- дейді жерлес студент Наргиз Қуанышбекова.
Білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығына айналған Астана қаласына еліміздің әр түкпірінен асқақ армандарын жүзеге асыру мақсатында білім алу үшін аттанып жатқан жастар қаншама. Солардың бірі, жерлесіміз - Наргиз Қуанышбекова. Жастайынан білімге зерек қыз Павлодар қаласының №9 гимназиясын үздік бітірді. Мектепте оқумен қатар ғылымға қызығушылығын қатар ұстаған Наргиз ғылыми жобасымен Жас дарын халықаралық ғылыми жобалар сайысында жоғары жетістікке жеткені үшін Ұлттық бірыңғай тест тапсырудан да босатылды. Бүгінде ол Астана қаласындағы медициналық университетінің 2-курсын тәмамдап отыр.
Халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алуды мақсат еткен Наргиздің Елорданы таңдауы тектен-тек емес.
- Астана күннен-күнге дамып, көріктеніп келеді. Бас қаламыздың көрікті де сұлу шаһарға айналуы – оның өркендеп келе жатқандығының бірден-бір белгісі. Мен болашақта денсаулық саласында қызмет етуді мақсат еткендіктен, Елорданың білім саласында алдыңғы орында екенін және медицина саласының да қарыштап дамып келе жатқанын ескере отырып, бұл қаланы таңдадым. Астананың болашағы жарқын болып, денсаулық сақтау саласы жоғарғы деңгейде болатынына сенімім мол. Ол үшін бүгінгі білімді жастар денсаулық сақтау саласында жақсы істерді қолға алып, халық игілігіне қызмет етеді, – дейді ол.
Н.Қуанышбекова оқу орнын тәмамдаған соң медицина саласының қоғамдық денсаулық сақтау бағыты бойынша қызмет істемек ойы бар.
Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

