Атажұрт - алтын бесігім, Айқара ашқанда есігін...

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  64

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  63

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  86

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  69

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  96

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  101

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  81

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  100

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  107

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  77

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  82

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  104

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  89

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  293

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  340

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  331

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  262

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  246

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  374

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  255

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  356

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  702

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  655

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  641

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  666

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  838

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  605

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  628

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  577

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  661

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  634

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  474

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1059

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  876

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  642

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  588

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  378

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  590

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  514

11 медаль!
11:05 24.01.2023  593

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  602

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  542

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  613

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  807

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  587

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  467

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  604

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  629

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  562

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  2920

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2813

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2780

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  2867

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  2824

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  2920

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  2991

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2725

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2723

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  2848

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  2778

Атажұрт - алтын бесігім,  Айқара ашқанда есігін... 01.10.2022

Атажұрт - алтын бесігім, Айқара ашқанда есігін...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында «Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді» деуі атажұртына жалтақтай қарап жүрген алыстағы ағайынның көңіліне демеу болғаны анық. Яғни, алдағы уақытта осы көш-қон саласында үлкен өзгеріс болады деген үміт бар. Бұл - болашақтың еншісінде. Ал Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде көші-қон саясаты қалай жүрді? Алдағы уақытта этникалық қазақтарды көптеп шақыру үшін қандай жұмыстарды қолға алу керек? Осы тақырып төңірегінде көші-қон саласының ардагері, қаламгер Мұхит Жақсылықұлын әңгімеге тартқан едік.

 

- Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қандастар еңбек келісімшарты негізінде Атажұртқа келе бастады. Ал оның соңы ұлы көшке ұласып, қазірге дейін жалғасып келеді. Жалпы, бұрын көрмеген, білмеген өлкеге ат басын бұру мәселесін жұрт қалай қабылдады?

- Біз өзге елде туып-өссек те, қазақ елінің тұрмыс-тіршілігімен, мәдени-рухани ахуалымен жақсы таныс едік. Сондықтан, айтарлықтай қорқыныш болған жоқ. Себебі, қазақ ақын-жазушыларын Мұхтар Әуезов, Мұхтар Мағауин, Қадыр Мырза- Әлі, Әбіш Кекілбаевтан бастап барлығын оқитын едік. Мерзімді баспасөз құралдарынан «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс», «Білім және еңбек», «Қазақстан әйелдері» журналдары мен «Социалистік Қазақстан» газетін жаздырып алып оқып жүрдік. Сонымен қоса қазақ қаламгерлерінің кітаптары да жиі барып тұрды. Міне, осының өзі санамызға бізге қандай бір қиындық төнсе, арқасүйер Отанымыз бар деген сенім ұялатты. Ал өз басыма тоқталсам, сол кездің өзінде Қазақстанда көптеген достарым болды. Себебі, мен Ресейдің Свердлов (Екатеринбург) қаласында оқыдым. Онда Қазақстаннан және басқа да кеңестік елдерден барған қазақ жігіттері көп болды. Біз бірден танысып, табысып, бір отбасының баласындай болып кеттік. Олармен Қазақстан туралы әңгімелесеміз. Сондықтан, қазақ даласын өз көзіммен көрмесем де, өз қиялым бойынша елестетіп, санама сіңіріп алғам. Сол студенттік дәуренімізді бірге өткізген азаматтармен достығымыз әлі күнге дейін ажыраған жоқ. Қазір «Свердлов шалдары» деген тобымыз бар. Күнделікті байланысып тұрамыз. Олардың кейбірімен 30 жылдан кейін табыстық. Реті келгенде айта кету керек. Менің 2016 жылы жарық көрген «Дария дәурен» кітабымның баспадан өтуіне демеуші болған да - солар. Алматыда тұратын Төлеубай Нығырбайұлы, Шымкент қаласында тұратын Мұрат Байтелиев және Астанада тұратын Нұрлан Дүйсенбаев есімді курстас достарым қаржылай көмек берді. Біз көші-қон мәселесіне енді кірісіп жатқан кезде Қазақстан туралы әртүрлі теріс пікірдегі қауесет әңгімелер жетіп жатты. Мысалы, бізден бұрын келгендерден жүзге жуық бала ауырып, қайтыс болыпты дегенді естідік. Елде үлкен қызмет істегендердің кейбірі Қазақстанға барып, қой бағып қалыпты деген әңгімелер айтылды. Бірақ ондай жаңсақ әңгімелерге, өсек-аяңның бәріне құлақ асып отыра берсек, мүмкін жете алмай қалар ма едік?! Сондықтан, ондай жалған ақпараттардың бірін де тыңдаған жоқпыз. Әуелі «Атажұртымыз туралы неге мұндай жағымсыз әңгіме таратады» деп намыстандық. Ауру айтып келмейді. Ажал жетсе, дүниенің қай түкпірінде жүрсе де ешкім тірі қалмайды. Ал қой бағу – біздің ата кәсібіміз. Ол - қазақ арланатын жұмыс емес, мал бағудан біз кем болмаймыз. Міне, осы қағиданы алға тарттық.

- Алғашқы көш тізгінін бұрған сәттер естеріңізден кетпеген шығар...

- Біз Тәуелсіздіктен бұрын келдік. 1991 жылы шілденің 29-ында шекара асып, ата қонысымызға табанымыз тиді. Ол Қазақстан үкіметінің №711 қаулысын жүзеге асыру аясында іске асты. Яғни, ауылдық жерлерге байырғы ұлт өкілдерін қоныстандыру жөніндегі құжат еді. Жалпы ол кезде жұрт үш ойлы жүрді. Бір тобы алды-артына қарамай бірден көшейік десе, енді бір тобы тартыншақтап, әліптің артын бағайық деді. Ал келесі топ көшке мүлдем қарсы болды. Ол кезде менің әкем Баян-Өлгейде тұратын, мен ел астанасы Улан-Батыр қаласында қызметте едім. Моңғолияның Құрылыс министрлігіне қарасты құрылыс тресінің бастығы қызметін атқарып жүрдім. Қарамағымда 3 мыңдай адам жұмыс істеді. Ел қозғалып жатқанда әкем хабарласып, елмен бірге кетіп қалсақ қайтеді деді. Мен қарсылық таныта алған жоқпын. Біздің көштің керуенінде 160 үй болды, соны екіге бөліп пойызбен жеткіздік. Ауыл үлкендері орыс тілінде сөйлейтін, жолдың жайын білетін азаматтар деп Қырқымбайұлы Қабылбай екеуімізді көш басына қойып, барлық жауапкершілікті бізге жүктеді. Көш арасында 90-нан асқан қария да, жаңа туған сәби де болды. Бірақ Атажұртты бетке алдық деген аты болмаса, алдында не жағдай күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Мақсаттары – Қазақстанға жету ғана еді. Сол кезде туған бір өлеңімде:

Атажұрт - алтын бесігім,

Айқара ашқанда есігін,

Біз де кеттік алдында,

Қазақтың ұлы көшінің, -
деп жазған болатынмын.

- Сіз Моңғолияда үлкен құрылыс тресінің бастығы қызметін атқарып тұрдым дедіңіз. Ал Қазақстанға көшіп келген соң ауданнан жырақ, ауылдан алыс фермаға барып қой баққан екенсіз. Бұл сіздің жан дүниеңізге қандай да бір күйзеліс әкелген жоқ па?

- Жалпы, кез келген адам барлық жағдайға дайын болып келуі керек. Мен де сондай дайындалып келгендіктен ешқандай өкініш болған жоқ. Мұны өмір атты кітабымның жаңаша жазылған бір парағы деп қабылдадым.

- Қой жаю мақтаныш қой

                                    таяқ ұстап,

Кешегі өткен атам мен бабама ұқсап, - деген өлең жолдары сол табынның соңында жүргенде туған болатын. Дегенмен, бәрі өзіміз ойлағандай болды деп те айта алмаймын. Себебі, мектеп жасындағы екі кішкентай балам совхоздағы мектеп-интернатында қалды. Қыстың сары аязында үйге бір әкелудің өзі мұң еді. Себебі, біз Баянауыл ауданы орталығынан 70-80 шақырым алыстағы «Ожар» деген фермаға қоныстанған едік. Бірақ сол жылдар менің жеке шығармашылығым үшін өрлеу кезеңі болды. Аудандық «Баянтау» газетінде өлеңдерім жарияланды. Кейін жергілікті қаламгерлермен араласып, сол газетте жұмыс істедім.

- Алғаш келген қандастардың азаматтық алу мәселесі қалай болды? Қандай қиындықтармен бетпе-бет келдіңіздер?

- Біз 1991 жылы келсек те Қазақстан азаматтығын 1998 жылдан кейін алдық. Мені сол жылдары көші-қон полициясына жұмысқа шақырды. Содан кейін бүкіл аудандар мен ауылдарды аралап жүріп, құжат жинап, аударма жасап, екі-үш жыл ішінде аяқтадық. Жалпы, Павлодар облысына келген 13-14 мыңдай адамның құжаты менің қолымнан өтті. Бұл жұмыстың машақаты өте көп болды. Құжаттары бір-бірімен сәйкес келмейтін адамдар болды. Соның барлығын елшілікпен бірлесе отырып, қалпына келтірдік.

- Сіз осы салада ұзақ жыл еңбек етіп, зейнетке шықтыңыз. Қазіргі таңда қандастар қандай мәселеге көп кездеседі?

- Бізде шеттен келген ағайындарды қайдан келсе де іштарту, бауыр басу, яғни, сіңіріп алу идеологиясы әлсіз. Мысалы, біз - елге көштің басында келгендердің біріміз. Атажұрттағы ағайынға қосылғанымызға бақандай 30 жыл өтті. Бірақ соның өзінде бізді әлі күнге дейін оралман деп таниды. Бұл – бір. Екінші қандастар мәселесіне қатысты заңнамада кемшіліктер, шикіліктер өте көп. ҚР Азаматтық туралы заңының 5-бабында ҚР азаматтығы оның қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады деп көрсетілген. Яғни, барлығына бірдей жағдай жасалып, барлығына бірдей міндет жүктеледі. Бірақ көптеген қандастар шетелде туғандығының зардабын көріп жүр. Мысалы, осы жаққа келіп, қызмет істеп зейнетке шықты делік. Сол адамның өзге елде оқыған және әскерде болған жылын есептемейді. Екіншіден, шеттен келген ағайындар әлі күнге дейін жеке құжаттарына өз есімдерін қазақшалап жаза алмай келеді. Жазуын жазады. Десе де, кейін оның машақаты бітпейді екен. Мысалы, мен жеке куәлігіме аты-жөнімді қазақшалап жаздырдым. Ал диплом мен еңбек кітапшада монғол тілінің заңдылығы бойынша жазылған еді. Сонымен зейнет жасына жетіп, құжат рәсімдеу кезінде өз құжаттарымның өзіме тиесілі екенін дәлелдеу үлкен мәселеге айналды. Тиісті орындар менің құжаттарым екенін біліп тұрса да қабылдамады. Негізі, көші-қон заңында қолда бар құжаттар негізінде аты-жөнін дұрыстап жазуға болатыны көрсетілген. Тіпті, ҚР Тұңғыш Президентінің 1996 жылғы Жарлығы да бар. Сонымен, сотқа баруға тура келді. Ақыры дипломның өзімдікі екенін дәлелдеу үшін бір рет, еңбек кітапшамды қорғап қалу үшін тағы бір рет соттастым. Сонда күнделікті қалаға қатынай алмайтын алыс ауылдарда тұратын немесе істің мән-жайын білмейтін адамдар қайтпек?! Міне, елге келгенімізге 30 жыл өтсе де осындай заңсыздықтармен әлі күнге дейін тіресіп келеміз. Мұндай түсініксіз жағдайлар елге келеміз деп жүрген қандастарға тұсау болатыны айдан анық. Тағы бір мысал: Осыдан бірнеше жыл бұрын Моңғолиядан Қауымдас Әшімұлы деген академик келді. Мамандығы -
түсті металлургия саласы. Қарсы алып, Торайғыров университетіне алып бардым. Ректорға кіре алмай проректорымен кездесіп, таныс-тырдым. Жұмысқа қабылдаймыз деді. Құжаттарын тапсырды. Бірақ жатақхананың төлемі – 30 мың, алатын айлығы 60 мың теңге екен. Ойлап көріңіз, ана жақта 600 мың теңгенің айлығын алып тұрған үлкен ғалым ондай айлыққа келісе ме? Сондықтан осы секілді білікті ғалымдарды, өзімізге қажетті мамандарды қабылдаудың жаңа бағдарламасы керек.

- Енді осындай түйткілдерді шешу үшін қандай өзгеріс керек?

- Менің ойымша, көші-қон саясатын жүргізетін арнайы комитет немесе агенттік керек. Қазір бұл жұмыстарды басқарманың қарамағындағы бір бөлім атқаруда. Бұл қандастардың көптен бергі күрделі мәселесін шеше ала ма? Жоқ! Себебі, ол Үкіметке жетпейді. Көші-қон бөлімдерінде қандастармен дұрыс тіл табыса алмайтын, істің мән-жайын толық білмейтін мамандар отыр. Ал басқарма басшысының тек сол саланы ғана бақылайтын уақыты жоқ. Халықтың басқа да әлеуметтік мәселелеріне қатысты сұрақтар толып жатыр. Қазіргі мамандардың бір ғана міндеті – келген ағайындардың қалтасына ақшасын салып беру. Яғни, бөлінген ақшаны игеру. Ал олардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты ешқандай анализ жоқ. Ешбір маманның осы салада кең көлемде үгіт-насихат жүргізіп жатқанын байқамадым. Шынын айтқанда, шеттегі қандастарға анық ақпарат дұрыс жетпей жатыр. Сондықтан алдағы уақытта көші-қон саласын тиімді жүзеге асыратын кешенді бағдарлама және ауқымды үгіт-насихат жұмыстары керек.

- Жалпы, этникалық қазақ-тардың елге келуі Қазақстан үшін қажет пе, әлде қандастар үшін маңызды ма?

- Бұл - екі жаққа да қажет саясат. Алдымен мемлекет үшін маңызы қандай? Осыған тоқталайын. Біз әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орындағы елміз. Бірақ халқымыздың саны 20 миллионға жетер-жетпес. Оның ішінде мемлекетті құраушы ұлттың саны 10 миллионның айналасында ғана. Негізі, мықты да қуатты ел болу үшін мемлекетті құраушы ұлттың саны кемінде 80 пайыздан жоғары болуы керек. Бұл - біздің ұлттық қауіпсіздігімізге тікелей қатысы бар мәселе. Екіншіден, шекараға жақын ауылдардың барлығы босап жатыр. Бүкіл халық болып орталыққа қарай ағылуда. Бұл дегеніміз - ел іргесі сұйылып, шекара жақ ашылып жатыр деген сөз. Ал бос жатқан жерге басқа елдің көзі түсетіні анық. Жалпы айтқанда, бабамыздан қалған кең-байтақ жерімізді ұстап тұру үшін, ұлттық салт-санамыз бен мемлекеттік тілімізді көтеру үшін мемлекетке иелік етуші ұлттың саны неғұрлым көп болуы керек. Егер мұны ішкі өсіммен жаба алмасақ, халық санын көтере алмасақ, сырттағы қазақтарды тартайық. Ал қандастар үшін маңызды дейтінім, әр қазақ өзінің ұрпағына қазақы тәрбие мен білім беруіне міндетті. Осы тұрғыдан қарағанда шеттегі этникалық қазақтардың өмірі мен тағдыры үшін маңызды саясат. Осы ретте ертеде отбасымызда болған бір жағдайды айтайын. Біз Моңғолияның астанасы Улан-Батыр қаласында тұрдық. Балалардың барлығы кішкентай еді. Бір күні бір баламыз ұйқысырап, моңғолша сөйлеп жатыр. Міне, осыны көргенде қатты күйзелдім. Қайткенде ұрпағымды өз еліне қосуым керек деген байламға келген болатынмын.

- Шеттен келген қандастар тарапынан да әртүрлі жағымсыз әңгімелер айтылып жатады. Мысалы, үй берілмеді, жұмыс жоқ деген секілді. Негізі, мемлекет тарапынан заң аясында белгіленген көмегін алғаннан кейінгі тіршілігі әр адамның өзінің қолында емес пе?

- Бұл - көші-қон саясатына кері әсерін тигізетін факторлардың бірі. Сондықтан көшіп келген қазақтар басына қандай қиындық туса да мұндай әңгімелерді ашық айтпаған дұрыс. Себебі, соңында қалған жақын-туыстары, көрші-қолаңдары, дос-жарандары естіп отыр. Мұндай әңгімеден кейін кімнің көшіп келгісі келеді?! Негізі, әркім психологиялық, моральдік тұрғыда үлкен дайындықпен келгені жөн. «Қандай қиындық болса да көтеруге әзірмін» деген батыл шешім болуы керек. Яғни, туған жерін тастап, тарихи Отанына көшіп келудегі мақсаты мен міндеті қандай екен? Егер басты мақсаты - ұрпағын атамекенге жеткізіп, өз қазағына қосу болса, қандай қиындық көрсе де өкінбейтін болады. Ал көздегені байлық пен мансап болса, оны басқа жерден де табуға болады. Міне, көш басын бұрмас бұрын осының аражігін ажыратып алған жөн.

- Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан – Тілеуберді САХАБА.

 


Количество показов: 2961

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  64

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  63

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  86

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  69

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  96

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  101

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  81

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  100

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  107

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  77

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  82

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  104

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  89

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  293

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  340

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  331

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  262

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  246

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  374

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  255

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  356

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  702

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  655

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  641

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  666

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  838

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  605

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  628

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  577

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  661

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  634

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  474

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1059

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  876

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  642

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  588

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  378

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  590

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  514

11 медаль!
11:05 24.01.2023  593

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  602

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  542

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  613

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  807

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  587

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  467

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  604

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  629

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  562

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  2920

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2813

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2780

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  2867

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  2824

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  2920

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  2991

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2725

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2723

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  2848

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  2778