Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
69
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
67
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
91
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
73
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
100
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
105
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
82
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
104
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
112
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
82
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
84
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
108
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
93
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
297
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
344
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
336
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
267
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
250
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
378
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
260
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
360
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
707
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
660
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
645
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
670
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
842
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
609
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
632
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
581
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
665
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
639
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
475
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1061
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
880
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
643
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
592
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
378
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
591
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
514
11 медаль!
11:05 24.01.2023
597
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
607
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
546
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
617
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
811
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
591
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
468
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
608
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
634
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
566
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2922
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2813
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2780
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2868
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2828
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2925
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2996
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2726
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2724
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2848
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2778
Қазақтың қаймағын қалқып алып, көк сүтін аяқтың астына төге салуды көксеген Кеңес үкіметі кешегі қуғын-сүргін зобалаңы жылдары қаншама айбыны асқан арыстарымыздың өміріне балта шапты. Жандайшаптардың жасаған әрекетте-ріне қарап обал-сауап дегенді мүлдем білмеген, иә болмаса біздің ұлтымызбен санаспаған немесе қорыққан деген уәжге келесің. Тіпті, кеңестің саясатын бұқара жұртқа кеңінен насихаттап, сол науқанда отымен кіріп, күлімен шыққан азаматтарға да қаны сорғалаған 58-бап бойынша «Халық жауы» деген айып айдарлап, тағдырлары шолақ мылтықтың ұңғысына байланып кетті емес пе?..
Қазіргі Ертіс ауданы аумағында да колхоздастыру, шаруашылықтарды ірілендіру, болыстық, аудандық атқару, партия комитеттерінде құзырлы қызмет атқарғандар үш әріптің қанды шеңгелінің құрбанына айналды. Солардың ішінде Қайыр Қорабаев, Рамазан Әутәліпов, Сыздық Смағұлов сынды Ертіс аудандық «Колхоз тілі» газетінің қызметкерлері де бар. Елімізге белгілі өлкетанушы Ханафия Асқаровтың сөзімен айтсақ, «өңірдегі алғашқы сауатты азаматтардың бірі, кеңес үкіметінің саяси идеологиясын терең ұғынған, ауандық газет ұжымын басқарып, ел арасына кеңестік үкіметтің ықпалды үгітін таратқан, бар қажыр-қайратын соның жолына жұмсаған Қайыр ағамыз да ақырында осы кеңес үкіметінің «жауына» айналып шыға келді». Немесе «1937 жылдың он төртінші желтоқсанында Қайыр Қорабаев бастаған алты адам бір күнде тұтқындалып, «Ертіс ауданында советтік үкіметке қарсы қызмет еткендері және жаулық, қаскүнемдік әрекеттері үшін» сегіз жылға абақтыға айдалып кете барады». Бұл сөздерді белгілі қаламгер Мүбәрак Жаманбалиновтің «Әйгілі аудан Ертісім» атты кітабындағы мына үзінділермен де тұздықтауға болады: «Ертіс ауданының газеттері қазақ тілінде «Колхоз тілі», орыс тілінде «Иртышский колхозник» деген атаулармен 1930 жылдың 7 қарашасынан бастап жарық көрді. Бірінші нөмірі 1565 данамен шыққан «Колхоз тілінің» бірінші редакторы Әубәкір Аяпбергенов 1935 жылы облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторлығына жоғарылап, 1939 жылы «Халық жауы» деген кінә тағылып, он жылға сотталған. Оның орнына «Колхоз тілінің» редакторы болған Қайыр Қорабаев та «Халық жауы» атанып сегіз жылға айдалған. «Колхоз тілінің» бұлардан кейінгі редакторлары – Смағұлов Сыздық, Өмірсәлинов Жүсіп, Қайырсқақов Мүбәрак, Әбдрахманов Есен, Сыздықов Мүбәрак, Шәйкенов Әлихан, Исабеков Фазыл, Төлеуов Сәбит». Павлодар облыстық ішкі істер басқармасының арнайы мұраға-тында ақталған азаматтар қорында «Следственное дело Бакирова, Аменова, Карабаева, Шотова, Ауталикова, Смагулова» деген «құпия» белгісі соғылған қылмыстық іс сақталған. Жоғарыдағы Ханафия Асқаровтың айтып отырған «бір күнде сотталып кеткен», «Қайыр Қорабаев бастаған алты адам» осы кісілер. Олар Қайыр Қорабаев, Кәрім Бәкіров, Үсен Әменов, Әубәкір Шотов, Рамазан Әутәліпов, Сыздық Смағұлов. Тағы да бір айта кетерлігі, Павлодар аймағында жала жабылып атылып, кейбірі итжеккенге айдалып кеткен боздақтардың қылмыстық істері бір-біріне үтір-нүктесіне дейін қатты ұқсас. Осыған қарағанда жазалаушылар контрреволюционер деген адамдар тізімін жасап, оларды бір-бірімен байланыстырып, айыпты аспаннан алып таңып, өздерінің қанды «жоспарларын» асыра орындауды мақсат тұтқан сынды. Мәселен, жоғарыда аталған алты адамға Ертіс ауданындағы ірі контрреволюциялық ұлттық-фашистік ұйым мүшелері, Қазақстанды кеңестің құрамынан шығарып алып, дербес мемлекет ету жолында контрреволюциялық әрекеттер жасаған деп айыптаған. Әрекеттері емес, біреудің айтқан сыпсың сөздерін негізге алған. Мәселен, аудандық «Колхоз тілі» газетінің жауапты редакторы болып еңбек еткен Смағұлов Сыздыққа «Жолдас Сталин» деген тіркесте «Сталин» тегін кіші әріптермен жазып, кеңес үкіметінің көсемінің беделіне нұқсан келтірген деп тоқпақтың астына алған. Үш ұйықтасаң да түсіңе кірмейтін мұндай айыптарды атай берсек жеткілікті. Қылмыстық істерді зерделеу және басқа да баспа құралдары өнімдерінен аттары аталған алты арыс туралы аз-кем мәліметтер жинақтау мүмкін болды. Алты адамның тағдыры екі аптадай уақыт ішінде қаралып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша НКВД-ның үштігімен әрбіріне жаза кесілгенін атай кеткен абзал.
Қайыр Қорабаев
1891 жылы Ертіс ауданында үшінші ауыл кеңесінде туған. Әлеуметтік жағдайы бойынша байдың баласы, сауатты. Ауылдық мектептің үш класын бітірген. Әйелі Ұлжан 1919 жылы туған. Ертіс аудандық «Колхоз тілі» газетінің тілшісі, 1937 жылы редактордың орынбасары болып еңбек еткен. Контрреволюциялық ұйым мүшесі (халық жауы) ретінде сол жылы партиядан шығарылған. Ханафия Асқаровтың «Қайран, Қайыр аға» атты мақаласында мынадай деректер бар: «1930 жылы Қайыр Қорабаев Қызыл армия қатарына шақырылып, онда атты әскер бөлімшесінде қызмет етеді. Әскери борышын абыройлы атқарған Қайыр екі жылдан соң елге аман-есен оралып, бұрынғы қоғамдық жұмыстарға қайтадан белсене араласа бастайды. Әскери ортадан шыңдалып қайтқан қажырлы азаматты басшылар бірден Ертіс аудандық атқару комитетіне нұсқаушы етіп тағайындайды. Бұл әйгілі 1932 жылдың тұсы еді. Ел іші қатты ашаршылыққа ұшырап жатқан кез. Күнкөрісі жоқ жұрт жан-жаққа босып кеткен. Осы нәубет Мұхамбет атамыздан тараған біздің шаңыраққа да оңай тимеді. Атамыздың ақарлы-шақарлы отауынан (43 адам) бар-жоғы сегіз жан ғана тірі қалыппыз. Бүтін бір ауылдың оты сөнді. Он шақты жаннан «ШКМ» мен балалар үйінде болған себепті бір жанұядан мен жалғыз қалдым. Қайыр ағамыз әскерден оралғанда қара жамылған анасы Жұбаныш шешей ғана алдынан шығыпты. Ошарлы жанның одан өзгесін ашаршылық ажалы түгел жайпап өткен... Ертістің аупарткомы мен ауаткомдары ақылдаса келе оны Семей «КомВУЗ-ының» жанындағы партия-совет қызметкерлерін даярлайтын қысқа мерзімді курсқа жіберді. Курсты үздік бітірген соң Қайыр Ертіс аудандық «Колхоз тілі» газетінің бас редакторы болып тағайындалады. 1934-37 жылдары ол кеңес баспасөзінің қаламы жүйрік майталман журналисі еді». Қайыр Қорабаевқа 1937 жылы 17 желтоқсанда 8 жылға еңбекпен түзеу лагеріне жіберу туралы жаза кесілген. 1955 жылы 23 желтоқсанда Павлодар облыстық соты тарапынан таңылған қылмыс құрамы дәлелденбеуіне байланысты ақталған.
Кәрім Бәкіров
Үрлітүп (қазіргі Железин ауданы) ауданы Еңбекші ауылдық кеңесінде 1899 жылы дүниеге келген. Әлеуметтік жағдайы бойынша бай, ірі қажының баласы, сауатты, ауыл мектебін бітірген. Әкесі 1910 жылы қайтыс болып, 1917 жылға дейін ағасының қолында тұрған. 1914-1917 жылдары Лобочев деген «помещикте» жаз маусымында жұмыс істеген, қыста орыс мектебінде оқыған. 1918-20 жылдары болыстық революциялық комитетте және болыстық атқару комитетінде еңбек еткен. 1922-1927 жылдары ауыл советінде хатшы, 1927 жылдардан бастап түрлі мекемелерде есепші болған. Көзге түскен Кәрім Бәкіров 1925 жылы Семей қаласындағы есепшілер дайындайтын курсқа жіберілген және 1929 жылға дейін Семейде қаржы саласында еңбек еткен. 1929 жылдары Қазақстан бойынша шағын ауылдар (қыстақтар) біріктіріліп, колхоздар құрыла бастағанда Ертіс ауданындағы жылқы шаруашылығы одағына инспектор болып жұмысқа жібе-рілген. Аудандар ірілендірілген кезден бастап тұтқындалғанға, яғни 1937 жылғы 14 желтоқсанға дейін аудандық қаржы бөлімінің бюджет инспекторы болып қызмет еткен. Сауатты, ауыл мектебін бітірген. 1937 жылғы желтоқсан айындағы кезең бойынша әйелі Бәтима 33 жаста, қызы Күлзипа 12 жаста, жиені Молдағалым (құжаттағы жазу анық емес) 14 жаста, жиені Сейкен 14 жаста, ағасы Садық 55 жаста, ағасы Боран 52 жаста деп көрсетілген. 1937 жылы 26 желтоқсанда 10 жылға еңбекпен түзеу лагеріне жіберу туралы жаза кесілген екен. Кеңес үкіметінің басшыларына жазықсыз жапа шеккенін айтып, жазған шағымында тұтқындалып түрмеге жабылып, этаппен Коми Республикасы Ухта қалалық округіндегі еңбекпен түзеу лагеріне жіберілгенде ғана сол жерде он жылға сотталғанын айтқан. Лагерьде жеті жыл ағаш дайындау, 2 жыл мұнай шахтасында және бір жыл шахтада еңбек еткен. Жалғандықпен жабылған жазасын өтеу кезінде бірде-бір рет ескерту алмаған, жазаланбаған. Мерзімін толық өтеп шыққаннан кейін 1947 жылы ерікті түрде жалданып «Седью» совхозының басшылығының «адал жұмыскер» деген нұсқамасымен Ухткомби-натқа жұмысқа қалдырылған. Айта кетерлігі, ол уақытта «Седью» сүт-көкөніс совхозында тұтқындалған әйелдер де жұмыс істеген. 1947-1949 жылдары азық-түлік қоймасының меңгерушісі болып еңбек еткен. 1949-1950 жылдары ферма меңгерушісі, ал 1950-1955 жылдары совхоздың орман биржасының меңгерушісі, қоймашы. Тағдыр талқысын тартса да, маңдайын тасқа соқса да, сол совхоздың қабырға газетінің редалқасының мүшесі болған. Өмірінің соңғы жылдары туралы мәлімет жоқ. 1955 жылы 23 желтоқсанда Павлодар облыстық соты тарапынан таңылған қылмыс құрамы дәлелденбеуіне байланысты ақталған.
Үсен Әменов
Бұрынғы Қызылағаш ауданының (қазіргі Ертіс) төртінші ауылында 1902 жылы туған. Әлеуметтік жағдайы бойынша байдың баласы, сауаты - бастауыш. 1930 жылдан бастап Ертіс ауданында тұрған. 1937 жылғы желтоқсан айындағы кезең бойынша әйелі Сай... (құжаттағы жазу анық емес) 29 жаста, қызы Октябрь 3 жаста, ұлы Ж... (құжаттағы жазу анық емес) 2 айлық, бауыры Орымбек 24 жаста, анасы Сағи 60 жаста. «Халық жауы» ретінде партия қатарынан шығарылған. Ертіс аудандық қаржы бөлімінің инспекторы қызметін атқарған. 1937 жылы 17 желтоқсанда 10 жылға еңбекпен түзеу лагеріне жіберу туралы жаза кесілген. 1955 жылы 23 желтоқсанда Павлодар облыстық соты тарапынан таңылған қылмыс құрамы дәлелденбеуіне байланысты ақталған.
Әубәкір Шотов
Баянауыл ауданы тоғызыншы ауылда 1913 жылы туған. Әлеуметтік жағдайы бойынша бес жылға жер аударылған байдың баласы. Сауатты, техникум бітірген. Комсомол қатарынан халық жауы ретінде шығарылған. 1937 жылғы желтоқсан айындағы кезең бойынша әйелі Сайша (құжаттағы жазу анық емес) 24 жаста, інісі Әбікен 10 жаста. Партиядан шығарылған, Ертіс аудандық толық емес орта мектепте орыс тілінің мұғалімі болып еңбек еткен. 1937 жылы 17 желтоқсанда 8 жылға еңбекпен түзеу лагеріне жіберу туралы жаза кесілген. 1955 жылы ақталған.
Рамазан Әутәліпов
Ертіс ауданы жетінші ауылда 1913 жылы туған. Әлеуметтік жағдайы бойынша орта шаруаның баласы. Әкесі Әутәліп 1922 жылы қайтыс болған. 1923 жылдан 1929 жылға дейін байдың шруашылығында жұмыс істеген. 1929 жылы ауыл мектебінде оқыған. 1930-1935 жылдары Ертіс аудандық типографияда теруші болып еңбек еткен екен, екі рет марапатталған. Жеті жылдық комсомол бөлімінде оқыған. Оны аяқтағаннан кейін аудандық комсомол бөлімінде штаттағы насихаттаушы, саяси баспасөз инспекторы болып жұмыс істеген. 1937 жылғы желтоқсан айындағы кезең бойынша анасы Сағия немесе Сағила (құжаттағы жазу анық емес) 55 жаста, інісі Нұрпат (құжаттағы жазу анық емес) 19 жаста, інісі Қайырбай (құжаттағы жазу анық емес) 14 жаста. Ертіс аудандық халықтық білім беру бөлімінде нұсқаушы болып қызмет атқарған. 1937 жылы 19 желтоқсанда 8 жылға еңбекпен түзеу лагеріне жіберу туралы жаза кесілген. Жазасын Севураллагта өтеген. Сол жероде КСРО Халық комиссары Ежовтың атына хат жазады. Ол хатты тергеуші тарапынан соққы көргенін, төрт күн бойы тік тұрғызып қойып жауап алғанын, хаттаманы оқымағанын алға тартады. Өкінішке қарай Рамазан Әутәліповтің өміріне қатысты басқа деректер жоқ. 1955 жылы 23 желтоқсанда Павлодар облыстық соты тарапынан таңылған қылмыс құрамы дәлелденбеуіне байланысты ақталған.
Смағұлов Сыздық
1909 жылы Павлодар ауданы Ұлан селолық кеңесінде туған. Сауатты, контрреволюциялық ұйым мүшесі ретінде партиядан шығарылған. Ертіс аудандық «Колхоз тілі» газетінің жауапты редакторы болып еңбек еткен. 1938 жылы сотталған. 1940 жылы ҚазКСР Жоғарғы соты таңылған қылмыс құрамы дәледенбеуіне баланысты ақталған. Сыздық Смағұлов туралы мәліметтер әлі де зерттелу үстінде. Тарихи фактілер табылады деген үміт зор.
Түйін:
Жоғарыда аталған Алаштың аяулы перзенттерінің итжеккенге жіберілгеннен кейінгі тағдыры бізге беймәлім. Өкініштісі де сол. Дегенмен ел ішінде бұл аталарымыз туралы тұшымды деректер айтатын көзі қарақты ағайын табылып, ғұмырнамалық деректерді толықтырамыз деген үміт зор.
Бейбіт Бөжен, өлкетанушы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау жөніндегі өңірлік мемлекеттік комиссияның мүшесі.
Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
69
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
67
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
91
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
73
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
100
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
105
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
82
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
104
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
112
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
82
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
84
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
108
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
93
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
297
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
344
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
336
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
267
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
250
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
378
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
260
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
360
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
707
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
660
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
645
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
670
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
842
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
609
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
632
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
581
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
665
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
639
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
475
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1061
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
880
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
643
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
592
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
378
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
591
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
514
11 медаль!
11:05 24.01.2023
597
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
607
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
546
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
617
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
811
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
591
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
468
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
608
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
634
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
566
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2922
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2813
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2780
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2868
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2828
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2925
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2996
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2726
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2724
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2848
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2778