Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
63
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
62
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
85
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
67
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
94
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
99
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
81
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
98
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
104
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
76
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
82
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
102
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
87
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
292
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
337
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
330
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
261
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
245
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
372
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
254
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
355
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
700
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
654
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
640
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
664
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
837
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
603
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
626
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
576
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
659
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
633
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
474
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1059
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
875
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
642
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
586
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
378
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
590
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
514
11 медаль!
11:05 24.01.2023
591
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
601
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
540
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
611
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
805
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
585
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
466
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
602
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
628
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
561
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2919
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2813
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2780
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2867
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2822
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2919
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2990
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2725
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2722
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2847
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2778
Баянауыл ауданында соңғы жылдары қолға алынған игі істер аз емес. Мәселен, ауылдарды жаңғырту, жол салу бойынша бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асты. Алайда таза ауызсумен қамту, туризмді дамыту, ұялы байланыс желісін тарту сынды өзекті мәселелер жетіп артылады. Бұл туралы облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды.
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Баянауыл ауданына жасаған жұмыс сапарының алғашқы күні Майқайың кентіндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, «Майқайың алтын» кәсіпорнында болып, еңбек ұжымымен кездесті. Бұл туралы газетіміздің өткен нөмірінде жазған болатынбыз. Сонымен қатар, аймақ басшысы ауданның туристік әлеуетін арттыру бағытында қолға алынған істердің барысымен танысты. Айталық, биыл туризм саласында кәсіп ашқан азаматтардың саны бірден үш есе артып, 119-ға жеткен. Сондай жаңа демалыс орындарының бірі -
Сабындыкөл маңындағы «Сабын-дыкөл Plaza». Инвесторлар турис-терге арналған бұл аймақты ашуға 250 млн теңге көлемінде инвес-тиция салды. Алдағы уақытта бұл сома 1 млрд теңгеге дейін жетпек. Мұнда 15 тұрғын корпус, волейбол және балалар ойын алаңы бар. Келесі жылы 50 нөмірлік қонақ үй салу жоспарланып отыр. Туристік кешен басшылығының сөзінше, демалыс орны жыл - он екі ай бойы жұмыс істейді. Бір жылда 4-5 мың адам келеді деп күтілуде. Әбілқайыр Сқақов жазғы туризммен қатар, қысқы түрін дамытуға ден қою керек екенін атап өтті. Ол үшін алдымен инфрақұрылымды дайындау керек.
- Жыл бойы туристерге қызмет көрсету жүйесі бар осы іспетті демалыс орны басқаларға үлгі болуы тиіс. Небары екі-екі жарым айға созылатын жазғы туризм кезінде Баянауылдың әлеуетін пайдалану мүмкін емес. Сондықтан қысқы туризмді дамыту тетіктерін қарастырған дұрыс, - деді облыс әкімі. Сонымен қатар, аймақ басшысы жарты ғасыр бойы тас жол болмай, биыл 30 шақырымға жаңадан асфальт төселген Қарашат–Жаңа Жайма бағытындағы автомобиль жолының учаскесіне барып, атқарылған жұмыс сапасын байқады. Баянауыл ауданының әкімі Серік Батырғожиновтың айтуынша, биыл аудан бойынша 51,7 шақырым жол асфальтталды. Олардың қатарында Қаражар–Южное жолының 15 шақырымы және Баянауыл – Угольное жолының 4 шақырымы бар. Одан соң Ә.Сқақов Баянауыл ауданының үлгілі ауылдарының бірі – Жаңатілек ауылына барып, жергілікті жұртшылықпен жүздесті. Биыл мұнда 27,3 млн теңгеге фельдшерлік-амбулаториялық пункт күрделі жөндеуден өтті. Кездесу кезінде тұрғындар инфрақұрылымды жақсарту және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қатысты ойларын ортаға салды. Содан соң аймақ басшысы Павлодар облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері, 92 жасар Зекебай Солтанбаевпен жүздесті. Бала кезінде тыл жұмыстарына араласқан ол кейін педагогикалық институтты тәмамдап, Егіндібұлақ мектебінде мұғалім, директор болып еңбек етті. Өз өмірін қазақтың ауыз әдебиетін насихаттауға арнаған ақсақал «Жыр жиһазы», «Мәшһүр», «Жүсіп», «Адам» және «Айшуақ» атты кітаптар жазған.
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Баянауылдағы жұмыс сапарының екінші күні алдымен ақсақалдар қауымымен, кейін аудан тұрғындарымен кездесті. Жергілікті мәдениет үйінде өткен жүздесуде аймақ басшысы ауданда атқарылған игі істер мен өзекті мәселелерге тоқталды. Айталық, соңғы үш жыл аралығында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,3 млрд теңге бөлініп, төрт елді мекендегі әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Биыл Қаныш Сәтбаев ауылында жалпы құны 341 млн теңге болатын 4 жоба жүзеге асуда. Осы іспетті ауқымды істер атқарылып жатқанымен, кемшін тұстар да жетерлік. Бұл ретте Әбілқайыр Бақтыбайұлы кейбір ауыл тұрғындарының жаһандану заманында ұялы байланыс пен интернеттен жырақ қалғанын сынға алды.
- Аудандағы 13 елді мекен азаматтары әлі күнге дейін ғаламторға қол жеткізе алмай келеді. Біржанкөлде тіпті ұялы байланыс жоқ. Мәшһүр Жүсіп кесенесінің аумағына мұндай игіліктер биыл ғана жетті. Енді жыл соңына дейін Майкөбе мен Жалғызқайың ұялы байланысқа қосылып, Ақсаң ауылында оператордың қызмет сапасы жақсаруы тиіс. Жоспар бойынша, келесі жылы Ақмектеп, Ақши ауылдарында, 2024 жылы Мұрынтал елді мекенінде мобильді интернет желісі пайдалануға беріледі. Бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жетілдіру керек. Техника мен технология дамыған қазіргі уақытта өркениеттен жырақ қалу дұрыс емес, - деді Ә.Сқақов. Сонымен қатар, аймақ басшысы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту мәселесін назарға алуды тапсырды. Соңғы үш жыл аралығында ауданда 16 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенімен, мәселе шешілмей келеді.
- Биыл кезекте тұрған 22 адам ғана пәтер кілттерін қолға алды. Бұл кезекте әлі 500-ден астам адам бар. Сондықтан баспанамен қамтамасыз ету өзекті болып отыр, - деді облыс әкімі.
Әбілқайыр Бақтыбайұлы өз сөзінде аудандағы 38 елді мекеннің 29-ы таза ауызсумен қамтылғанын атап өтті. Жыл соңына дейін Сәтбаев және Ақши ауылдарындағы орталықтандырылған су желілерін тарту жобасы аяқталған соң сапалы сумен қамтамасыз етілген тұрғындардың саны 23 мыңға жетеді. Алайда жылдар бойы күрмеуі тарқамай келе жатқан жағдайлар да бар.
- Ауылдағы ағайынды таза ауызсумен қамтуға қатысты қолға алынған 4 жоба аяқталмай келеді. Аудан орталығында су құбыр-ларын жүргізуге қатысты жобалық-сметалық құжатты дайындау барысында өлкенің тасты екені ескерілмей қалған. Соның салдарынан сапалы су әлі қосылған жоқ. Ал Күркелі ауылында жұмыстардың небары 5 пайызы орындалған. Бұл мәселелердің барлы-ғына нүкте қойылуы тиіс, - деп қадап айтты аймақ басшысы. Сумен қамтудағы кемшіліктер туралы кездесуге келген көпшілік те тілге тиек етті. Мәселен, Ақши ауылының тұрғыны Сұңқар Ахановтың сөзінше, су құбырлары техникалық талаптарға сүйенбей салынған. Мердігер компания қызметінің қымбаттығы тағы бар.
- 60-қа жуық үй түтін түтетіп, 300-ден астам адам тұратын біздің ауылды сапалы сумен қамту үшін 600 млн теңге қаражат бөліп, жобаның қолға алынғаны жақсы-ақ. Бірақ әу бастан-ақ құрылыс кезінде қателіктер көп кетті. Ол аздай, мердігер 200-300 метр қашықтықта орналасқан құдықтан баспанаға дейін су тарту үшін әр метріне 4 мың теңге сұрады. Амал жоқ, тұрғындарға қомақты қаржы төлеуге тура келді. Тым құрығанда көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға тегін тартып беруге болмас па еді? Жалпы, осындай ірі жобаларды жүзеге асырмас бұрын жергілікті қауыммен ақылдасып алған жөн, – деді С.Аханов. Сол сияқты аудан орталығындағы бірнеше үйдің тұрғындары орталық суға 2019 жылы қосылғанымен, игілігін көре алмай жүр. Себебі үш жыл қатарынан қыста құбырдағы су қатып қалады. Аудан басшысы бұл мәселені көп ұзамай шешуге уәде берді. Ал Шоманкөл ауылының азаматтары суды елді мекеннен 3 шақырым қашықтағы бұлақтан тасып пайдалануға мәжбүр. Серік Батырғожинов мұнда да сумен қамтуға қатысты жоба қолға алынатынын айтты. Баянауылдықтар аудандағы жол мәселесіне де алаңдаулы. Айталық, Жүсіпбек Аймауытов ауылының азаматтары елді мекенге апаратын жолдың сапасына шағымданды. Аудан әкімінің сөзінше, биыл бюджеттен 157 млн теңге бөлініп, Баянауыл-Угольная бағытындағы бес шақырым жол жөнделді. Учаскенің қалған бөлігіне келесі жылы асфальт төселеді. Майқайың кентінің тұрғыны Алтын Жүсіпова ауыл ішіндегі 14 шақырым жолды қалпына келтіруді сұрады. Айтуынша, көктем мен күзде балалар мектепке резеңке етік киіп баруға мәжбүр. Себебі жаңбыр жауса батпаққа айналатын жолдан өту мүмкін емес. Осы орайда аудан тұрғындары жанар-жағармаймен қамту мәселесін де көтерді. Ауыл тұрғыны Жұмат Балғабайұлы соңғы үш ай бойы дизель отынын ала алмай жүргеніне қынжылды. Салдарынан ауыл шаруашылығы техникаларының жұмысы тоқтап тұр. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов жергілікті билік өкілдеріне Ертіс, Тереңкөл, Железин аудандарының тәжірибесіне сүйене отырып, ірі желілік жанар-жағармай бекеттерін ауданға шақыруды тапсырды. Әйтпегенде, қазіргі 3 шағын ғана станция тұрғындардың сұранысын өтеуге қауқарсыз. Аудан әкімі Серік Батырғожинов келесі жылы ауданда «Монолит» және «Пегас» компанияларының станциялары салынатынын айтты. Сондай-ақ, қазіргі жанармай сататын үш бекетке зауыттан 30, 50 тонна өнімді тікелей жеткізу үшін келісім жасалды. Ауданда жарықпен қамтуға қатысты да жылдар бойы қордаланып қалған мәселелер бар. Мәселен, аудан орталығындағы Жаяу Мұса, Жүсіпбек Аймауытов көшелерінде жарық шамдары жоқ. Майқайыңдықтар да кент ішіндегі көшелердің тас қараңғы екенін айтты. Төрт түлікпен күнелтіп отырған бірнеше шаруа-шылық жарыққа жарымай отыр. Күркелі ауылында сәл жел тұрса, кеңестік кезеңнен бері жаңармаған желілер үзіліп, таудың етегінде орналасқан үйлер түнекке айналады. Ұялы байланыс болмағандықтан, аудан орталығындағы мамандарды бірден шақыртуға мүмкіндік бола бермейді. Сөйтіп, ауылда бір аптаға дейін жарық болмайтын кездер жиі кездеседі. Аймақ басшысы жергілікті билікке бұл жағдайлардың барлығын назарға алуды тапсырды. Бұл ретте қоғам белсендісі Айбат Ыдырысов ауданда үш бірдей көмір кеніші бола тұра, аудан жұртшылығы қатты отынды қымбатқа сатып алуға мәжбүр екенін алға тартып, кәсіпорындар баянауылдықтарға көмірдің әр тоннасын 2 мың теңгеден сатуы тиіс дегенді айтты. Бұл кеніштердің қоршаған ортаға келтіріп отырған зияны да аз емес. Жергілікті биліктің хабарлауынша, биылдың өзінде «Майкөбен-Вест» компаниясы аз қамтылған отбасыларға 1 тонна қатты отынды тегін таратты.
Кездесу барысында аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Баянауыл ауданы мал шаруашылығын дамытуға қолайлы өлке екенін атап өтті. Соның дәлелі болса керек, жылқы мен ірі қара саны бойынша облыста бірінші, қой саны бойынша екінші орынды алады. Ет өндірісі бойынша да үздіктер сапында. Ендігі ретте өсімдік шаруашылығын дамытуға баса назар аудару керек. Кездесу барысында аудан тұрғындары сол төрт түлікті бағу мәселесіне баса назар аударды. Тұрғындардың сөзінше, Қарағанды облысының бағытындағы Теңдік, Сәтбаев, Құндыкөл, Егіндібұлақ ауылдарының маңынан, Павлодарға барар жолдың бойындағы Торайғыр, Майқайың елді мекендерінің жанынан көлікпен өту қауіпті. Себебі қараусыз жүрген мал осы ауылдардағы жолдың жиегінде жайылып жүреді. Бақташы табудың қиындығы тағы бар. Сондықтан жұртшылық 30-40 жыл бойы түйіні тарқамай келе жатқан бұл түйткіл шешімін табуды сұрады.
- Баянауыл ауданында мал бағу дәстүрі жоқ. Бұл – шындық. Өкінішке қарай, басқа аудандардағы сияқты төрт түлікті жайылымға қосу жүйесі қалыптаспаған. Малды қараусыз жіберген иелері құлағындағы «сырғаларды» кесіп тастайды. Сондықтан полиция қызметкерлері қожайынын таба алмай, әлекке түседі. Не болмаса, бағусыз мал үшін салынатын 9 мың теңге көлеміндегі айыппұлмен оңай құтылады. 15 күн аралығында өтесе, бұл соманың тең жартысын ғана төлейді. Кешкі уақытта сиырын сауып алып, қайтадан өріске жіберетін тұрғындар да аз емес. Осы мәселелердің барлығын шешу үшін келесі жылдан бастап бақташыларға қоғамдық жұмыс ретінде әкімдік тарапынан қаржы бөлуді жоспарлап отырмыз, - деді аудан әкімі С.Батырғожинов. Сонымен қатар, баянауылдықтар соңғы уақытта аудан орталығында қаңғыбас иттің көбейіп кеткеніне шағымданды. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қайыржан Байжанов жаңа Заңға сәйкес, ветеринарлық станция қызметкерлерінің қараусыз жүрген итті аулауға құқығы жоқ екенін еске салды. Ал облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың пайымынша, қаңғыбас иттер мәселесін шешу үшін айып тұрағы сияқты арнайы орынды ашу керек. Тұрғындар Баянауылдағы туризм жайлы айтуды да ұмыт қалдырған жоқ. Жасыбай, Сабындыкөл жағаларында кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар жаңа нысандар салудың қажеті жоқ деп есептейді. Қазіргі демалыс орындарының сапасын жақсартып, қысқы туризмді дамытуды мықтап қолға алса жеткілікті. Бұл ретте кәріз жүйесінің болмауы қолды байлап отыр. Әбілқайыр Бақтыбайұлы Іле Алатауы аймағындағы инже-нерлік желі технологиясын Баянауылда енгізу керек екенін айтты.
Соңғы жылдары Баянауыл ауданындағы 8 мектепті күрделі жөндеуге 562 млн теңге бөлінді. Алдағы уақытта жыл сайын 3-4 білім беру мекемесін жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Осы орайда облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Қаражар ауылында 1958 жылы салынған 70 орындық мектептің қабырғасы сөгіліп, апаттық жағдайда тұрғанын ескере келе, келесі жылы бұл ауылда 100 орындық жаңа мектеп салуды тапсырды. Сонымен қатар, аймақ басшысы аудан орталығында бассейні бар спорт кешенінің құрылысын бастауды жүктеді. Кездесу барысында белгілі болғандай, әбден ескіріп, тозып тұрған әлеуметтік нысан бұл ғана емес. Мәселен, Жүсіпбек Аймауытов ауылындағы орта мектеп сүреңсіз күйде тұр. Аудан басшысы Серік Батырғожинов бұл нысанды жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасалғанын атап өтті. Аудан орталығындағы балабақша да апаттық жағдайда деп танылды. Сондықтан бүлдіршіндер уақытша басқа мекемеге баруға мәжбүр. Алайда бұл ауыл шетіндегі балақайлар мен ата-аналарына салмақ салып отыр. Аудан әкімдігі балабақша тәрбиешілерін тасымалдау үшін мектеп автобусын шығаруға уәде берді. Ал Ақши ауылында осыдан 10 жылға жуық уақыт бұрын салынған клуб бүгінде апаттық жағдайдағы нысандардың біріне айналды. Мердігерлердің немқұрайлығы салдарынан жергілікті жұртшылық мәдениет мекемесінің қызығын көп көре қойған жоқ. Енді бұл нысанды бұзып, орнына жаңасын салу міндеті қойылды. Күркелі ауылының азаматтары да жаңа клуб салуды сұрады. Себебі 1960 жылы іргесі баянауылдық тастардан салынған қазіргі ғимарат апаттық нысан деп саналады. Бұл ауылдық округте медициналық мекеме мен дәрігер де жоқ. Ал осыдан 15 жыл бұрын берілген жедел жәрдем көлігі жиі істен шығады. Үш сағатқа созылған кездесу барысында осы және өзге де көптеген өзекті мәселе көтерілді. Тұрғындар ипподром ашу, экологияны жақсарту, жаңа өңдеу орындарын іске қосуға қатысты ұсыныстарын білдірді. Жалпы, облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшыларының аудандағы барлық 38 елді мекенді аралауы кезінде жұртшылық тарапынан 137 сұрақ түсті. Олардың әрқайсысы назарға алынатын болады. Сондай-ақ, кездесуден соң аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов азаматтарды жеке қабылдап, тұрғынның өтініші бойынша Ж.Аймауытов көшесіндегі жағдаймен танысты. Келесі жылы бұл көшеге асфальт салуды тапсырды.
Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.
Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.
Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
63
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
62
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
85
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
67
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
94
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
99
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
81
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
98
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
104
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
76
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
82
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
102
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
87
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
292
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
337
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
330
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
261
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
245
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
372
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
254
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
355
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
700
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
654
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
640
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
664
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
837
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
603
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
626
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
576
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
659
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
633
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
474
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1059
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
875
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
642
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
586
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
378
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
590
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
514
11 медаль!
11:05 24.01.2023
591
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
601
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
540
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
611
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
805
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
585
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
466
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
602
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
628
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
561
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2919
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2813
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2780
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2867
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2822
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2919
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2990
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2725
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2722
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2847
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2778