ҰЛЫ ХАНДАРДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ЕЛОРДАНЫН ЕҢСЕСІН КӨТЕРІП ТҰР

     Осыдан біраз уақыт бұрын ашылған  Ұлы хандар Керей мен Жәнібектің монументалды, мүсіндік, көркем композициясы Елорда тұрғындарының және қала қонақтарының тағзым етер орнына айналып үлгеріпті. Қазақ хандығының іргесін қалап, тұңғыш қазығын қаққан хандарға Елордада ескерткіш ашу – бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы екенін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Ескерткіш Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі алдындағы саябақта орналасқан. 

    Композиция тұтас өз тұлғаларымен жаңа хандықтың ірге көтеруі, еркіндіктің орнауын бейнелейтін екі мүсіннен тұрады. Әрбір мүсіндік бейне өзіндік ерекшелікке ие: Керейдің қазақы ер-тоқымда мығым отыруы мен ерлік пен өрліктің, дала көшпенділеріне тән тас-түйін тұлғалы толық бойымен тік тұрған Жәнібектің бейнелері сол кездегі олар құрған қазақ хандығы оқиғасының мазмұнын ашып тұр. Сондай-ақ,  композицияда хандардың қолдарына сығымдап, қадай ұстаған ту бейнеленген. Бұл көрініс жаңадан құрылған хандықтың беріктігін, тұрақтылығын, өр рухты мақсаттарды көздеген өміршеңдігін ашып тұр. Бұл орайда композиция тарихтың үздіксіздігі мен дәуірлер сабақтастығын білдіреді.

    Керей мен Жәнібек ханның ескерткішіне тағзым етуге жиналған халықтың көптігінде шек жоқ.  Отбасын құрып жатқан жас жұбайлар  ата-баба аруағына тағзым ету үшін кезекте тұр. Бізде алыстан ат терлетіп Бас қаламызға келген соң ата-баба мүсініне бас ию үшін көппен бірге кезекке тұрдық. Елордамыздың еңсесін көтеріп тұрған асқақ ескерткіш қазақтың абыройын мәңгі асқақтатары хақ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31