Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
318
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
286
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
301
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
354
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
403
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
234
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
263
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
219
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
270
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
263
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
293
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
621
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
477
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
495
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
238
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
239
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
445
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
357
11 медаль!
11:05 24.01.2023
286
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
316
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
306
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
303
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
485
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
360
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
268
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
286
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
297
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
326
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2766
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2665
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2642
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2681
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2599
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2628
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2746
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2604
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2579
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2659
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2616
Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022
2700
Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022
2712
Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022
2683
Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022
2868
Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022
2760
Сенімім зор
17:06 17.11.2022
2833
Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022
2734
Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022
2855
Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022
2976
Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022
2627
Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022
2793
Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022
2850
Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022
2625
Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022
2784
Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022
2661
Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022
2964
Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022
2857
Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022
2856
Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022
2885
«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022
2894
«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022
3110
Заң. Құқық. Саяси сауаттылық. Бұрындары бұл сөздер әрбірімізге таныс емес ұғымдар қатарынан болды. Бүгінде жаhандану мен дамыған уақытта қазақстандықтардың басым бөлігі өз құқығын білу мақсатында заңдарды қарап, құқықтық сауаттылық деңгейлерін арттырып жүр. Тіпті, азаматтар заңдық мүдделерін қорғап ғана қоймай, ой-пікірлерімен бөлісуде. Ал бұл аталған тақырып аясында облысымызда қандай жұмыстар атқарылуда? Жастар қаншалықты өз құқықтарын біледі? Ауыл тұрғындары саяси өзгерістер кезінде белсенділік танытып жүр ме? Осы және өзге де мәселелер бойынша облыстық мәслихаттың депутаты Жарқынбек Амантаймен сұхбаттасқан едік.
- Жарқынбек Амантайұлы, жыл басынан азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай жұмыстар атқарылды?
- Негізінен, облыс тұрғындары тарапынан азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жалпылама мәселелер жиі көтеріледі. Сәйкесінше қаулылар мен шешімдер қарастырылады. Оның ішінде балалар құқықтары мен олардың қауіпсіздігі сынды түрлі мәселенің мән-мәнісін сүзгіден өткіземіз. Қазіргі таңда азаматтардың құқықтарын қорғау саласы бойынша комиссия мүшесі болғандықтан, депуттармен бірлесе атқарылған жұмыстарды әмбебап деп айтуыма толықтай негіз бар. Барынша әр саладағы әрбір тақырыпқа қатысып, барлық комиссия отырыстарына қатысамыз. Күні бүгінге дейін атқарылған жұмыстар да сан алуан. Десе де, облыста күн тәртібінде тұрған мәселелерді жүйелі түрде шешімін тауып жатыр және әлі де осылай жұмысымызды жалғастыратын боламыз.
- Тұрғындармен қаншалықты жиі кездесесіз? Сайлаушылар тарапынан қандай мәселелер жиі көтеріледі?
- Халықпен жиі кездесемін. Бұған дейін мәдениет саласында еңбек еткеннен кейін жер-жерді аралап, тұрғындармен жүздестім. Осы кездің өзінде азаматтар тарапынан түрлі сұрақтар жолданатын. Мәселен, денсаулық сақтау саласы, әлеуметтік қолдау немесе тиісті көмекке қол жеткізе алмау, бюрократиялық кедергілер мен өзара түсініспеушілікке байланысты сауалдармен жүгінеді. Әсіресе, жер мәселесі бойынша шағым мен наразылығын жеткізгендердің саны айтарлықтай басым. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, аталған жер мәселесі қайтадан қаралып, сарапталатындықтан, кейінгі күні мұндай сұрақтардың дені бәсеңдеді. Одан бөлек, жекелеген азаматтар тарапынан жұмысқа орналасуды қалайтын азаматар бар. Таңқаларлық жағдай, осы мандаттыққа келген 2 жыл уақыт ішінде түрлі ұсыныстар түсті. Олардың біразы қарапайым тұрмыстық жағдай болып табылғанымен, «Баламды жұмысқа орналас-тырып берсеңіз...», «Таныс-тамыр арқылы үйдегі ініңді әскерден алып қалу керек» деген сынды заңсыз іс-әрекеттерге бой алдырып, жүгінген жағдайлар да баршылық.
- Нәтижесінде оң шешімін тапқан мәселелер бар ма?
- Күні бүгінге дейін оң шешімін тапқан жағдай, оқиғалар бар. Оның ішінде өзектілігін жоймайтын жер тақырыбын атап өтсек дұрыс болар. Өйткені, өтініштердің басым бөлігі ірі шаруа қожалықтары жайылым жерлерді тартып алғаны туралы деректер түскені көпшілікке мәлім. Соның бірі Ақтоғай ауданына қарасты Қожамжар ауылында болды. Аталмыш дауға байланысты депутаттық сауал жолдап, көтерілген мәселеге тікелей өзім араластым. Жан-жақты бақылау жүргізіп, қоғам белсенділерін тарттым. Әрине, бірден шешіле қойған жоқ. Бірақ, депутаттық сауалға 15 күн ішінде жауап берілуі тиіс болғандықтан, осы аралықтың соңына таман мәселе шешілді. Бұдан кейін өңірімізге қарасты елді мекендерде жайылым жер тапшы екеніне куә болдық. Себебі, ауыл маңайына шаруа қожалықтары егін егіп, өзгелердің жерін иемденіп алуы қоғамдағы үйреншікті жағдайға айналып кеткендей-ақ. Сондықтан, халық үніне құлақ асып, мұндай мәселелер оң шешімін табарына сенемін. Өйткені, қазіргі кезде игеріліп, пайдаға асып жатқан жерлер, оған қоса жерді алғанмен, оны пайдасына жарата алмай отырған аумақтар тексерілуде. Бұл – сіз бен біз көріп-естіген бір оқиға. Әлі талай мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін күш салатын боламыз.
- Депутаттар азаматтардың заңдық мүдделерін қорғау үшін не істеп жатыр? Сіздіңше, алдағы уақытта не істеу керек?
- Депутаттар адамның заңдық мүддесін қорғау үшін қоғам ішіндегі мәселені тиісті мінберлерде айтып та, көтеріп те жүр. Бұл сипаттағы мәселелердің барлығы депутаттық сауалдан бөлек, талқылау мен тұрақты комиссияның бақылауына жіберіледі. Біз қоғам ортасында жүргендіктен, депутаттарды «қоғамның барометрі» деп атауға болады. Сондай-ақ, қарапайым халық арасынан шыққан халық қалаулысы ретінде әр саладағы азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен еркіндіктеріне қатысты түйткілді мәселелерді аңғарамыз. Шешім шығарып, қаулы қабылдап, тұрғындардың ыңғайына қарай әрекет етеміз. Атап өтер болсақ, бұл бір депутаттың арыз-өтініші шеңберінде көтеруімен шешілмейді. Мәселенің мәні сарапталып, шешім шығарылады.
- Биыл заң саласында үлкен серпіліс болды. Елімізде референдум өтті. Сәйкесінше, Ата Заңның 33 тармағына өзгеріс енгізілді. Бұл аталған өзгерістер туралы не айтасыз?
- Расымен де, республикалық референдумның нәтижесінде Ата Заңымызға 33 өзгеріс енді. Мұның ішінде құқықтық саланы, сот жүйесін нығайту тармақтары қамтылған. Мұндағы сот жүйесін бейтараптандыру – азаматтық қорғау комиссиясының тікелей міндетіне жатады. Негізінен, әрбір мемлекетте соттардың тәуелсіз болуы маңызды. Ал сот өкілдеріне әлдебіреудің ықпалының жүруі, шешім шығару үшін біреудің оған әсер етуі - елдегі жемқорлықтың бастауы әрі белгісі екені түсінікті. Осы үрдістерді Ата Заңымыздағы 33 тармақты түбегейлі жаңа арнаға бұру арқылы оң жолға салдық. Тіпті, адам, халық құқығына қатысты «Жер – халықтікі» деген тармақтың енуі, қазақстандықтардың жер мен оның астындағы қазына-байлықтың иесі екенін заңды құқықпен бекітіп беруі, көпшілікті қуантқан өзгеріс болды. Сондай-ақ, Президент пен туған-туыстарына байланысты, әкімдерді сайлауға қатысты жаңашылдық – біздің демократияға қадам басқанымыздың көрінісі. Әсіресе, қоғамдағы азаматтар құқығының арта түсуіне қадам болды. Жуықта Президент тағы бірқатар заңдарға жария түрде қол қойып, бекітті. Бұл өз кезегінде жаңа Қазақстанды шынайылыққа, ашықтыққа беттеп жатыр.
- Жастардың саяси, құқықтық сауаттылық деңгейі өсті ме? Салыстырмалы түрде, өткен және бүгінгі қоғам жастарының беталысы қандай?
- Қазір адамдардың құқықтық сауаттылығы арта түскен. Оны мойындауымыз керек. Осыдан 5-10 жыл бұрынғы азаматтық қоғаммен қазіргі ортаны мүлдем салыстыруға келмейді. Қазақстандықтар өз мүмкіндіктерін заң аясында қорғауды меңгерді. Батыс елдерінде адамдар ұсақ-түйек мәселені сот жүйесіне жүгіну бойынша шешіп, дұрыс немесе қате екенін құқықтық органдар арқылы анықтауға бейімделген. Біздің елде де осы жүйеге деген бетбұрыс бар. Әсіресе, жастар өкілдері құқықтарын жақсы біледі. Күні бүгінге дейін жастар буынында өсу, жетілу, ілгерілеу бар. Әрине, құқығы мен міндеттерінен бейхабар азаматтар да жоқ емес. Бірақ ол заңды деп ойлаймын.
- Сіздің ойыңызша, ауыл тұрғындары өз құқықтарын біле ме?
- Рас, ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылықтарын арттыру үшін көмек ауадай қажет. Қазіргі кезде азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы түсініктеме беріп, ел арасында үгіт-насихат жұмыстарымен айналысып жүрген белсенді топ өкілдері бар. Бұл ретте, ауыл азаматтары арасында пікірін ашық айтып, жасқануды білмейтін азаматтар баршылық. Мұның барлығы өз міндеттері мен қажеттіліктерін талап ететін деңгейге өсіп келе жатқанын көрсетеді. Деңгейдің өсуіне әлеуметтік желінің ықпалы өте зор. Себебі, осы арқылы өзара қарым-қатынас, пікір алмасу процестері жүреді. Ауыл азаматтары ойлап жүрген сауалдарына жауап алады. Сонымен қатар, елді мекендерде кеңес алу орталықтары, арнайы топтар жұмыс істеп, заңгерлердің кәсіби көзқарастары мен ақпараттарын таратып отырады. Шалғай аймақтарды қоспағанда, ауыл тұрғындарының өз құқығын қорғай алуы, аудан орталықтары мен ірі елді мекендер деңгейі қала орталықтарынан кем емес. Бүгінгі күні құқықтық сауаттылықты арттыруға барлық мүмкіндік бар. Бастысы, талап пен ізденіс қажет.
- Қазіргі таңда әлеуметтік желіде түрлі сипаттағы бейнежазбаларды көріп жүрміз. Кез келген оқиға орнында телефонын қалтасынан шығарып, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жарияланып жатқан жағдайлар жетерлік. Осы тұста, екі ұшты жарияланымдар, шиеленіс тұстарда қалай әрекет жасаған дұрыс?
- Әлеуметтік желілерде түрлі жазба, видео-роликтер санында шек жоқ. Бастапқы кезде түрлі жағдайларды эмоциялардың деңгейінде қабылдайтын едік. Алғашқы жалт еткен видеоның әсерімен шешім шығарып, тон пішіп, үкім айтып қою қоғамда қалыптасқаны жасырын емес. Ал қазір сараптау пайда болды. Бұл да азаматтардың деңгейінің өсіп, бір жақты көзқараспен шектелмейтін буынды қалыптастырды. Нәтижесінде, сауатты журналист пен блогер саны артты. «Сөз қуған бәлеге жолығады» демекші, жаңағы «хайп» іздеп, көзге түсуге, арзан атақ пен танымалдылыққа ұмтылғандардың қоғамдағы жағдайды өз еншісіне бұрмалап, әлеуметтік желіге жариялап, шу шығаруға тырысуы - мәселенің ар-жігін ажырататын қоғамдық сананы жетілдірді. Әрине, әлі де болса, адамдарды алдарқатып, ойын сан-саққа жүгіртіп, екі ұлт арасына іріткі салатындар жоқ деуге болмас. Бұл – қоғамның дерті, арандатудың түрі. Алайда, сіз бен біздің жаңа ой-пікіріміз, әрекетіміз сана өсуіне, прогресске әкеліп жатыр.
- Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан – Махаббат ТӨЛЕБАЙ.
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
318
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
286
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
301
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
354
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
403
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
234
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
263
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
219
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
270
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
263
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
293
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
621
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
477
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
495
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
238
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
239
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
445
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
357
11 медаль!
11:05 24.01.2023
286
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
316
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
306
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
303
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
485
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
360
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
268
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
286
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
297
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
326
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2766
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2665
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2642
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2681
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2599
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2628
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2746
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2604
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2579
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2659
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2616
Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022
2700
Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022
2712
Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022
2683
Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022
2868
Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022
2760
Сенімім зор
17:06 17.11.2022
2833
Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022
2734
Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022
2855
Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022
2976
Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022
2627
Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022
2793
Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022
2850
Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022
2625
Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022
2784
Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022
2661
Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022
2964
Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022
2857
Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022
2856
Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022
2885
«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022
2894
«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022
3110