Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
319
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
286
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
302
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
354
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
403
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
234
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
263
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
219
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
270
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
263
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
293
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
621
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
478
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
495
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
238
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
239
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
445
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
357
11 медаль!
11:05 24.01.2023
286
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
316
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
306
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
303
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
485
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
360
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
268
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
286
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
297
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
326
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2766
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2665
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2642
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2681
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2599
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2628
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2747
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2604
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2580
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2659
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2616
Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022
2700
Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022
2712
Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022
2683
Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022
2868
Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022
2760
Сенімім зор
17:06 17.11.2022
2833
Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022
2734
Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022
2855
Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022
2976
Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022
2627
Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022
2793
Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022
2850
Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022
2625
Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022
2784
Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022
2661
Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022
2964
Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022
2857
Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022
2856
Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022
2885
«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022
2894
«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022
3110
Павлодар өңірінде «Алтын адам және Дала империясы» көрмесі көпшілікке ұсынылуда. Бірегей шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруда. Жұртшылық құнды жәдігерлерді 25 қарашаға дейін «Ertis» музейінде тамашалай алады. Аталмыш көрме Республика күніне және Г.Потанин атындағы облыстық өлкетану музейінің 80 жылдығына орайластырылды.
Көрменің мақсаты – Қазақстанның ежелгі тарихын, бай материалдық және рухани мәдениетін, атап айтқанда, біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдықты қамтитын скиф-сармат кезеңінің зергерлік бұйымдарын таныту, Қазақстанның мәдени мұрасын таныстыру. Көрмеде 1969 жылы белгілі қазақстандық археолог Кемел Ақышевтің Есік қорғанынан ашқан, сақ мәдениетінің заттарына жататын және V-VI ғасырларға тән алтын адамның реконструкциясы ұсынылып отыр. Салтанатты іс-шараға қызығушылық танытқан ғалымдар, өлкетанушылар, мәдениет қайраткерлері, ардагерлер мен музей ісінің қызметкерлері, тарихшылар мен қала тұрғындары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, залдағы жәдігерлер ел тарихындағы ауқымды кезеңді қамтитын ерте темір дәуіріне тән археологиялық олжалардан тұрады. Белгілі болғандай, б.з.д. І мыңжылдықтың алғашқы ширегінде Қазақстан аумағындағы тайпалар көпшілігі мал шаруашылығымен айналыса бастайды. Шаруашылықтың түрі өзгеріп қана қоймайды, сонымен қатар темірден жасалған құралдарды пайдалана бастайды. Қоғамда мүлік теңсіздігі - топтардың шығуына негіз болды. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік жіктелу процесі, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын мемлекеттіктің іргесі қаланып, ерте таптық қоғам пайда болады. Археологиялық зерттеулерге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында («Авеста») «Жүйрік атты турлар» деп атаған, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Бұл тайпалар бағалы металдарды (алтын, күміс) өндіру және олардан зергерлік бұйымдар жасау әдістерін игерді. Ежелгі заманнан алтын көптеген халықтың өмірінде, дүниетанымында және саудасында маңызды рөл атқарды. Алтын әсемдігімен, икемділігімен және беріктігімен бағалы саналды. Ұлан-байтақ даламызда тау-кен ісінің қарқынды дамығаны көптеген археологиялық ашылымдар мен жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде дәлелденіп отыр. Металл өндіру тәсілдерінің өнертабысы жаңа тарихи дәуірді ашып, адамзаттың даму барысын өзгертті. Көне заманнан бері Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан өңірлерінде таукен өндірісінің ошақтары, қола, мыс, қорғасын, темір, күміс және алтын балқыту орталықтары пайда болды. Ежелгі зергерлер сәндік- қолданбалы алтын әшекейлер жасауда бірнеше әдістер қолданды: құю, штамптау, қалыптау, полихром, рельеф және т. б. «Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы Даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Ежелгі мұрамыздың жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған. «Аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады. Аң стилінің жарқын үлгісі - бұл көрменің негізгі жәдігерлері,», дейді Ұлттық музейдің экскурсиялық жұмыстар музей педагогикасы және экспозициялық залдарды сақтау қызметінің әдіскер маманы А.Жұмағұлова. Көрмеге қойылған ең басты жәдігер - бірегей байлығымыз, еліміздің басты мәдени құндылығына айналған «Алтын адам». Оның киіміндегі әшекей бұйымдары жұртшылыққа аса қызықты екені белгілі. Тарихтан белгілі, «Алтын киімді жауынгер» қазақ халқының атақты ғалымы, академик Кемел Ақышев бастаған археологтар тобы Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік обасынан 1969-1970 жылдары қазба жұмыстары нәтижесінде тапты. Бұл қорған IV-III ғасырларға жатады. Есік сақ көсемінің 4000-нан астам әшекейлері сол кездегі металды өңдеу, бұйым соғу, қалыптау, нақыштау, дәнекерлеу, алтын жалатпа, тегістеу тәрізді техникалогияны қолдана отырып жасағаны көрінеді. Бұйымдарда тау барысы, арқар мүсіні, ағашқа қонған құс мүсіні, таутеке, мүйізді, қанатты аттардың мүсіндерінің бейнеленуі ежелгі бабаларымыздың дүниетанымының әралуандылығын көрсетеді екен. Ғалымдардың пайымынша, Алтын адам киімі әлеуметтік дәрежесі жоғары көсем немесе жауынгерді мәңгілік сапарға аттандыруға арналған ақыреттік киімі саналады. Киімді безендіруге арналған алтын бұйымдар түрлі бейнелерге негізделген. Мысалы, жәдігер – ежелгі дәуірде қазақ жерін мекендеген көшпенділер тарихынан, тұрмысы мен мәдениетінен хабар беретін, бүгінде әлемдік мәдени құндылықтар қатарына енген бірегей туынды. Бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер әлемнің төрт жағын бейнелейді. Ал құстың қанаттары жоғарғы билікті, жоғарғы әлемді білдіреді. Құстардың бейнелері негізінен көк аспанның нышаны болып есептеледі. Сондай-ақ, құс көсемнің билік нышаны да болып саналған. Таудағы барыс – бұл образ жоғарғы әлем – аспанды білдіреді. Жалпы алғанда жоғарғы дүние мен адамдар әлемін байланыстырушы - «әлемдік тау» деген мағына береді. Жауынгер идеалын кейіптейтін барыс бейнесі ержүректіліктің, еркіндіктің және патшалық тұқымның нышаны санатында есептелген. Бас киімінің маңдай тұсында қанатты тұлпарлар бейнеленген. Археолог Бекмұхамбет Нұрмұханбетовтің айтуы бойынша: «Елтаңбамыздағы қос пырақ – сақ патшалары тәжінің негізі. Яғни «Қазіргі мемлекетіміз – бұрынғы сақ мемлекетінің мұрагері» деген мағына береді. Жылқы – сыннан өткен дос, жолдас, соғыс қаруы, ата-бабалар дүниесімен қарым-қатынас құралы ретінде көрінеді. «Есік Алтын адамының» табылғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, алтынға малынған сақ жауынгері мен сәндік бұйымдары әлем жұртшылығын таң қалдыруда. Бүгінгі таңда «Есік Алтын Адамы» Ел егемендігінің нышаны саналады! Көрменің бір бөлігі Берел қорымынан табылған жәдігерлерге арналған. Берел обалары Қазақ Алтайының табиғаты көркем таулы аймағында орналасқан. Мұнда 1997-1999 жылдары атақты ғалым З.Самашевтың жетекшілігімен халықаралық археологиялық экспедиция зерттеу жұмысын жүргізген. Зерттеу тобы қазба жұмыстары барысында текті әрі билеуші лауазымды тұлға мен әйел адамның жерлеу қабірін ашқанда, мәйітпен бірге жерленген салтанатты ат-әбзелдері түгел жарақталған он үш жирен сарғыш түстегі жылқы табылған. Ат-әбзелдерінің қайысты өмілдірік, құйысқан тартпалары мен тоқымдары скиф-сібірлік аң нақышында безендірілген. Жерлеу орны б.з.д. IV-III ғғ. жатады. Жалпы алғанда, ұлттық музейдің жәдігерлеріне көз салған қазақ топырағының төрт тарабынан табылған құнды ескерткіштер Орталық Азияның ежелгі көшпенділері – сақтар, сарматтардың ғана емес, сонымен қатар тұтастай Еуразия көшпенділерінің алдыңғы қатарлы мәдениеті мен өркениетінің жарқын көрінісі, олардың адамзат мәдениетінің дамуына қосқан үлесі екеніне көз жеткізеді. «Алтын адам және Дала империясы» көрмесіне келушілер тарихтың ұмытылмас сабағына куә болады.
Өз тілшіміз.
Суреттерді түсірген - Константин Шелков.
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
319
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
286
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
302
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
354
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
403
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
234
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
263
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
219
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
270
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
263
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
293
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
621
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
478
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
495
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
238
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
239
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
445
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
357
11 медаль!
11:05 24.01.2023
286
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
316
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
306
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
303
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
485
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
360
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
268
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
286
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
297
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
326
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2766
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2665
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2642
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2681
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2599
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2628
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2747
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2604
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2580
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2659
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2616
Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022
2700
Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022
2712
Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022
2683
Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022
2868
Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022
2760
Сенімім зор
17:06 17.11.2022
2833
Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022
2734
Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022
2855
Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022
2976
Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022
2627
Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022
2793
Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022
2850
Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022
2625
Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022
2784
Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022
2661
Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022
2964
Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022
2857
Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022
2856
Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022
2885
«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022
2894
«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022
3110