Алаш және Ахмет

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  289

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  446

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  361

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  366

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  335

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  419

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  412

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  397

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  503

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  409

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  353

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  307

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  369

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  375

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  462

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  669

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  583

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  429

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  421

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  636

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  426

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  716

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1077

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1036

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1024

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1028

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1221

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  989

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1011

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  969

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1053

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1026

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  810

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1144

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1263

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  735

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  949

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  529

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  685

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  597

11 медаль!
11:05 24.01.2023  966

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  865

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  914

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  993

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1178

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  936

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  824

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  983

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1025

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  924

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3186

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2903

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2859

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3152

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3178

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3290

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3371

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2812

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2828

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3131

Алаш және Ахмет 15.09.2022

Алаш және Ахмет

Ресей аймағындағы түркі ұлыстары өткен ғасыр басында төңкерістер әсерінен түленіп, тіршіліктерін түзей бастады. Ұлт зиялылары халқының хал-ахуалын жақсарту қамымен «бас кетсе де, тартынбас» қарекет қылды. Өйткені олардың алдында Ыбырай, Абайлар бастаған сара жол жатты. Олар ұлтына ұлағат айтып, «қараңғы қазақтың көгін» жарқы-ратып, жұлдыздай жанды, айдай аспандады. Солардың бірі - Ахмет Байтұрсынұлы. Бұған дәлел болар дәйектемені ақынның төл туындысынан да, аудармасынан да тауып, қоғамдық қызметінен де анықтарымыз айқын.

 

Санасы сергек, ойы озық сауатты қай ұлттың өкілі болсын, ол азаттық-ағартушылық бағыт ұстанады. Олардың ойынша, қараңғы халықтың бойына оқу-білім ұрығын себу арқылы прогреске шақыру – басты да, ұлттық та мақсат болуы тиіс. Бұл отаршылдық бұғауында болған түркі жұртының текті ұлдары түгел талап еткен ұлт сұранымы, уақыт талабы еді. Патшалық Ресей бодауындағы қазақ жұрты да азаттық алу үшін жұмыла күресу керектігін терең сезінді. Осы қажеттіліктен ұлттың сөнбес жады – «Алаш» идеясы жанданды. Соның негізінде ХХ ғасыр басындағы ұлттың тәуелсіздікке деген аңсарынан оның отаршылдыққа қарсы қоғамдық-саяси ұлт-азаттық қозғалысы қалыптасты. «Алдыңғы толқын ағалар» салған сара жол Әлихан, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Мағжан сынды дәстүр жалғастырушы жалынды жыршылар мен қоғам қайраткерлерін азабы мол тартысқа, айқайы көп көкпарға салды. Айтар болсақ, Aхмет Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұспа-тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Ахмет болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, патша өкіметі бекіткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Және онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілді. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде тұтқындалып, оны қазақ облыс-тарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылданды. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда көшіріліп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Орынборда өткізген кезең оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылдары өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. «Ұлттың тұтастығы – идеяда» десек, қазақ зиялыларын біріктірген қасиетті ұғымдардың бірі – Алаш идеясы еді. Ұлт тәуелсіздігіне негізделген ұстаным Ахметті әдебиетке алып келді. Ол әдебиетті халыққа әсер етуші үлкен күш деңгейіне көтерді. 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» кітабын, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағын бастырды. А.Байтұрсынұлы - өзінің қоғамдық-саяси қызметін шығармашылығымен ұштастыра білген көрнекті қалам иесі. Ол өзінің алғашқы кітабы «Қырық мысалда» Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеу-меттік сананың оянуына ықпал етті. Ұлтының ұланы, дәуірінің дауылпазы ретінде сол тұстағы халқының қамына қынжылып, қаракеттерін кейде сынап, кейде әжуалап та отырды. Әрине, онысы болашаққа терең бойлағандықтан туындаған өткір мысқылы, өртеңде өткен өмірдің өкініші екені анық. «Қырық мысал» жинағының беташары «Замандастарыма» өлеңімен: «Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген осы барым» – деп басталып, мысалдары «Аққу, шортан һәм шаян» өлеңімен жалғасады. Жинақ астарындағы тұжырым оқырманын сан қилы ойлар тұңғиығына жетелейді. Мысалдағы аққу, шортан һәм шаян хәлі қазақ қауымына жат емес-тін. Жинақтағы қырық мысалдың алғашқысы етіп дәл осы мысалды беруінде де үлкен мән бар, ол – халықты ауызбіршілікке шақыру. Алаш әдебиетінің ұраны – отаршылдыққа қарсы бірлесу мен халық ынтымағы болғандығын осы мысалдан көруге болады. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. Ыбырай мен Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңғырта отырып, Ахмет 20-ғасыр басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді. А.Байтұрсынұлының Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Ахмет 1917 жылы революциялық өзге-рістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті» арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Ол Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпы қазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп А.Байтұрсынұлын бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Осы тұста өкімет басына келген Кеңес үкіметі Алашорда басшылары мен мүшелеріне кешірім жариялады. А.Байтұрсынұлы Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 жылы 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы оның жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке атсалыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 жылы Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 жылғы 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес А.Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. 1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат берілді. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен А.Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 қазанда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда «халық жауы» атанып, атылды. Байқауымызша, ұлттық қасиеттерді бойға дарытқан зиялылар басқа халықтардың да мұң-мұқтажын, мұрат-мақсаттарын түсінеді. Сөйтіп, ұлт мүддесі жолында тізе қосып, күш біріктіреді. Олар ұлт руханиятының өрлеуі жолында, халық өмірін қайта құру мақсатында еңбектенеді де. ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері қоғам өмірінің объективі тұстарын өзгертуді күшпен емес, сананың сол процеске енуі арқылы жүргізілуге тиіс деген түйінді пікірді қуаттады. Олар иық тіреген басты концепция - бостандық пен рухани езгіден құтылу және халықты жалпы адамзат құндылықтарымен нәрлендіру секілді мақсаттарға негізделді. Нақтылай айтқанда, олар қазақ елінің өркениетті, егеменді мемлекет болып, дамыған елдер қатарынан көрінуін мұрат тұтты. Ол мақсат-мұраттардың негізі байырғы төл мәдениетіміздің өрісі мен рухани дүние өресінде екенін зайырлы қауым өкілдері жете түсінді. Сондықтан олар империя кезінде бастаған іс-әрекет, қимылдарын қызыл үкімет тұсында да жалғастырды.                Алайда, елдің санасын сергілтіп, намысын найзаға іліп, халық арасында рухани қозғалыс туғызған бұл үрдістің адымы ұзаққа бармады. Кеңестің келеңсіз саясаты ұлттық зиялылардың дұрыс пайымдарын пайдаға асырмай, оң істерін теріске айналдырды. Сөйтіп, ұлтына «ұлтан, атына тұрман» болуға даяр арда ұлдар мен асыл арыстардың бостандыққа деген шабыты ұзаққа созылмады. «Алаш» қозғалысы қарулы басқыншылықпен таратылғаннан кейін жеңіс жырының орнын қасіретке толы ғұмырлар алмастырды. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы қайраткер көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды. Бүгінгі күні Қазақ елі өз алдына мемлекет болып, босағасын бекітіп, рухани жаңғыру кезеңін бастан кешіріп жатса, оған Ахмет Байтұрсынұлы сынды Алаш арыстарының еңбегі ұшан-теңіз екені айдан анық.

        Сейфетдин Сүтжанов, әдебиетші-ғалым.

 


Количество показов: 3525

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  289

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  446

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  361

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  366

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  335

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  419

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  412

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  397

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  503

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  409

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  353

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  307

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  369

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  375

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  462

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  669

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  583

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  429

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  421

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  636

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  426

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  716

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1077

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1036

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1024

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1028

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1221

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  989

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1011

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  969

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1053

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1026

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  810

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1144

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1263

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  735

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  949

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  529

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  685

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  597

11 медаль!
11:05 24.01.2023  966

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  865

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  914

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  993

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1178

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  936

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  824

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  983

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1025

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  924

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3186

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2903

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2859

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3152

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3178

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3290

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3371

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2812

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2828

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3131