Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
312
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
281
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
296
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
351
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
400
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
231
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
261
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
217
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
268
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
259
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
291
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
614
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
471
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
492
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
235
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
237
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
442
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
352
11 медаль!
11:05 24.01.2023
284
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
313
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
304
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
300
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
482
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
357
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
266
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
284
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
294
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
324
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2763
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2662
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2639
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2679
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2597
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2625
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2743
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2602
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2576
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2656
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2613
Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022
2698
Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022
2710
Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022
2681
Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022
2866
Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022
2758
Сенімім зор
17:06 17.11.2022
2830
Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022
2731
Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022
2853
Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022
2974
Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022
2624
Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022
2791
Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022
2848
Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022
2622
Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022
2782
Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022
2659
Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022
2962
Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022
2855
Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022
2853
Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022
2881
«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022
2892
«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022
3107
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысында жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында Президент аймақ жұртшылығымен кездесу өткізіп, Павлодар облысының алдында тұрған 5 бірдей зор міндетті атады. Және олардың шешілуін облыс әкімдігі мен Үкіметке қадап тапсырды. Сондай-ақ Президент өңірдің білім беру және энергетика нысандарының жұмысымен танысты.
Ұлылар туған алтын бесік
Жұртшылықпен кездесу барысында сөз сөйлеген Қ.Тоқаев осыған дейін республиканың өңірлеріне жұмыс сапары аясында Түркістан облысында, Шымкент қаласында және Абай облысында жұртшылықпен кездесулер өткізгенін атады. Әр өңірдің ерекшелігіне байланысты келелі тақырыптар қозғалып, тиісті тапсырмалар берілді. Қай өңірлерде болмасын Президент қолға алған реформаларды халық қолдап отырғанынсезінді. Бұл жағдай бағытымыздың түзу екендігіне сенімділікті арттырады. Сондай-ақ, халықтың қолдауы Мемлекет басшысына рух та береді.
- Павлодар өңірі – мен үшін ерекше. Мұнда Абылай ханның ақылшысы болған дана Бұқар жырау, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шәкен Айманов, Қаныш Сәтбаев, Шапық Шөкин, Ермұхан Бекмаханов сынды алып тұлғалар дүниеге келген. Сонымен қатар, Павлодар облысы – еліміздің энергетикалық жүрегі десек болады. Мұнда еліміз бойынша өндірілетін электр энергиясының 40 пайызы, көмірдің жартысы шығарылады. Еліміздің жаңа экономикалық кезеңге аяқ басқанын ескерсек, бұл ретте өңірдің қосатын үлесі зор, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Мемлекет басшысы өз сөзінде Павлодар облысы Қазақстанның дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ еліміздің ең көрікті мекендерінің бірі Ертіс бойына өзінің ықыласы ерекше екенін айтты.
– Павлодар облысында «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты айқын көрініс тапқан. Жалпы, облыстың дамуы тұрақты. Соңғы 3 жылда Павлодардың жалпы өңірлік өнімі 28 пайызға өсіп, 3,9 миллиард теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және басқа да салалар қарқынды дамып келеді. Мұның бәрі жергілікті жұрттың тұрмысы жақсарып, әл-ауқатының артуына тікелей ықпал етеді. Еліміз қазір жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформалар кезеңіне қадам басты. Біз алға қойып отырған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға Павлодар облысы зор үлес қосады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы орайда Президент өңірдің басты басымдықтарына назар аударды. Бірінші, аймақтың индуст-риялық-инновациялық әлеуетін нығайту. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттердің қарқынды дамуы және тұрақты индустриялық өсім электр энергиясы жеткілікті көлемде болған жағдайда ғана мүмкін екенін айтты. Сондықтан Ертіс бойындағы Павлодар Қазақстанның экономикалық дамуында ерекше рөл атқарады. Оның айтуынша, электр энергиясы мұнда жаңа жоғары технологиялық бағыттарды дамытуға мүмкіндік береді.
– Бүгінде халықаралық компаниялар өздерінің филиалдарын Қазақстанға көптеп көшіре бастады. Бұл кәсіпорындар ауқымды ақпарат көздерімен жұмыс істейді және оларды сақтау және өңдеу үшін айтарлықтай күш керек. Осыған байланысты Цифрлық даму министрлігіне жыл соңына дейін Екібастұзда деректерді өңдеудің жаңа орталығын салу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы. Президент облыстың өнеркәсіптік әлеуетін нығайтумен қатар шағын және орта бизнеске кешенді қолдау көрсету қажет деп санайды. Павлодар облысында қабілетті кәсіпкерлер көп, ол - әлдеқашан дәлелденген дүние. Кәсіпкерлікті қолдау тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге әсер етеді. Сондай-ақ, еңбек өнімділігін 30 пайызға дейін көтеру қажет. Президент пікірінше, өңір кәсіпкерлері республикалық және тіпті әлемдік деңгейде сұранысқа ие жобаларды жүзеге асыра алады.
Мемлекет басшысы экология мәселелерін шешуді Павлодар облысындағы екінші басым міндет ретінде атады. Сондай-ақ өнер-кәсіптің дамуы экологияға үлкен салмақ түсіретінін айтты. Бүгінде елде шығарылатын қалдықтардың үштен бірі осы облысқа тиесілі. Бұл жыл сайын шамамен 700 мың тоннаны құрайды.
– Күнделікті жұмысы бүкіл еліміздің индустриялық өсіміне арналған аймақ тұрғындарын туған өлкесіндегі қоршаған ортаның жай-күйі қатты алаңдатады. Экологиялық жағдай – азаматтардың тұрмыс сапасының маңызды көрсеткіші. Сондықтан өндірістік әлеуетті күшейту мен экологияны қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау аса маңызды. Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі ұстанымын жариялады. Қазір осы маңызды міндетті шешуге мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді стратегия әзірленіп жатыр. Қоршаған ортаға келтірілетін залалды едәуір төмендететін жаңа тәсілдер мен модельдерді өндіріске дәйекті түрде енгізу маңызды. Өңірдің төрт кәсіпорны озық технологияларды пайдалану үшін кешенді экологиялық рұқсат алды. Бұл шығарылатын қалдықтарды 2030 жылға қарай 47 мың тоннаға төмендетеді деп болжанып отыр. Үкімет пен облыс әкімдігі қалған кәсіпорындардың осындай рұқсат алуын жеделдетуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент өнеркәсіптердің шығаратын қалдықтарын қайта өңдеу ісін дамытуды тапсырды. Осы ретте күл үйінділері әлі де жергілікті тұрғындар үшін заңсыз пайда табудың көзі болып отырғанын атап өтті. Күл алаңдарында микросфера өндірісін ұйымдас-тыруды заңдық өріске шығаруды тапсырды. Бұдан бөлек, Үкіметке өңірді газбен қамту жолдарын әзірлеу тапсырылды. Мемлекет басшысы жергілікті тұрғындарды алаңдататын тағы бір мәселеге назар аударды.
– Жыл сайын Ертіс бойында орналасқан елді мекендердің тұрғындары шыбын-шіркейлердің қаптап кетуінен зардап шегеді. Жәндіктерді улау үшін мол қаржы бөлінеді. Бірақ бұл жұмыстың нәтижелері, әсіресе аудандарда байқалмайды. Егер бұрынғы әдістер тиімсіз болса, онда оның жаңа жолдарын іздеу керек. Мәселені көктемге қалдырып, содан кейін бәрін табиғат жағдайына байланысты деп жаба салуға болмайды. Мамандарды қазір тарта отырып, маңызды халықаралық тәжірибені зерттеген жөн. Шыбын-шіркейлерге қарсы күресте ғылыми әдіс керек және ең бастысы, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті бақылау қажет, – деді Президент. Мемлекет басшысы Павлодар-дағы экологиялық қозғалыс мүше-лерінің жағдайға немқұрайлы қара-майтынын және ерекше белсенді екенін атап өтті. Сондай-ақ Павлодар мен Екібастұз жастарының жақында «EcoStudentKZ» республикалық экологиялық челленджін қолдап, студенттердің саябақтар мен гүлзарларды тазалағанынан хабардар екенін айтты.
- Бұл тұрғыда мен Қазақстандағы көптеген волонтерлердің еңбегін атап өткім келеді. Өздеріңізге мәлім, мен 2020 жылды Волонтер жылы деп жарияладым. Бұл шешім өзін ақтады. Халықаралық ұйымның қызметкері ретінде мен волонтерлік қозғалыспен жаһандық ауқымда айналыстым. Ал Қазақстанда волонтерлік жастардың ынта-жігеріне ғана негізделген маңызды күш деп есептеймін. Біздің жастарымыздың бұл жасампаз күшін, әрине, еліміздің игілігі үшін, халқымыздың игілігі үшін, атап айтқанда, табиғатымызды таза ұстап, қорғау үшін пайдалану керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент облыстағы суармалы жердің көлемін екі есе ұлғайтып, 300 мың гектарға дейін жеткізу керек деп санайды. Сондай-ақ Ертістің суын тиімді, үнемді пайдаланған жөн екенін жеткізді. Тағы бір маңызды мәселе – өңірдің инфрақұрылымын дамыту. Президент Үкіметке облыс орталығын айналып өтуге жол ашатын жаңа көпір салуды тапсырды. Сонымен қатар, жолды күтіп ұстауға және қыс мезгілінде жолдарды тазалау жұмыстарына баса назар аудару қажет екенін айтты. Осы ретте Мемлекет басшысы «Астана – Ерейментау – Шідерті» бағытында қар тазалайтын техникаларды көбейту маңызды екенін атап өтті. Үкіметке жыл соңына дейін «Павлодар – Астана» бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру және жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу мәселесін пысықтау тапсырылды.
– Жалпы, өңірдің инфрақұры-лымы едәуір инвестиция салуды қажет етеді. Мысалы, облыс орта-лығындағы жылу желісінің 80 пайызы тозған. Соның кесірінен тұрғындар қыстың көзі қырауда қайта-қайта жылусыз қалады. Екібастұздағы Жылу-электр орталығының жағдайы сын көтермейді. Қаланың жылу желісі әбден ескірген. Еліміздегі барлық электр қуатының төрттен бірін Екібастұз өндіреді. Соған қарамастан қыс келген сайын қалаға жылусыз қалу қатері төнеді. Бұл – еш қисынға келмейтін жағдай. Павлодардағы бірінші Жылу-электр орталығы мен Екібастұздағы Жылу-электр орталығын кезең-кезеңімен жаңғырту керек. Үкіметке акционерлермен бірлесіп, бұл мәселеге қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Әкімдік инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жоспарын ұсынып отыр. Үкімет оны қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыруы қажет, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Үкіметке Екібастұз қаласын дамытудың кешенді жоспарына енгізілген жобаларға басымдық бере отырып, қаржыландыру тапсырылды. Президент Павлодардың трамвай жүйесін дамытуды жалғастыру, пойыздарды жаңарту жұмыстарын жеделдету және облыс орталығында көпфункционалды мұз сарайын салу мәселесін пысықтау маңызды деп есептейді.
Келесі бір басымдық – креативті индустрия мен туризмді дамыту. Мемлекет басшысының пікірінше, еліміздің қуаты адамдардың қайратына, біліміне және патриоттығына байланысты. Сондықтан адамға бағдарланған қызмет мемлекеттік саясатымыздың негізгі өлшеміне айналды.
– Ұлттық мәдениетті шетелде насихаттауға және жаңғыртуға Павлодар облысынан шыққан қазақстандық жаңа «мәдени толқын» өкілдері елеулі үлес қосып келеді. Классикалық өнерді бағалай білетіндер Еуропаның үздік опера сахналарында ариялар орындайтын Мария Мудряктың дауысын беріле тыңдап жүр. «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновтің танымал музыкасына дүниежүзі жастары таңдай қақты. Осындай дарынды жастарымыз мәдениетіміздің шетелдегі елшісіне айналды. Наум Григорьевич Шафер секілді туған өлкесінің, елінің нағыз патриоттары да ұлттың рухани баюына үлес қосып отыр. Ол – әлемнің әр бұрышынан (27 мың дана) музыкалық күйтабақтардың құнды жазбаларын жинаған облыстың Құрметті азаматы, қадірлі ақсақалы. Оның жинақтарында қазақтың халық әуендерінің алғашқы жазбаларымен қатар жалғыз дана үлгілері де бар. Мұндай адамдар қоғамымызға, әсіресе, жастарға үлгі болуы керек. Қазіргі әлемде шығармашылық индустрия, мәдени-танымдық туризм көптеген елдің экономикалық дамуының маңызды құрамдас бөлігіне айналған. Бұл бағытта облыстың әлеуеті зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өңір тұрғындарын жаңа технологиялық дамуға дайын болуға шақырды. Президенттің айтуынша, бұл үдерістегі ең тиімді жол жұмысшыларды жаңа дағдыларға үйрету болмақ. Осы өңірдің Мұса Шорманов пен Мәшһүр Жүсіп Көпеев секілді біртуар перзенттерін атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін дамыту туралы ойын айтты.
– Біз Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз. Ал бұл мақсатқа елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз. Сол себепті мен ел-жұртпен кездесудің бәрінде бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Жалпы, ғылым және білім саласы - әрдайым мемлекеттің назарында. Біз барлық баланың сапалы білім алуына жағдай жасауымыз керек. Осыған байланысты Мен Жолдауда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды ұсындым. Бұл бастаманың аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Құрылысты сапалы салып, уақытылы тапсыру – басты міндет. Білім алып, ғылым игерген жұрттың мерейі үстем болады, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі мамандықты меңгеріп, уақыт талабына бейімделудің айрықша маңызды екенін атап өтті. Бұл елдің бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар жастардың үнемі білімін жетілдіріп, өз елінде ғана емес, әлемнің әр бұрышында сұранысқа ие болуға ұмтылуы қажет екенін айтты.
Бұдан кейін Президент еліміздегі сайлауалды науқанға тоқталды.
– Өздеріңізге мәлім, мен еліміздегі ең ірі «AMANAT» партиясының Төрағасы қызметінен бас тарттым. Конституциялық реформа нәтижесінде Президентке өзінің өкілеттігін атқару кезінде партия қатарында болуға тыйым салынды. Алдағы сайлауға қандай ұйымның атынан қатысатыныма қоғам қызығушылық білдіріп отырғанын білемін. Ашығын айтайын, маған әртүрлі республикалық бірлестіктер мен партиялардан өздерінің атынан үміткер болу туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Әсіресе, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдардың бастама көтеріп жатқанына қуандым. Осының барлығы азаматтардың кейінгі үш жарым жылда жүзеге асырылып келген реформалар мен өзгерістерге қолдаудың айтарлықтай артқанын көрсетеді. Бірақ жасаған ұсынысы мен сенімі үшін, стратегиялық бағытыма белсенді қолдау көрсеткені үшін барлығына алғыс айтамын. Мен белгілі бір ұйымнан емес, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік негізін қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің ірі коалициясының атынан сайлауға қатысқаным дұрыс болады деп ойлаймын. Сондай-ақ бұл Мемлекет басшысының түрлі партиялармен, бірлестіктермен тең арақашықтық сақтау қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, сайлау науқанын заңнамаларды қатаң сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз ету маңызды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ретінде президент сайлауының әділ әрі ашық өтетініне кепілдік берді.
Кездесу соңында Президент Павлодар облысының тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыс етті. «Қаныш Сәтбаев атындағы Канал» РМК директорының кеңесшісі Леонид Баталов «Парасат» орденімен, Жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушы – оқытушы Азамат Мақажанов, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының перинаталдық орталығының бас дәрігері Айман Оспанова «Құрмет» орденімен және «Қазақстан алюминийі» АҚ учаскесінің бастығы Еркебұлан Хұсайынов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Сондай-ақ, «Қазақстан» РТРК меншікті тілшісі Болат Аманбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді.
Президент Павлодар облысына жұмыс сапары аясында 85 жыл бұрын іргесі қаланған Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияға барды. Мектеп директоры Салтанат Шабажанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнының терең тарихы туралы ақпарат беріп, гимназияның жаңар-тылған кабинеттерін көрсетті. Оқушылар мектеп кітапханасында Мемлекет басшысына Рамазан Тоқтаровтың шығармашылығы бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасын таныстырып, жазушының «Ертіс мұхитқа құяды» атты кітабын сыйға тартты. Содан кейін Президент респуб-ликалық және халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған Павлодар облысының педагогтарымен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев оларды Дүниежүзілік Ұстаз күнімен және қазақстандық педагогтардың өткен кәсіби мерекесімен, ал гимназия ұжымын мерейтойымен құттықтады.
– Мұғалім болу – ең абыройлы еңбек. Сонымен бірге, бұл – өте жауапты жұмыс. Ұстаздық қасиетті қызмет десек те артық емес. Себебі, әр шәкірттің тұлға болып қалыптасуында ұстаздың орны ерекше, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы ұлттың қайта өрлеу орталықтарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық көптеген танымал ғалым осы өңірде өскен және қазіргі педагогтар аға бауынның ізін жалғап келеді.
– Жастарымыздың отаншыл, әділ, адал және еңбекқор болып өсуіне ұстаздың қосатын үлесі орасан зор. Біз жастардың еңбекке құлшынысын арттыруымыз қажет. Әділетті Қазақстанда еңбек адамы ең бірінші орында тұрады. Себебі, отаншылдық - ең алдымен, туған еліңнің игілігі үшін қызмет ету деген сөз. Ол үшін, әрине, еңбекқор, іскер болу керек. Әркім өз болашағына өзі жауапты екенін жастар бала кезден терең ұғынып өсуге тиіс. Бұл идеялардың бәрін балалардың санасына міндетті түрде сіңіру керек. Ұлы Абай айтқан «Толық адам» ұғымы болмысы кемел, көзқарасы терең, көкірегі ояу, еңбекқор адам дегенді білдіреді. Халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп бекер айтпаған, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Черчилльдің «Мұғалімдерде мемлекет басшылары армандайтын билік бар» деген сөзін тілге тиек етіп, мектептерде жеке адамның да, тұтас мемлекеттердің де шынайы бәсекелестік негізі қаланатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін қайта жаңғырту керек екенін айтты. Президенттің айтуынша, біз ұлттық дәстүрлерімізді сақтай отырып, қоғамда прогрессивті ұғымдарды белсенді дәріптеуіміз қажет. Бұл – еңбекқорлық, білім культі, өзара сыйластық, ынтымақтастық, сенім, іскерлік, ұқыптылық, сыни ойлау сынды қасиеттер. Президент ұлттың жаңа қарым-қабілеттерін қалыптастыруда және Әділетті Қазақстанды құруда мұғалімдер шешуші рөл атқаратынына сенім білдірді. Павлодар облысының педагогтар қауымының атынан №8 орта мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ирина Шевченко және Мұзафар Әлімбаев атындағы орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Оразбек Бақытхан сөз сөйледі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапары аясында Павлодар алюминий зауытының қызметімен танысты. Кәсіпорын жетекшісі Роман Романов Мемлекет басшысына облыстың металлургиялық кластеріндегі кәсіпорындар шығарған дайын өнімдерді таныстырды. Бұл жерде бастапқы алюминийден бастап алюминий радиаторларына және автомобиль дискілеріне дейінгі түрлі өнім қамтылған. «Қазақстан алюминийі» АҚ 8 мыңға жуық адамды және олардың отбасын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөліп отыр. Бұдан кейін Еуразиялық топтың басқарма төрағасы Серік Шахажанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ERG өнеркәсіптік кәсіпорындары шығаратын қалдықтарын кезең-кезеңмен қысқартуды көздейтін Экологиялық стратегияның жүзеге асырылуы жөнінде айтты. 2030 жылға дейін қатты қалдықтардың көлемін 50 мың тоннаға (57 пайызға) азайту жоспарланып отыр. Зауыттар мен жылу электр стансаларындағы сүзгілер ауыстырылады, күл жинайтын қондырғылар салынады және көміртегінен арылту жобалары жүзеге асырылады. Сондай-ақ Еуразиялық топ алдағы 3 жылда 420 мың ағаш егуді жоспарлап отыр. Оның жартысынан көбі Павлодар облысында егіледі. Компания Қостанай облысында болған өрттен кейінгі орман алқабын қалпына келтіруге қосымша 1 миллиард теңге бөлді. Сонымен қатар, Президентке компанияның әлеуметтік міндеттемелерін орындау барысы, оның өңірлердегі «Халықтың бюджетке араласуы» бастамасы, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік түсінігі мен проактивтілігін арттыру, инновациялық қызмет үшін жағдай жасау және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі басқа да жобалар туралы баяндалды. Бұдан кейін «Қазақстан алюминийі» АҚ еңбек ұжымымен емен-жарқын әңгімелескен Қасым-Жомарт Тоқаев акционерлердің барлық әлеуметтік міндеттемесін орын-дауының маңызды екенін атап өтті.
– Сіздер Қазақстан Республикасы индустриясының флагманы саналатын өте мңызды кәсіпорында жұмыс істейсіздер. Мен жаңа ғана презентацияларды көрдім. Кәсіпорынның қызметімен таныспын. Мұнда адамдардың қалай жұмыс істейтінін және қандай өнімдер шығаратынын білемін. Олар Қазақстан Респуб-ликасына қажет және шетелде үлкен сұранысқа ие. ERG тобы кәсіпорындарының басшылығы әлеуметтік мәселелерді шешуге, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға және тиісті нысандардың құрылысына ерекше назар аударады. Осы орайда біз әрқашан қолдаймыз. Сіздерге сәттілік тілеймін! – деді Президент.
akorda.kz мәліметтері бойынша әзірленді.
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
312
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
281
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
296
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
351
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
400
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
231
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
261
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
217
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
268
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
259
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
291
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
614
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
471
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
492
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
235
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
237
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
442
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
352
11 медаль!
11:05 24.01.2023
284
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
313
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
304
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
300
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
482
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
357
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
266
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
284
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
294
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
324
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2763
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2662
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2639
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2679
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2597
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2625
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2743
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2602
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2576
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2656
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2613
Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022
2698
Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022
2710
Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022
2681
Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022
2866
Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022
2758
Сенімім зор
17:06 17.11.2022
2830
Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022
2731
Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022
2853
Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022
2974
Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022
2624
Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022
2791
Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022
2848
Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022
2622
Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022
2782
Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022
2659
Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022
2962
Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022
2855
Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022
2853
Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022
2881
«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022
2892
«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022
3107