиды. Еуразия ұлттық университетінде білімді жастарға барлық мүмкіндік жасалған» деді ол өз сөзінде. Жерлесіміз Жәнияны одан кейін К.Байсейітова атындағы опера және балет театрынан тағы да кезіктірдік. Ол  павлодарлық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры әртістерінің өнерін тамашалауға арнайы келген екен.  Сондай-ақ, Еуразия университетінде білім алатын павлодарлық жас дарын  Айдана Әлімхановамен таныстық.  Айдананың 2009 жылы Грецияда өткен ғылыми жұмыс байқауында екінші орынмен оралғанын павлодарлықтар әлі ұмыта қойған жоқ. Павлодардағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының түлегі Айдана биыл 1 курсты аяқтады. «Мен студенттер үйінде тұрамын. Тұратын жеріміз жайлы. Студенттерге барлық жағдай жасалған.  Астана – мәдениет пен өнердің қаласы болғандықтан әр сәрсенбі күні кинотеатрларға 50 пайыздық жеңілдікпен барамыз. Өзім студенттер үйінде кеңес мүшесімін. Туризм саласында оқығандықтан бір ай Зерендіде тәжірибеден өттім.  Емтихандарымды да ойдағыдай тапсырдым. Енді туған қалама кетер күнді аңсап жүрмін» дейді Айдана туған жерге деген сағынышын жасыра алмай. 

    Еуразия университетінен шыққаннан соң  Республика даңғылы бойынша жүріп бара жатып шағын дүкеннің маңдай-шасына жазылған «Ынтымақ, бірлік, келісім - ең асыл бақыт ел үшін» деген сөзге көзім түсіп, ерекше сезімге берілдім. Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелейтін ұлағатты ұрандар әркімнің жүрегіне қуаныш сыйлағандай.

     Қазақтың ұлы ақыны Абайдың ескерткішін бетке алған біздер дала данышпанының тас мүсініне барып тағзым еттік.  Қаланың қақ ортасынан орын тепкен Абай ескерткіші Астананың айбынын асқақтатып тұр. Абай даңғылында орналасқан зәулім ғимараттар Елорданың сәнін келтіріп, тұрғындардың мақтанышына айналғандай.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31