РИНАТ – ЖЕҢІМПАЗ, ПАВЕЛ - ЖҮЛДЕГЕР

Алматыда шахмат спортын насихаттаушы Ә.Бөлекбаевтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир мәреге жетті. Аталмыш спорттың рапид және блиц түрлерінен өткен жарысқа керекулік шахматшылар да қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Рапид турнирінде жерлесіміз Ринат Жұмабаев топ жарды. Екінші орын әйгілі шахматшы Гарри Каспаровтың ұстазы Евгений Владимировқа бұйырса, үшінші орынға тағы бір жерлесіміз Павел Коцур тұрақтады. П.Коцур Р.Жұмабаевтың ұстазы екенін атап өткен жөн. Блиц турнирінде әлемге танымал шахматшы оралдық Мұртаз Қажығалиев жеңімпаз атанды. Өзбекстандық Антон Филипов екінші орыннан көрінсе, астаналық Нұрлан Есмағамбетов үздік үштікті қорытындылады.

Алматыда өткен жарыспен қатар, облыс орталығындағы №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде облыстық турнир ұйымдастырылды. Оған 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 12 жасар Денис Махнев бірінші орынды иемденді. Екінші-үшінші орындарды Әлішер Сүлейменов пен Әлібек Қалықов өзара бөлісті.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28
30 31