АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ЖЕҢДІ

Демалыс күндері шайбалы хоккейден ел біріншілігінің кезекті тур ойындары өтті. Өз алаңында Өскеменнің «Қазцинк-Торпедо-2» командасын қабылдаған жергілікті «Ертіс» қос ойында да айқын басымдылықпен жеңіске жетті.
«Астана» мұз сарайында өткен алғашқы кездесуде керекулік хоккейшілер 11:0 есебімен басымдылық танытты. Аталмыш ойында Денис Логинов үш шайбаны өз еншісіне жазса, Кирилл Сотников пен Рүстем Есіркенов екі-екі мәртеден көзге түсті. Сондай-ақ, Станислав Басов, Илья Соларев, Андрей Огородников пен Евгений Ушков та мергендігімен танылды. Екінші күнгі ойында да жергілікті спортшылар үшін ешқандай қиындық туғызған жоқ. Өскемендік клубтың қақпасына жауапсыз сегіз шайба тоғытқан «ертістіктер» жанкүйерлерге ерекше қуаныш сыйлады. Бранислав Фабри мен Дмитрий Левинский қос-қостан шайба енгізсе, Андрей Трощинский, Сергей Мирошниченко, Алексей Вяткин, Денис Логинов та қарсыластар қақпасын дәл көздеді. «Ертіс» осы жеңісінің арқасында ұпай көрсеткіші бойынша теміртаулық «Арыстанды» қуып жетті.
Ел чемпионы қарағандылық «Сарыарқа» сырт алаңда Көкшетаудың «Арланын» 2:4, 2:4 есебімен тізе бүктірді. «Астана» мен «Арыстан» арасындағы ойында теміртаулықтардың асығы алшысынан түсті (1:3, 4:5). Үздіктер қатарында келе жатқан атыраулық «Бейбарыс» алматылықтармен кездесіп, алғашқы ойында 3:2 есебімен ұтылса, қарымта кездесуде 1:2 есебімен есе қайтарды.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
    2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29