ҚЫЗЫҚТЫ ДА МАЗМҰНДЫ

 

       Ақсу қаласының тұрғындары осыдан екі жыл бұрын Астана құрметіне арналып атау берілген  көшеге жиналып, Елорданың он екінші туған күнін барлық сән-салтанатымен атап өтті.

       Жүздері бал-бұл жанған балдырғандардан бастап еңкейген қартқа дейін Астана көшесіне жиналған қауымның қуанышында шек болмады. Бірін-бірі айтулы мерекемен құттықтап, өздерінің ыстық ықыласын білдіріп жатқан ақсулықтардың жүзінен қуаныш лебі есіп тұрды. Бүкіл ел болып атап өткен Астананың еркін қанат жайып, өркендеуін еліміздің әр азаматы мақтан тұтатыны сөзсіз.

       Астананың туған күнімен қала тұрғындары мен қонақтарын шаһар басшысы Оразгелді Қайыргелдинов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Мәдениет Омарғалиев құттықтап, әр шаңыраққа құт-береке, жемісті еңбек, Ақсу өңірінің халқына бірлік пен ынтымақ тіледі.

       Бұдан кейін мерекелік шараға жиналған қауым қаланың көркемөнерпаздар ұжымдары мен жеке орындаушылары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, бір серпілісіп қалды.

       Бұл күні «Караван» сауда үйінің алдында жас балуандар мен боксшылар өз өнерлерін көрсетті. «Нұр Отан» ХДП-ның Ақсу қалалық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Астана көшесіндегі 46-шы үйдің алдындағы балалар ойын алаңында «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық жарыстар ұйымдастырылып, қызықты да тартысты жарыста Сабельниковтер отбасы жеңіске жетті. Ал, өз кезектерінде 8-12 жас аралығындағы Ақу қаласының жас балғындары асфальт үстінде сурет салып, Елордасы - Астанаға деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Сондай-ақ, «Достық» стадионында дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Астананың туған күніне арналып, әртүрлі спорттық жарыстар өткізілді. Бұл күні күнделікті тірліктен арқа жазған тұрғындар үшін көше бойлай мерекелік сауда-саттық ұйымдастырылып, думан соңы қалалық жағажайдағы жастар дискотекасына ұласты.

Ерсін ЖҰМАДІЛОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31