Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
318
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
285
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
301
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
354
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
403
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
234
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
263
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
219
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
270
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
263
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
293
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
620
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
477
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
495
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
237
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
239
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
445
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
357
11 медаль!
11:05 24.01.2023
286
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
316
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
306
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
303
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
484
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
360
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
268
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
286
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
297
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
326
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2766
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2664
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2642
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2681
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2599
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2628
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2745
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2604
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2579
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2659
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2616
Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022
2700
Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022
2712
Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022
2683
Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022
2868
Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022
2760
Сенімім зор
17:06 17.11.2022
2833
Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022
2733
Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022
2855
Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022
2976
Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022
2627
Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022
2793
Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022
2850
Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022
2625
Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022
2784
Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022
2661
Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022
2964
Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022
2857
Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022
2856
Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022
2885
«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022
2894
«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022
3110
Халық жазушысы Мұхтар Әуезов: «Қазақ әдебиетінің ішіне қазақ өмірін түгел суретімен алып кіру - әдебиеттің ендігі міндеті» десе, қазіргі кездегі шығармалардың ішінде «бүгінгі қоғамның бет-бейнесі мен бар болмыс-бітімін суреттей алған туынды бар ма?» - дейтін сұрақ туындайды. Ғабиден Мұстафин: «Әдебиеттің түпкі мақсаты – адам жанын тәрбиелеу» екендігін айтса, оқырман ұлттық рухты оятатын шығармалар жоқ деп дабыл қағуда. Бүгінгі таңда «Соқыр көретіндей, саңырау еститіндей етіп жазатын» қаламгерлер бар ма? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде «Saryarqa samaly»-ның Instagram-дағы парақшасында «Онлайн желі» ұйымдастырдық. Тікелей желі қонағы – «Naizatas» әдеби-көркем, саяси-қоғамдық журналының редакторы, ақын Асыл Әбішев өңірдегі әдеби ахуал мен қазіргі қазақ әдебиетінің жай-күйі жайлы әңгімелеп берді.
- Жүсіпбек Аймауытов «Әдебиет – ұлттың жаны» десе, Бальзак «Әдебиет – шіру заңына бағынбайтын мәңгілік» екендігін айтып, оның өміршеңдігін алға тартады. Сіз бұл сұраққа
қалай жауап берер едіңіз? Әдебиет деген не?
- Мен бұл сұраққа Мұхтар Әуезовтің сөзімен «Әдебиет – ардың ісі» дер едім. Осы ұғымға бәрі саяды. Ар барлық ұлыстың да, ұлттың да, тұлғаның да бар болмыс-бітімін бедерлейді. Ар өлшемі, Ар биіктігі адам баласының тұлғалық деңгейін көрсетеді. Ал оның қалыптасуы - әдебиеттің шаруасы. Әдебиеттің ісі ұлт тәрбиелеуде, тұлға тәрбиелеуде «Ардың ісі» деп есептеледі. Демек, Әуезовтің қанатты сөзі - әдебиет қағидасы.
- «Әдебиет – ардың ісі». Бірақ қазіргі кезде әдебиет «бардың ісіне» айналып бара жатқандай көрінбей ме? Соңғы уақытта кітап шығару ермек тәрізді. Кітап көп, оқырман жоқ...
- Тәуелсіздік алғаннан кейін, ел еркіндігімен қоса сөз еркіндігі төрге шықты. Шығармашылық еркіндік - тақырыптардың сан алуандығына жол ашты. Бұрынғы һәм бүгінгі әдебиетке қатысты қалың оқырман қауым әртүрлі баға беріп жатады. Жалпы, бүгінгі таңда әдебиет жасаушылар мен оқырман арасындағы байланыс да өзгеріске ұшырауда. Яғни, әдеби байланыстың түр-сипаты өзгерді. Мәселен, қазіргі кезде кітапханадан кітап ұрлап, көз майын тауыса оқитын оқырмандар аудиториясының біраз бөлігі «желілік әдебиетке» қарай ойысты. Яғни, ақпараттық-технологиялық дәуірлеу заманында интернет платформалары да оқырмандар үшін «кітапханаға» айналды. Қазір ақын-жазушылардың өз шығармаларын әлеуметтік желі-лерге жүктеп, оқырман аудиториясын қалыптастыра алатын мүмкіндіктері бар. Алайда, «таяқтың екі ұшы болады». Мұндай «онлайн әдебиет» жалпы кітаптың оқылуына, кітаптың таралуына кері әсер етпей қоймасы анық. Интернет арқылы белгілі бір әдеби туындыны оқып-тоқыған оқырман, енді сол әдеби шығарманың толық жинағын, автордың кітабын сатып алуы екіталай. Әрине, бәрі оқымайды деген сөз емес. Әдебиет айналасындағы қауым, автордың тамыр-танысы, достары сатып алар, оқыр. Алайда, ол бұқаралық сипатта таралмайды.
- Қазіргі қазақ әдебиетіне не жетіспейді?
- Бірінші кезекте – оқырман. Сонымен қатар, бүгінгі таңда әдебиет саласында сын жанры ақсап тұр. Сыншылар жоқ емес, бар. Алайда олар да автордың көңіліне қарайды. Цензураның жоқтығы - халтурщиктердің пайда болуына әкеп соқты. Құр мақтау-мадақтаумен әдебиет те, әдебиет жасаушы да өспейтіні мәлім. Шығармалардың формасы, қаламгерлердің жазу стилі жандануда. Бірақ әдебиетте көркемдік жоғалып барады. Әлеуметтік желілерге жүктеліп, «лайк» басылған шығармалардың бәрі әдебиетке лайық емес. Қазір «шөп те - өлең, шөңге де - өлеңге» айналды. Шығармалар електен өтіп, талқыланбайтын болды. Соның нәтижесінде 40-50 кітап шығарып, өз оқырманын таппай жүрген ақын-жазушылар бар.
- Ең сүйікті ақыныңыз бен жаныңызға жақын жазушы кім?
- Көп. Бөле-жара алмаймын. Жалпы, өзіңіздің талғамыңызға татитын, ішкі жан дүниеңізге жақын, сізге рухани құндылық, өмірге бағыт-бағдар бере алатын кез келген әдеби шығарма жан рахатыңызға айналады. Қазақ әдебиетіне өзіндік өрнек-нақышымен келген қабырғалы қаламгерлер жетерлік. Әрбірінің орны бөлек, жолы дара. Мысал үшін, домбыра туралы қазақта жырламаған ақын кемде-кем. Мұқағали да жазды, Қадыр Мырзалиев та жырлады. Бірақ мүмкін Қадыр ақынның жырында жоқ кейбір детальдар Сағи Жиенбаевтың өлеңінде бар шығар. Мәселе осында. Жүрек-
тердің төрінен орын алып, оқырманға ой салған, сезім сыйлаған шығармалардың барлығы жаныма жақын. Демек, оны шебер жеткізе білген жазушы да жақын. Топтап айтсам, ақындардың ішінен Мағжан Жұмабаевтың поэзиясы мен үшін бір төбе жоғары тұрады. Мағжан 80-інші жылдардың аяғында ақталып, әдебиетке жаңалық боп қайта оралды. Мұқағалиды айналып өтетін қазақ жоқ. Қадыр Мырзалиевтің әрбір жинағын екі-үш қайтара оқып шығамын. Мұхтар Шахановтың дастан жазудағы шеберлігі ұнайды. Проза жанрында әлбетте Әуезовтің бай, көркем тілі - көпке үлгі. Әдеби ортада шығармаларын насихаттап жүретін жазушылардың қатары қалың. Ғабит Мүсіреповтің, Әбіш Кекілбаевтың туындылары алдыңғы қатарда ту ұстап тұр. Сондай-ақ, классикалық шығармалармен қатар, жаныма ерекше әсер сыйлаған, көкейімде сақталып қалған журналист, жазушы Қаржаубай Омаровтың «Әке» деген шығармасы бар. Бұл роман - жүрегімнің пернелерін баса білген туындылардың бірегейі.
- Ұлттық әдебиеттен әлем әдебиетіне қарай көшсек. Қазақ қаламгерлерінің шығармалары шетел оқырмандарына таныс па? Аударма саласы жайлы не айтасыз?
- Кеңес заманында біраз классикалық шығармаларымыз әлемнің көп тілдеріне аударылып, жарыққа шықты. Қазіргі кезде де бұл жұмыс жалғасын тауып жатыр. Жазушы Қабдеш Жұмаділов, Дулат Исабек сынды бірқатар қазақ қаламгерлерінің шығармалары шет тілге аударылып, шекара арғы жағынан да өз оқырмандарын тауып үлгерді. Жалпы, қазіргі уақытта қазақ әдебиетімен қатар әлем әдебиеті де өзгеріске ұшырауда. Бұл - нарық сұранысына қарай икемдену. Қазір оқырман қауым жазушыдан жаңашылдықты, тақы-рыптың өзектілігін талап етеді. Әбділдә Тәжібаевтың «жазғанымыз кітапқа сыйғанмен, жүрекке сыймай қалды» деген бір сөзі бар. Егер де жазған шығармаңыз шынымен де құнды болып жатса, ол өз оқырманын міндетті түрде табады. Бүгінгі қаламгерлер осы бағытта жұмыс істеу керек. Жүрекке жете-
тін шығармалар керек. Аударуға тұрарлық туындылар аударылады.
- Бүгінгі өңірлік әдебиет туралы не дейсіз? Ақ парақ бетіндегі жастардың аяқ алысы қалай?
- Бізде өңірлік әдебиеттің негізін қалыптастырған тұлғалардың басында Бұқар жырау, Мәшһүр Жүсіп бабаларымыз тұрса керек. Жауапкершілігі мол міндетті кейін Жүсіпбек Аймауытов, Диқан Әбілев, Зейін Шашкин сынды қаламгер-леріміз абыроймен жалғастыра білді. Әдеби көштің басында мұзбалақ ақын Мұзафар Әлімбаев та бар. Бертін келе өңірдегі әдебиет аға толқынның ізін жалғастырған Арман Қани, Ақын Алақанұлы, Ғалымбек Жұматов, Жұмағали Қоғабай, Сайлау Байбосын сынды ақын-жазушылардың шығармаларымен толыға түсті. Сондай-ақ, жастарға бағыт-бағдар беріп, жол сілтей алатын ақындардың қатарына Жанаргүл Қадырованы қосуға болады. Міне, бүгінгі таңда осындай аға буынның жолын жалғастырып келе жатқан жастар да өсіп келеді. Қазақ әдебиетіне болашақта сүбелі үлесін қосар деп Айбек Оралхан, Алтынбек Мұқышев, Алпысбай Хонж сияқты жас қаламгерлерге үміт артамыз. Әрине, өңірдегі барлық жастар ұлттық әдебиеттен орын алар деп айта алмаймыз. Қазір әдебиет әлеміне қазақ классикалық шығармаларын оқымаған, әлем әдебиетін де танымайтын жас ақын-жазушылар келіп жатыр. Төрт өлең жазып, болдым, толдым деп жатады. Бұл нені білдіреді? Бұл - тағы да сол «желілік әдебиеттің» жемісі. Бұл - әдеби шаралардың тек мүшәйра, байқау, оқулармен ғана шектеліп жатқандығынан.
- Қазақстан Жазушылар одағының жұмысына көңіліңіз тола ма? Сіз төрағасы болсаңыз не істер едіңіз?
- Қазір Жазушылар одағының жұмысын сынамайтын адам жоқ. Әр дәуірдің көтеретін өз жүгі болады. Бүгінгі таңда қаламгерлердің қарашаңырағы талай ақын-жазу-шылардың кітаптарын жарыққа шығарып, түрлі әдеби байқаулар, мүшәйралар өткізіп келеді. Алайда, сол кітаптар оқылып жатыр ма? Міне, ең алдымен осыған назар аудару қажет. Жазушылар одағы білім беру мекемелерімен бірлесіп, осы бағытта жүйелі жұмыс жасауы тиіс. Бәлкім, балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін арнайы бағдарлама қабылдау керек шығар. Себебі, Жазушылар одағының жұмысында дүниенің рухы жатыр. Сол ұлттық рухпен қазіргі ұрпақ тәрбиеленуде ме? Ұлттық әдебиет оқылып жатыр ма, жоқ па? Міне, осы сұрақтарға жауап іздеуіміз керек. Том-том кітап жазып, кітапханалардың сөресін толтырғанмен мәселе шешілмейді. «Кітап жинау – мұрат емес, оқу – мұрат». Сондықтан, осы мақсатта жұмыла жұмыс жасауымыз қажет. «Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпас». Алдымен өзіміз балаларымызды кітап оқуға баулиық, ынталандырайық. Смартфон ұстаған баладан кітап ұстаған оқушы озады. Осыны қаперден шығармайық. Ал Жазушылар одағына тоқталып өтсек, өңірдегі филиал жұмысын жоққа шығара алмаспыз. Мысал үшін, соңғы бес жылда Одақтың Павлодардағы филиалы біршама іс-шаралар ұйымдастырып, өзге облыстармен әдеби байланыс орнатты. Әдеби форумдар өткізді. Филиал төрағасы Жарқынбек Амантайұлы өңірдегі әдебиетке жаңа есімдердің жазылуына ықпал етуде. Оқуышылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында облыс орталығында ақындар клубы, шығармашылық ұйымдар жұмыс істейді.
- Әдеби әңгімеңізге рахмет. Шабытыңыз шабандамасын!
«Онлайн желіні» жүргізген - Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
318
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
285
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
301
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
354
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
403
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
234
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
263
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
219
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
270
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
263
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
293
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
620
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
477
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
495
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
237
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
239
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
445
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
357
11 медаль!
11:05 24.01.2023
286
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
316
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
306
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
303
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
484
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
360
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
268
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
286
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
297
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
326
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2766
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2664
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2642
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2681
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2599
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2628
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2745
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2604
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2579
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2659
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2616
Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022
2700
Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022
2712
Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022
2683
Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022
2868
Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022
2760
Сенімім зор
17:06 17.11.2022
2833
Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022
2733
Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022
2855
Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022
2976
Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022
2627
Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022
2793
Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022
2850
Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022
2625
Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022
2784
Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022
2661
Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022
2964
Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022
2857
Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022
2856
Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022
2885
«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022
2894
«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022
3110