Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  180

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  156

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  149

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  162

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  173

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  170

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  182

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  176

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  164

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  173

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  172

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  188

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  263

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  249

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  245

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  400

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  500

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  458

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  507

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  495

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  517

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  486

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  488

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  608

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494

Әділетті Қазақстанды  әділ азаматтар құрады 22.09.2022

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда ел халқына кезекті Жолдауын жариялады. Президент кәмелетке толмаған азаматтарға арнайы есепшот ашылатынын, жемқорлардың заңсыз тапқан қаражатының мектепті жөндеу жұмыстарына бөлінетінін және басқа да өзгерістер туралы мәлімдеді. Осы орайда, өңірімізде Жолдаудан кейін жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында «Saryarqa samaly»-ның Instagram-дағы парақшасында «Онлайн желі» ұйымдастырдық. Тікелей желі қонағы – «Қағандық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркеғали Жанғазы.

29ead1603117bf4a47fa35ed229a7c8a.jpg

- Жолдаудан кейінгі өзіңіздің ойыңызбен бөліссеңіз. Жолдаудан кейін қоғамдық бірлестік қандай жұмыстар жүргізуде?

- Президент жыл сайын өтетін Жолдауында салалар бойынша күрделі мәселелер қарастырады. Бірлестіктің азаматтарымен Жолдауды тыңдап шықтық. Көзқарасымызды, пікірімізді айттық. Солардың ішінде саяси жағын атап өтер едік. Яғни, Президенттің мерзімінен бұрын қайта жеті жылға сайлануын толықтай қолдаймыз. Әлем бойынша Мемлекет басшысын жеті жылға сайлайтын мемлекеттер көп емес. Басым бөлігі бес жылға және екінші мерзімге сайлануға мүмкіндік береді. Айтылған жобалар бойынша жастар арасында іс-шаралар жүргізудеміз. Күні кеше ғана «Қағандық» қоғамдық бірлестігінің жас буын өкілдерімен кездесу ұйымдастырдық. Онда «Әділетті Қазақстанды қалай қалыптастырамыз?» және «Жаңа Қазақстанды құру дегеніміз не?» деген секілді сауалдар бойынша ой-пікірлер ортаға салынды. Алдағы уақытта белгілеген жоспарлар көп.

- Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық жайында ерекше атап өтті. Ол жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуы тиіс деді. Бұл қаншалықты дұрыс?

- Егер жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы бюджетке қайтарылатын болса, оның ішінде мектепке жұмсалса - орынды шешім. Себебі, елімізде жылына жарты миллионға жуық нәресте дүниеге келеді. Шамамен, 6-7 жылдан соң бала мектепке барады. Жыл сайын оқушылар саны осылай қосылып отырады. ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бір сұхбатында жылына 1000 мектеп салу керек деді. Сондықтан ол қаражат мектептердің жөндеу жұмысына жұмсалса дұрыс бағыт деп санаймын. Тек мектеппен ғана шектеліп қалмай, басқа салаларға да бөлінсе деймін.

- Президент жері жоқ адам бизнеспен айналыса алмайды дейді. Бұл шешіммен келісесіз бе?

- Келісемін. Бізде жерасты қазбалары жетерлік. Оны қазып, игеріп, елдің мүддесіне жаратуға болады. Сондай-ақ, оны игерген кәсіпкерлер пайда көреді. Президенттің бұл жерде айтып отырғаны сол пайдалы қазбаларды игеретін кәсіпорын, зауыт салу үшін жер алу қажет. Кейін сол жерді зауытқа, бірлескен кәсіпорындар болса соларға беруге болады деді. Сол тұрғыдан кез келген инвестицияны тартамыз десек, онда кәсіпорын кәсіпкерлеріне жер берілуі тиіс деп санаймын. Ал ауыл шаруашылығына келетін болсақ, сол салаға қатысы бар жерлер ол өзіміздің өңірдің тұрғындарының, бизнесмендердің келісімімен болуы қажет. Бірақ, жер үлкен көлемде тұрғындардың келісімінсіз шетелдіктердің иеліктеріне берілмеуі қажет.

- 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма берілді. Біздің өңірде бұл қалай жүзеге асырылуда?

- Біздің өңірде ауданаралық жолдарды жөндеу жобасы 2018 жылы бастау алды. Алайда екі жылға созылған пандемия кезінде бұл жоба тоқтап қалды. Енді қайта қолға алынуда. Мәселен, өзімнің туған жерім Аққулы ауданының ауыларалық жолдары ешқашан жөнделмеген еді. Сол жылы ауданда бастау алған жұмыстар тоқталып, биыл ғана асфальт төселіп жатыр. Әр ауданда жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Алайда жасалып жатқан жұмыстың мерзімі мен сапасына үлкен мән беру қажет. Себебі, сапасы сын көтермейтін жолдар, мерзімінен кеш тапсырылған жобалар жетерлік. Егер мерзімінен кеш тапсырылса, жолға бөлінген қаржы келесі жылы баға өскеннен кейін қосымша қаражат қайта сұралады. Билік және сол елдің тұрғындары жол жөндеу жұмыстарын қатаң бақылауға алса,
3 жылдың ішінде жолдардың 95 пайызы жақсарады ойлаймын.

- Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Алайда, әлеуметтік желіде «ескі кадрмен Жаңа Қазақстанды қалай құрамыз?» деген сауал жиі қойылады. Мұны қалай қабылдау қажет? Пікір орынды ма?

- Пікір орынды. Иә, қазіргі уақытта ескі кадрмен «Жаңа Қазақстанды» құру өте баяу жүріп жатқаны жасырын емес. Елімізде жұмысшылардың 90 пайызы ескі кадрдың адамдары. Өзім де ескі кадрдың адамымын. Дегенмен, Жаңа Қазақстанды құрамыз деп тек жаңа кадрларды қалдыру қисынсыз. Ескі кадрда да тәжірибелі, кәсіби мамандар жетерлік. Нарықтық экономика деп пайданы ғана ойламай, әр азаматтың ойында «Елге қызмет» деген идеология болуы шарт. Қай кадр болмасын барлығы болашаққа жұмыс жасауы қажет.

- Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені аталып өтті. Бұл бағытта қандай өзгерістер жасалуы қажет деп санайсыз?

- Біз қоғамды жақсы жағынан өзгертеміз десек, балаларымыз білімді болсын десек мұғалімдерге көңіл бөлуіміз қажет. Бірақ, қазіргі мұғалімдердің жағдайы жасалып қойған. Көпке топырақ шашпайын. Алайда кей мұғалімдер жалақы өскен сайын, білім берудің емес, айлықтың соңынан түскен секілді. Бұл жерде ұстаздардың мүддесін өзгерту қажет. Бұл - менің жеке пікірім. Оқушылардың біліміне тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да үлес қосуы қажет. Кей мектептерде білімі жоқ, оқушыға тәлім-тәрбие бере алмайтын ұстаздардың біліктілігі жылдан-жылға өсіп жатыр. Біліктілігі өскен сайын жалақысы да өседі. Өздеріңіз байқаған боларсыздар, өңіріміздегі жоғарғы сынып оқушылары жақсы нәтиже беруде. Балаларымыздың білімі жоғары. Жоғарғы сынып мұғалімдері «Біздің шәкірт» деп жарияға жар салады. Дегенмен, оларға негізгі білімді берген бастауыш сынып мұғалімдері деп айта аламын. Сол кісілердің еңбегі еленсе екен деймін.

- Елімізге, оның ішінде өңірімізге шекаралас елдерден қандастарымыз келіп жатыр. Алайда кейбір қандастарымыз пәтер мәселесі шешілмей жатыр дейді. Бұл жағынан не айтар едіңіз?

- Қандастарымыз елімізге келгенде ең алдымен пәтер мәселесі шешілуі керек. Бұл - бірінші міндет. Екіншіден, баспана берілгеннен кейін айналысатын кәсіп немесе атқаратын жұмыс қажет. Шетелден, шекаралас елдерден келген қандастарымызға жалшы ретінде қарамау керек. Олардың арасында да мықты, кәсіби мамандар баршылық. Сол себепті, кез келген адамдардың мамандықтарын, кәсібилігін зерттеу қажет секілді. Кейін өз мамандығына сай жұмыс орнын табуда оңайға түсер еді. Мәселен, біздің өңірдегі аудандарда дәрігерлер тапшылық. Осы секілді маман тапшы салаларға жұмылдырылса немесе 5 миллиондық гранттар арқылы қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беруге де болады. Сондай-ақ, әр ауданға квота бөлгенде дұрыс бөлу қажет.

- Өзіңіз тіл жанашырысыз, қоғам белсендісісіз. Президент мектептерде екі тілде де білім беріледі деді. Бұған көзқарасыңыз қалай?

- Менің ойымша, бала балабақша мен бастауыш сыныптарда тек мемлекеттік тілде білім алуы қажет. Біріншіден, бала өзінің ана тілін білуі керек. Екіншіден, мектеп табалдырығын енді ғана аттаған балаға екі, үш тілде оқу қиынға соғады. Ал бізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Бала орта буынға келгенде қазақ тілінен бөлек қай тілде оқығысы келетінін өзі таңдауына болады. Ең бастысы, қазақ тілі міндетті болуы тиіс. Жолдауда бұл мәселенің ұшы көрінді деуге болады.

- Осы жолы балаларға, әлеуметтік топтарға көмек көрсету туралы жиі айтылды. Бұл өзгеріс немен байланысты?

- Жолдауда халықтың түрлі әлеуметтік топтарының мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар бастама аталды. Бұл ретте Қазақстанда қағидатты түрде жаңа бағдарлама – балаларға арналған Ұлттық қор құруды жеке атап өткен жөн. Осы бастамаға сәйкес, балалардың әлеуметтік жинақтаушы шоттарына жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы аударылатын болады. Бұл шоттағы сома бала 18 жасқа толғанға дейін алынбайды. Осыдан кейін жинақталған қаражат тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға төлем ретінде жұмсалады. Аталған қор өз қызметін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастайды. Банктердің қолданыстағы балалар депозиттерінен айырмашылығы, енді 18 жасқа толған әрбір қазақстандық бала ата-анасының күш-жігерінің арқасында емес, елдің ұлттық байлығының нақты қайтарымынан жинақталған соманы алатын болады. «Балалар жылы» шеңберінде солар үшін Ұлттық қордың құрылуы жастарды нақты қолдаудың шарасы болады, ал олар алған қаржы өскелең ұрпақ үшін ересек өмірге нағыз жолдама болады

- Өз сөзіңізде қазіргі уақыттың жастарына тоқталып өттіңіз. Сіздің ойыңызша, қазіргі жастар қандай болуы тиіс?

- Бүгінгі буын білім алуға көп мән беріп, оқуға басты назар аударуы тиіс. Жастар кез келген жұмыста өзін жақсы қырынан көрсетуі керек. Өзіне берілген жұмысты жауапкершілікпен орындап, жетістікке жетуі тиіс. «Қолымнан келмейді» деген сөзді айту – әлсіздердің ісі. Сондықтан қалауын тапсаң, қар да жанады. Тек сол жұмыс үшін тиісінше ерінбей еңбек етуі тиіс. Сондай-ақ, жастардың өз ұлтын сүйіп, отансүйгіш болғаны маңызды. Сонда ғана мемлекетке зор әсерін тигізетін тұлға тәрбиеленеді. Жемқорлыққа да, әділетсіздікке де жол бермес еді. Егер осындай жастар қауымы тәрбиеленсе, мемлекет пен жастардың болашағы жарқын болады. Ата-бабадан мұра болып қалған ұлан-ғайыр жерімізді, ана тілімізді, дінімізді, халқымызды, тарихымызды мәңгіге сақтап қала аламыз. Сол үшін болашаққа қарай нық сеніммен қадам басуымыз керек!

- Сіздің ойыңызша, «Жаңа Қазақстан», оның ішінде Әділетті Қазақстан қандай болуы керек?

- «Жаңа Қазақстан дегеніміз – шын мәнінде әділетті Қазақстан» дей келіп, Президент қарапайым азаматтарға әлеуметтік әділдік жетіспейтінін мойындау керектігін айтты. Мемлекетімізді сақтау, тәуелсіздігімізді баянды ету әділетті Қазақстан құруды талап етіп отыр. Тек әділетті қоғамда халық билік органдарына сенеді. Әділеттілік дегеніміз - күрделі ұғым болып көрінгенімен, шын мәнінде заң алдында баршаның теңдігі, әлсіздерге қамқорлық. Қоғам өмірінің барлық саласы заңмен, құқықтық нормалармен реттелетін мемлекет – әділетті мемлекет. Әділетті Қазақстанды тек медицина, білім салаларын жетілдірумен, жемқорлықты жоюмен ғана құра алмаймыз. Әділетті Қазақстанды құру үшін ең алдымен бүкіл қоғамды өзгертіп, оған баршамыз атсалысуымыз керек. Мысалы, ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру міндеті мектепке ғана жүктелмейді. Бұл - ұстазға, отбасы мен ата-анасына және тұтас қоғамға ортақ міндет.

- Сұхбатыңызға рахмет!

«Онлайн желіні» жүргізген – Айдана БОРАНБАЕВА.

Суретті түсірген - Есенжол Исабек.


Количество показов: 79

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  180

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  156

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  149

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  162

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  173

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  170

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  182

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  176

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  164

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  174

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  172

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  188

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  263

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  249

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  245

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  400

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  500

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  458

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  507

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  495

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  517

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  486

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  488

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  608

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494