«ҚАЖЫМҰҚАН» СТАДИОНЫ ЕЛ СПОРТЫНА ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

 

     Елорданың былтырғы туған күнінде есігін айқара ашқан «Қажымұқан» стадионы да Астананың сәніне айналып отыр. Стадионның ашылу салтанатына ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан-ды.  ФИФА мен УЕФА талаптарына сай салынған стадионның ашылу салтанатында астаналық «Локомотив» пен еліміздің жастар құрамасы арасындағы жолдастық кездесу өткен еді.

 

    Стадион құрылысының ұзындығы -105 метр, ені – 68 метр. Стадион жасанды  жылжымалы шатырмен жабдықталған. Айта кетерлігі, мұндай стадиондар әлемнің бес-ақ қаласында бар.  Мұнда 2011 жылы елімізде өтетін қысқы Азия ойындарының ашылу және жабылу салтанаттары өтеді. Стадион трибуналары 30 254 адамды қабылдай алады. 72 орындық мүгедек жандарға арналса, 1 562 орындық қонақтар үшін орналастырылған. Сондай-ақ, стадионда қазіргі заманғы циферблат, бейнетабло және 26 бейнекамера жұмыс істейді. Әлемдегі алпауыт стадиондардың бірі саналатын «Қажымұқан» стадионында біз барғанда жазғы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Астаналықтардың ерекше мақтанышпен айтатын алып стадионы да Бас қаланы көріктендіріп тұрғаны даусыз. 

     Қанаты қатайып келе жатқан қуатты Астанамыз алты құрлықты аузына қаратқан жас қала. Елбасы Н.Назарбаев бастаған Алаш ардақтылары іргесін қалаған Бас қаламыз  бұл күнде әлемдегі ғажайып ғимараттар орналасқан туристік қалаға айналды. Алыс-жақын шетелден келгендер Астана келбетін ерекше тебіреніспен айтып,  жарыса жазары белгілі. 

     Елорданың алып ғимараттарымен бір күнде танысу мүмкін емес, тіпті бір жылдың өзі аздық ететін сияқты. Көзімізге көрінген көрікті жерлердің өзі талай уақыт бойы есімізден шыға қоймас, сірә. Кешке таман жолға қайта шығарда денемізді тылсым бір күш билеп, ойымызға:

    Еститін едім Елорда сұлу дегенді,

    Ерекше сезім барады билеп денемді.

    Астанада асыр сап өткен lостармен,

    Қалаға барып, жарыса жазам өлеңді,   -деген өлең шумақтары оралып, кеудемізді ерекше қуаныш билегендей болды.

 

 

Еркебұлан ӘМІРЕНОВ,

Суреттерді түсірген Т.Нұрғазы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31