Қаршадай қыздың қаһарман ерлігі

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  69

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  67

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  91

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  73

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  101

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  106

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  82

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  105

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  113

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  82

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  84

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  109

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  94

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  298

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  345

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  336

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  267

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  251

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  378

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  260

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  361

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  707

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  660

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  646

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  670

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  843

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  610

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  633

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  582

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  666

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  639

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  475

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1061

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  881

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  643

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  592

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  378

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  591

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  514

11 медаль!
11:05 24.01.2023  598

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  607

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  546

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  618

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  811

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  591

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  468

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  609

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  635

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  567

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  2922

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2813

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2780

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  2868

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  2828

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  2926

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  2997

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2726

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2724

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  2848

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  2778

Қаршадай қыздың  қаһарман ерлігі 20.10.2022

Қаршадай қыздың қаһарман ерлігі

Ұлы Отан соғысы жылдарында қасықтай қаны қалғанша қасқайып жауға қарсы тұрған қайсар батырларымыз жетерлік. Батыр дегенде көзімізге нар тұлғалы, алып денелі баһадүрлер елестейтіні жасырын емес. Алайда, батыл ерлермен қатар, сол сұрапыл соғысқа жаны нәзік, өрімдей өжет қыздарымыз да қатысты. «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз» деп арнайы өтініш жазып, соғысқа сұранған Мәншүк Мәметованың осы бір сөздері алдаспан-намысты азаматтың бойын шымырлатпай қоймасы анық. Әйелдер арасынан ең алғаш «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған батыр қыздың туғанына биыл 100 жыл толып отыр.

Мәнсия-Мәншүк

Мәншүк Мәметова – Исатай мен Махамбеттей жаужүрек батыр тұлғаларды, Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек сынды өнер тарландарын дүниеге әкелген шежіреге толы киелі мекен Бөкей ордасының тумасы. Батыр қыз Жиекқұм ауылында Шеркеш руынан Жеңіскәлі мен Тойылшаның отбасында дүниеге келді. Халқымыздың әдет-ғұрпын жақсы сақтаған ауыл ақсақалдары дастархан басында азан шақырып сәбиге Мәнсия есімін берді. Екі ұлдан кейін қыз күткен әке-шешесі Мәнсияға ерекше қарады. Мәнсия кішкентайынан өткір бала болғандықтан, ата-анасының оған деген мейірімі де ерекше болды. Қызының қарақаттай мөлдіреген дөңгелек көздеріне қарап «Моншақ» деп еркелетті. «Иә, бұл - біздің жарқыратып мойынға тағарымыз! Бұл - маздаған моншақ!» - деп аялап өсірді. Бүлдіршіннің тілін қызық көріп, «атыңды айтшы, Моншақ деші» - деп Мәнсияны сөйлетуге тырысатын. Сәби тілі келмей қиналса да:

- Мән-мән деп, кібіртіктеп бөгеліп барып, шүк, - деп тағы бір буынды зорға жалғап айтқан екен. Қыран-топан күлкіге батқан ата-анасы мен ағалары Нағи мен Қадыр «бұл қыз Мәнсия да емес, Моншақ та емес, Мәншүк», - деп ішек-сілелері қатқанша күліпті. Осылайша Мәнсия Мәншүк атанып кетсе керек. Бара-бара есімін құжаттарға да солай жазыпты. Батыр қыз осы аяулы есіммен бүкіл майдан даласына Батыр Мәншүк атанды. 1927 жылы бұрынырақта Мәншүктің ата-анасы тұрған Жәнібек ауылына Саратов қаласынан университет түлектері ерлі-зайыпты Ахмет пен Әмина Мәметовтер ағасы Қанатқа қыдырып келеді. Қанаттың отбасы інісі мен келінінің келуіне байланысты қонаққа жақын тумасы Мәншүктің әке-шешесі Жеңіскәлі мен Тойылшаны шақырады. Олар өздерімен бірге көзі қарақаттай Мәншүкті ілестіріп әкеледі. Ахмет пен Әмина кішкентай, сүйкімді қызды ұнатып қалады. Мәншүктің ата-анасы ерлі-зайыптыларды өз үйлеріне қонаққа шақырады. Үй иесінің қонақасы беруі аяқталар уақытта, қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша жас отбасы перзент сүйе алмағандықтан кішкентай Мәншүкті асырап алуды сұрайды. Әрине, әке-шеше үшін бір шешімге келу өте қиынға түсті. Алайда, олар сүйікті Мәншүгінің білімді адамдардың қолында тәрбиеленіп, қалалық жерде білім алуға зор мүмкіндігі барын ескеріп, қимастықпен беруге келіседі. Шынтуайтында, Мәншүктің анасы Тойылша қызын беруге қимайды. Ахмет: «Оқытамын, тәрбиелеймін, бірақ өз атыма көшіріп аламын» деп қиылып қоймаған соң, Жеңіскәлі: «Жақсы көретін інім едің, көңіліңді қалдырмайын, енді саған аманат», деп Мәншүкті немере інісімен келініне біржола тапсырады.

Зиялылар ортасында

 

Ахмет - дәрігер, Әмина - педагог. Алғашқы еңбек жолдарын 1927 жылы Маңғыстауда бастап, кейіннен Семей қаласына ауысады. Семейде Мәншүк алғаш мектеп табал-дырығын аттап, 1-сыныпқа барады. Мәншүк сабағын өте жақсы оқып, әкесінің айтқанын екі еткізбейтін көз қуанышы болады. Әкесі Ахметтің Саратов қаласындағы ординатура бөліміне түсуіне байланысты, 1930 жылы қоныс аударады. Оқуын ойдағыдай тәмамдаған соң Мәметовтер Алматы қаласына көшіп келеді. Ахмет Республика астанасында интеллигенттер ортасында танымал азамат болды. Ол Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбанов тәрізді ірі қоғам қайрат-керлерімен тығыз қарым-қатынаста болды. Мәметовтер шаңырағында ғылым, өнер саласындағы адамдар жиі бас қосты. Бұл зиялы орта Мәншүктің тұлға болып қалыптасуына мол септігін тигізді. 1932 жылы Батыс Қазақстан облысының құрылуына байланысты Ахмет пен Әминаны Орал қаласына жұмыс бабымен шақырады. Олар жоғары білімді мамандар есебінде жаңадан ашылып жатқан білім беру және денсаулық сақтау саласында басқарушы қызметіне тағайындалады. Ерлі-зайыптыларға №51 көшесіндегі қазыналық пәтер беріледі (қазір Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың мемориалдық мұражайы осы ғимаратта орын тепкен). Сол 1932-1934 жылдары Мәметовтар отбасы, осы қазіргі мұражай ашылған үйде тұрмыс құрған көрінеді. 1934 жылы Ахмет, Әмина Мәметовтар Алматы қаласына жұмысқа шақырылады. Бұл Мәншүктің он жасқа аяқ басып, есі кіріп қалған кезі. Мәншүк Алматы қаласындағы №28 орта мектепте оқыды. Дәл осы жылы Мәншүктің туған анасы Тойылша, араға екі жыл салып әкесі Жеңіскәлі қайтыс болады. 1938 жылы қаңтар айында дәрігер Ахмет Мәметовті жазықсыз жаламен «халық жауы» деп ұстап, абақтыға қамайды. Сол жылы ату жазасына кесілген. Мәншүктің соғыс алдындағы тағдыры өте қиын болды. Ахметтің зайыбы - Әмина бұл іске байланысты жиі жауапқа алынып, оның әрбір басқан ізі аңдулы болды. Әминаға халық жауының әйелі ретінде қарап, тіпті кейбір бұрынғы достары Мәметовтер отбасынан теріс айналды. Бұл адам төзгісіз жағдай Әминаның мінезін күрт өзгертіп, ашушаң болды. Материалдық жағдай қиынға түсті. Мәншүктің туған әке-шешесі өмірден өткен жылдары екі ағасы Нағи мен Қадыр Ахметтің ағасы Қанаттың қамқорлығында болды. Нағи ержеткен соң Ордадан Орал қаласына оқуға келеді. Қадыр Орал пединститутын тәмамдаған соң, әскер қатарына шақырылады.

Қуғынға түскен әке

Мәншүк институтты тастап, үкіметтің басқарма істерінде хатшы ретінде жұмысқа орналасады. 1940 жылы жалғыз қалған Мәншүк Ордадағы жақындарына өзінің ауыр жағдайын, жан-жақтан органдардың қысым көрсетулеріне байланысты шарасыздан оқуын тастап, жұмысқа кіретіндігін, материалдық қолдау керектігін айтып хат жазады. Бірақ тумалары «халық жауының қызы» деген атақтан үркіп, байланыс жасауға қорқып, Мәншүктің хатына жауап бере алмайды. Орда ауданындағы ең жақын адамы Қанаттың әкесі Ахметпен жақын-туыстығын ГПУ тергеп-тексеріп, ақыры партия қатарынан тықсырып қуып тынған еді. Ақыры қызметтен алынып, жұмыссыз қалғандықтан күн көріс мәселесі де қиынға соққан. 1941 жылдың бас кезінде Мәншүк Әмина апайдың үйінен жатақханаға кетеді. Мәншүктің замандас досы, белгілі жазушы Ілияс Есенберлин батыр қыздың табандылығын былай еске алады: «Біз, екі жігіт, Мәншүктің жақын достары, барлық қиыншылық, ауыртпалықты көрдік, тірідей жетім Мәншүкті барынша жұбатып, демедік. Ол әкесі Ахметтің ұсталып кеткеніне қатты қайғырды, ешқандай тағат таппады, әкесімен кездесуге сұранды, инстанция бойынша да жазды, яғни әкесі Ахмет Мәметовтің кінәлі емес екендігін дәлелдеу үшін. Бірақ өкінішке қарай, мұның бәрі бос әурешілік болды. Бір кешкі уақытта біз оның байлығы: шереден жасалған сандықша толы жеке заттарын алып, үйінен жатақханаға көшірістік. Жұмыстан бос кезімізде Мәншүктің жанында болуға тырыстық». Алдағы жоспар, атқарылатын жұмыс - бәрі де артта қалды. Барлығының уайымы мен мақсаты біреу – жаумен күресу. Ең жарамды, күш-қайраты мол таңдаулы жастар фашистерге қарсы соғысқа аттанды. Бұл кез Мәншүктің 18 жасқа толған уақыты. Ол тез есейіп, өз еркімен майданға аттанып, Отан қорғаушылар қатарында болсам деген батыл шешім қабылдады. Бір жылға жуық уақыт өз еркімен майданға баруға өтінішін қана-ғаттандыру мақсатында дегенінен қайтпай әскери комиссариатқа барып, есігін тоздырумен болды. Өз өтінішінде былай деп жазды: «Мен Мәметова Мәншүк, 1922 жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келгенмін. Ата-анам қазіргі уақытта қайтыс болған. Жұмысшы факультетін оқып бітіргенмін, қазір Халкомкеңесте халық комиссарлары кеңесі төрағасы орынбасарының жеке хатшысы болып қызмет етемін. Өмірбаяным жөнінен қысқаша мағлұмат бере отырып, Сізден ағаларыммен және апаларыммен (қарулас) бірге фашист-қарақшыларды талқандап құрту үшін мені майданға жіберуіңізді сұрағым келеді, өйткені майданға баратындай ағайым да, апайым да (отбасым да) жоқ, сол себептен де өзім сұранамын. Өтінішімді қанағаттандыруыңызды сұраймын. 1939 жылдан комсомол мүшесі. 27.08.1941ж. (М.Мәметова)».

 

Майданға сұранған Мәншүк

 

Шындығында, ол кезде үкіметтің әйелдерді әскерге алу туралы жарлығы болмаған еді. Қазақ бойжеткендерінің 18 жаста әдемі көйлектерінің орнына гимнастерка, туфлиді керзі етікке ауыстырып, туған жерінен ұзап, соғыс жүріп жатқан ұрыс даласына аттану, нағыз қанда бар қайсарлықты білдірсе керек. Мәншүктің майдандас досы Александра Прокепенко онымен танысқан уақытын былай еске алады: «...Біздер, орыс қыздар Мәншүкті Маша деп атасақ, ол сол арада жігерлі үнмен, мен қазақ қызымын, мен Мәншүкпін, дәл осылай атаңыздар деп нақпа-нақ жауап берді. Ол туралы басқа таныстары да «Қарай гөр, нағыз характерлі қыз» деген ой түйді. Майданға бара жатқан барлығымыздың ішімізден ең кішкентайы әрі ең нәзік, сүйкімдісі де Мәншүк болатын. Қасындағылардың оған бірден көңілдері ауды... Ол бізбен емін-еркін әңгімелесіп, күліп отырады, ал ерлер жағына келгенде ол өзін қатты және байсалды ұстайтын. Мәншүк бізге қай-қай жағынан да ұнаушы еді, ең алдымен оның адалдығы мен ашықтығы қатты ұнайтын. Әсіресе, ол бізді парасаттылығымен таңқалдырды». Батыр қыз туралы жауынгер жазушы Әзілхан Нұршайықов көп естелік қалдырып, таптырмас ақпаратқа қанықтырып кеткен еді. «Мәншүк арқасында келе жатқан автоматын сырғытып алдына шығарды. Домбыра пернесін қуалаған сияқтанып, стволдың сағағын нәзік саусақатырының ұшымен жып-жып еткізіп, басып-басып қойды. Содан соң оң қолының саусақтарын сәнмен тарбита ұстап, сәл бөгелді де, автоматтың ағаш дүмін қағып-қағып жіберді. Мәншүктің қазақтың атақты әншілерінің осы бір кербез қылығын есімізге түсірген бұл ерке қимылына бәріміз мәз бола күлдік. Ол өзінің нәзік, сонымен бірге асқақ әуенімен «Қара торғайды» бастады. Алғашында жігіттер оған үн қосудың орнына сілтідей тынып, тыңдап қалды.

Ке-ле-ді қа-ра тоо-ор-ғай қа-нат қа-ғып,

Ас-ты-на қа-на-ты-ның аа-ай маржан та-ғып а...а...ау.

Мәншүк осылай деп ән бастағанда жабығып тұрған жасыл орманға жан біткендей болды. Орманның бар әсемдігі елең етіп, жас жапырақтар жабыла алақан соғып жіберген тәрізденді. Орман ғана емес, өзіміздің де кезерген еріндерімізге күлкі жүгірді. Әлдене жүректі шымшып, қос көзге бір ыстық леп ұрғанға ұқсады. Көз алдымызға қызғалдағы жайқалған кең дала елестеді. Кішкентай қанаттары жалп-жалп етіп, бізге қарай қаннен-қаперсіз қара торғайлар қаптап ұшып келе жатты. Қара торғайлардың ар жағынан туған ауылдың түтіні будақтап, бізді өзіне шақырып, күтіп тұрған тәрізденді. Бұл біздің соғысқа келгелі қазақ қызының аузынан естіген тұңғыш әніміз еді. Оның үстіне, жасынан әнді сүйіп өскен Мәншүк мектепте, рабфакта оқығанда үнемі хор үйірмесін басқарыпты. Мәншүктің әншілігіне біздің ел әнін салғанымыз қосылып, қыздың дірілдете шырқаған үні біздің жүрегіміздің барлық қылын қозғап, оның неше алуан иірім, ырғақтарын ұйқыдан оятып, лепіртіп, асқақтатып, шалқытып жіберген сияқтанды». Майдан даласына аттанған поезд қазақстандықтарды Ярославск облысы Бабушкино қаласына жеткізді. Мәншүк мұнда Қызыл Армияның жауынгері болды. 1942 жылы қыркүйек айы бойы Мәншүк қызмет еткен бөлімше күшейтілген түрде әскери дайындықпен айналысты. Мәншүк штаб жанындағы оқу ротасына кіші командир болып қабылданды. Мәншүк өзінің тәртіптілігі, жинақылығымен командирлер құрамының көңілін аударды. Ол ер солдаттармен иық тірестіре бірдей жүрді. Олардың істеген жұмысын да бірге атқарысты. Күздің жаңбырлы күндері шинелі, керзі етігі су болып жүрген кездері жиі болды. «Максим» пулеметінен, винтовка, автоматтан атуды үйренді. Майдан даласында Мәншүк батылдығымен, өжеттілігімен және қару-жарақты қолдану шеберлігімен көзге түсті. Сондай-ақ, жаралы жауынгерлерді өлім аузынан құтқара отырып, санитарлық қызметті де бірге ала жүрді. «Шынашақтай болғанмен жасқанбай батыл қимылдайтын әрі қайратты еді. Мәншүктің алдында азаматтық биіктен табылу барша жігіттер үшін үлкен сын болды, ол бар жерде ынжықтық, ездік білдіру мүмкін емес еді» деп еске алады майдандас достары.

 

Мәңгілік ұрыс даласында

 

1942 жылдың 23 желтоқсанында Мәншүк Великие Луки қаласы үшін болған сұрапыл соғысқа тікелей қатыса жүріп, майдандағы ұрыс даласында санитарлық нұсқаушы болып шайқасқа түсті. Мәншүк соғысқа дейін әкесі Ахмет секілді дәрігер болуды армандады. Ол көптеген жаралы жауынгерлерді қорғай жүріп, жараланған пулеметшіге кезігеді. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қасындағы пулеметке ие болып, «Максимінен» оқты үдете бастайды. Мәншүк осындай үлкен азаматтығымен ротаны жаудан құтқарып қалады. Ұрыс даласында бірнеше солдатынан айырылған немістер артқа шегінуге мәжбүр болады. Бұл Мәншүктің майдан даласында көрсеткен алғашқы ерлігі еді. Сын сағатта оның жігерлі жүрегі «Отан үшін жан пида» деп атойлап соқса керек. Мәншүктің осынау ерліктері оның «пулеметші боламын» деген арманына да жеткізді. 1943 жылдың күзінде жауынгерлер қорғаныс шептерінде болған уақытта командир Мәншүктің алғы шепте болғым келеді деген өтінішін қанағаттандырды. 1943 жылы 15 қазанда Мәншүктің батальоны Изоча станциясын жаудан азат етуге қатысатыны туралы бұйрық алды. Таңертең ертемен ұрыс басталды. Жауынгерлерге станцияны еш шығынсыз алу туралы бұйрық берілді. Көп кешікпей немістер қарқынды түрде қарсы шабуылдарын бастап кетті. Кіші лейтенант Болат Ахметжанов аталмыш ұрыс туралы естелігінде мынадай деректер келтіреді: «Біз жақтан адам өлімі көп болды, сондықтан позицияны тастап, артқа шегінуге мәжбүр болдық. Кері шегінер жолда басынан жарақаттанған, ұрыс даласында бір өзі ғана қаза тапқандардың пулеметін қайта түзеп орнына қойып жатқан Мәншүкті көрдік. Біз одан 4-5 километр қашықтықта алшақ тұрғанбыз, оған бізбен бірге жүр дегенде, ол: «Өздерің бара беріңдер, егер мен кетсем, сендерді кім қорғап қалады?» деп қарсылық білдірді. Ол көнбегесін, біз кете бердік. Біраздан соң тылда өлі тыныштық орнады, біз бір-бірімізге аң-таң күйде қарап: «Бәрі бітті» дедік. Одан әрі Болат Ахметжанов естелігін былай аяқтайды: «Осыларды еске түсіре отырып, менің айтқым келетіні, егер Мәншүк бізді жаудан қорғап қалмағанда, қазір тірі болмас едік, сондықтан біз өмір бойы Мәншүк үшін қарыздармыз!». Қан майданда дұшпанға қарсы өзінің «Максимімен» құйындата оқ боратқан жаужүрек қыздың бойын батылдық пен ашу кернеп, ол өзін іштей қайраттандыра, жігерлендіре түсті. Жүздеген неміс қайсар пулеметші қыздың нысанаға дәл тиген оғынан қырылды. Фашистер Мәншүктің «қаһарлы пулеметінің» көзін жоюға бар күш-жігерлерін сала түсті. Осылайша жаумен қасқая күрескен қайсар қыз, нағыз батырлық пен қайсар мінезін танытып, 1943 жылы 15 қазанда ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты.

 

Қазақ халқының қаһарманы

Батыр қыздың ерлігі туралы хабар аңыздай әсемделіп, майдан даласына әп-сәтте тарады. Аймаңдайлы арудың абырой-даңқы асқақтай түсті. Майдан даласындағы қарулас достары оны өнеге тұтып, мақтаныш етті. Мәншүктің есіл ерлігі, аяулы есімі барлық тілдерде радиодан айтылып, газеттер жарыса жазды. Изоча станциясы үшін болған ұрысқа қатысушы Ахметқазы Болатов Мәншүк туралы естелігінде былай дейді: «Мәншүк Мәметоваға қаза тапқаннан соң 6 ай уақыт өткеннен кейін «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді». Мәлік Ғабдуллин Мәншүктің ерліктерін дәлелдейтін құжаттарды қайта рәсімдеуге қол жетікізіп, КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының бұйрығымен 1944 жылы 1 наурызда Мәншүк Мәметоваға «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Он саусағынан өнер тамған әрбір қазақ қызының сөз маржанымен кесте тігіп, ой өрнегін ақ қағазға таңбалай білетін қасиеттері ешкімге таңсық емес. Ал батыр аруымыздың қысылтаяң кезеңде барлығынан абыройын жоғары қойып, ұлтты ұйыстырған ұранды сөздері бүгінгі бойжеткендерге үлкен үлгі, өрелі өнеге болып қалды.

 

Әзірлеген – А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ. (Мақалада келтірілген деректер Батыс Қазақстан облысындағы Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық мұражайдың жеке қорынан алынды.)

 

Жыр-жаңғырық

Қалижан БЕКХОЖИН

Албырт ақын мен қайсар қыз туралы хикая

Сұр бұлттар Алатаудың басты шыңын,

Шұбырып тобырындай басқыншының.

Астана – боздақтардан қалды босап,

Отатқан ормандай бір басылмай,

Жауыз жау езген жұрттың көз жасындай, Ерлерді тиеп алып майдан жаққа,

Ағылды күндіз-түні поезд тынбай...

Кездестім абыржыған Абдолламен:

– Күйрей ме сұмдар жаншып қайран әлем?

Жүрем бе қызық қуып, әңгі болып,

Жөнелем өз еркіммен майданға мен!

«Төнгенде қауіп-қатер халқымызға

Әуейі жырмен босқа шалқимыз ба?

Естідім кеше ғана, өзі тілеп,

Майданға аттаныпты Мәншүк қыз да.

«Ыза бар осы қыздың кеудесінде,

(Соғысқа кетті, білем, теңдесі де).

Көрейін қыңыр қыздың өрлігін мен,

Шайқаста, жанталасқан қан кешуде.

«Алдымда не әзірлеп тұр сиқыр ғалам?

Қоштасам қазір шашпен қыз сипаған.

Фотоға түсейік, жүр, шашым барда,

Қалдырам жырларымды, досым, саған...»

Суретке түстім доспен, нәзік сырлы,

Күрсінді... ойда қандай назы тұнды, –

«Айрылам шаштан, достан, – деп суреттің

Сыртына жедел мына жазды жырды:

«Өткен соң кім сағынбас жастық шағын,

Жалын жүз, жас махаббат аруларын.

Айлы түн, жасыл өлке, ағын суын,

Айырылысқан қол алысып, сүйіп жарын.

О, дүние! Албырт шағым желдей естің,

Ойыны тарқап кетті-ау думан кештің.

Құс болып қанат қағып ұшар едім,

Артынан жетпеймін-ау со бір кештің.

Ақын дос, өлеңімнен өзің көрген,

Ескерткіш, еске түсер мәз күндерден.

Ай өтер, жылдар өтер, жоғалсам да,

Жоғалсам қайран жырым назды сырмен...»

Жазды да күрсінді ол: «Осындайда,

Думанды қыздыратын Қасым қайда?

Жас өндір поэзия шоғыры едік,

Дариға, қайта сол топ қосылмай ма?»

Сырластық кешке достар қалған шағын,

Дәуірдің аңсап ізгі болашағын.

Еске алдық, мәз-мереке күнімізді,

Елестеп балауса күн, тамаша күн...

... Майданға кетті самғап боздақ ақын,

Қияға сермей алмай сөз қанатын.

Өксідім қалған жандай ессіз үйде,

Ішімде қапалықтан маздап отым.

Жау өртін жайды жалпақ атырапқа,

Шарпылды талай мекен оқ пен отқа.

Шайқаста жанталасты жауынгерлер,

Кешікпей мен де әскерлік тұрдым сапқа.

Көп болды жойқын соғыс асқынғалы,

Обырлар өршіп алға басты тағы.

Орыстың ормандарын жайпап өтіп,

Қоршауға таяу қалды Москваны.

Долы қыс, тобыр жаудай борандаған,

Хат келді бірде маған Абдолладан:

«Шайқастан пулеметті шықтым бұрқап,

Сұмдарға аждаһадай жалмаңдаған.

Кеудемде буырқанған жырларым көп,

Толқимын ерлік-аңыз сырлар іздеп.

Майданда дәуірледі қайсар Мәншүк,

Жайратқан құзғындарды қыран қыз деп.

Арманым - өжет қызды көрсем бір сәт,

Алдында бас иер ем жайып құшақ.

Жазар ем қаһарман қыз жайлы дастан,

Дариға, бізге дарқан орала ма шақ?

Лирикам ауды соғыс сарынына,

Тұтанды жас жігерлі шағым мұнда.

Қош, досым, жау тобырын тойтаруға,

Шығамыз бүгін түнде шабуылға...»

...Дүркіндеп айлар өтті дүрбелеңмен,

Құтырған аңдай дұшпан өршеленген.

Майданның шерулерін жырмен шертіп,

Сайысқа әзір сапта жүрген ем мен...

Сүйсіндім қыз Мәншүктің ерлігіне,

Сайысқан өжеттермен өрде бірге.

«Ерлікпен қаһарман қыз қаза тапты...»

Зу етті хабар оқтай зілді мүлде.

Дір еттім, шарпығандай денемді мұз...

Жорықта тіл тұтығып келем үнсіз...


Количество показов: 2667

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  69

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  67

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  91

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  73

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  101

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  106

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  82

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  105

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  113

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  82

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  84

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  109

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  94

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  298

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  345

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  336

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  267

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  251

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  378

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  260

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  361

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  707

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  660

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  646

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  670

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  843

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  610

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  633

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  582

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  666

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  639

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  475

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1061

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  881

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  643

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  592

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  378

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  591

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  514

11 медаль!
11:05 24.01.2023  598

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  607

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  546

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  618

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  811

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  591

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  468

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  609

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  635

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  567

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  2922

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2813

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2780

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  2868

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  2828

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  2926

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  2997

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2726

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2724

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  2848

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  2778