Көмірден тапшылық болмайды

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  180

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  156

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  149

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  161

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  172

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  170

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  180

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  175

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  163

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  173

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  172

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  187

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  262

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  249

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  245

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  400

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  500

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  447

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  458

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  507

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  514

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  495

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  517

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  447

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  484

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  488

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  607

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  585

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  519

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494

Көмірден тапшылық болмайды 10.09.2022

Көмірден тапшылық болмайды

Павлодар қаласындағы жылу-электр орталықтары жылыту маусымына дайын. Орталықтарда көмір мен мазут қоры жеткілікті. Қарапайым тұрғындар мен кәсіпорындарға қатты отынды сататын орындар да қыстың қамына кірісті. Сондықтан 15 қыркүйекте әлеуметтік нысандарға, 26 қыркүйекте көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беруді бастау үшін толық негіз бар.

 

Кеше облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов облыс орталығындағы үш жылу-электр орталығының, көмір сату орындарының жұмысымен танысты. Алдымен аймақ басшысы «ПавлодарЭнерго» АҚ-на қарасты №3 жылу-электр орталығына барды. Компания директорының міндетін атқарушы Вадим Лесиннің айтуынша, бұл станцияға түсетін жүктеме көп болғандықтан, жөндеу жұмыстары 1 наурызда басталды. Жоспар бойынша, тиісті шаралар қазан айының соңында аяқталады.

- Станция алдағы кезеңге толығымен дайын. Тәртіп бойынша, орталықта 10 күнге жететін 72 мың тонна көмір болуы керек болса, қазір бізде 115 мың тоннасы бар, - дейді В.Лесин. Бұл ретте аймақ басшысы жылу-электр орталығы тұрғындарды ақпараттандыруға басымдық беруі керек екенін атап өтті.

- Қандай да бір апаттық жағдайлар бола қалса, көпшілікке бірден тиісті мәліметі таратылуы керек. Апаттық жағдайдың орын алғаны, мәселенің қанша уақыттан кейін шешілетіні және олқылықтың жойылғаны туралы үш сатылы мағлұмат жалпақ жұртқа қолжетімді болуы қажет, - деп ескертті облыс әкімі. Сондай-ақ, Әбілқайыр Сқақов №2 жылу-электр орталығының дайындығын тексерді. Бұл станция 60 жылдан астам уақыт бойы қаланы жылытып келеді. Алдағы уақытта «Спорт-сити» қалашығы аумағында жаңадан бой көтеретін «Жастар» шағын ауданын да жылумен қамтымақ. Жоба бойынша, жаңа ауданға барлығы 34 гигакалорий жылу керек. Оның 20 Гкал-сы ТМ-37 магистраліндегі құбырлардың диаметрін 800 мм-ден 1000 мм-ге дейін арттыру арқылы беріледі. Қалған 14 ГКал алу үшін №2 ЖЭО-нан жаңа магистраль салынады.

- Қазір қолданыстағы қуат-тылықтың барлығын таратып тастап, кейін жаңадан салынатын тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда жылу тапшылығы туындамауы тиіс. Станция басшылығы бизнес өкілдеріне қалай, қандай көлемде орталық құбырға қосылуға мүмкіндік барын дөп басып көрсетуі керек. Жалпы, орталық жұмысы кез келген жағдайға дайын болуы тиіс. Мәселен, қосымша бөлшектердің қоры жасақталуы керек, - деді аймақ басшысы. «Қазақстан алюминийі» АҚ-на қарасты №1 жылу-электр орталығының басшысы Илья Рожков станция алдағы кезеңге әзір. Әбілқайыр Бақтыбайұлы осыдан екі жыл бұрын орын алған апаттық оқиғаны еске салып, одан сабақ алу керек екенін ескертті. Сол тұста құбырдың жарылуы салдарынан қаланың көптеген нысандары бірнеше күнге «қатып» қалған еді. Кейін «Павлодар жылу желілері» ЖШС директоры Марат Иманаев көпқабатты тұрғын үйлердің 96 пайызы ыстық суға қосылғанын атап өтті. Қалған 4 пайызы, бұл дегеніңіз – 42 үй бірнеше күн дересінде ыстық суға қосылады. Жалпы, 15 қыркүйекте әлеуметтік нысандарға, 26 қыркүйекте көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріле бастайды. Осы орайда кәсіпорын басшысы жөндеу жұмыстары кезінде қазылған учаскелерді қайта қалпына келтіруге битум тапшылығы кедергі келтіріп отырғанын алға тартты. Жоспар бойынша, облысқа бұл құрылыс материалы келесі аптада жеткізіледі. Содан соң қазылған ой-шұңқырлардың барлығы тегістеліп, үстіне асфальт төселеді. Павлодар қаласының әкімі Асайын Байхановтың сөзінше, қазіргі уақытта қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің 89 пайызы жылыту маусымына дайын. Әзірше тек 136 үйде тиісті жұмыстар сылбыр жүріп жатыр. Оның басым бөлігінде пәтер иелері кооперативтері, мүлік иелері бірлестігі, қара-пайым серіктестік те жоқ.

- Өткен жылыту маусымы кезеңінде 319 үйде жылу параметр-лері төмен болған еді. Облыс әкімдігі мен Орталық Азия электроэнергетикалық корпорациясы арасында жасалған меморандум нәтижесінде «Павлодар жылу желілері» компаниясы бірқатар үйге сервистік қызмет көрсетуге көшті. Мысалы, ең суық болған Ткачев көшесі, 9, 11 және 13 үйлерде ішкі жылу бұрыштарын өзгертті. Енді бұл баспаналарда қиындық болмауы тиіс. Бірақ бұл компанияның басқаруына өткен кейбір үйлердің тұрғындары әрі қарай серіктестік орнатудан бас тартып жатыр. Олардың айтуынша, «Павлодар жылу желілері» серіктестігі жылу құбырларын қалпына келтіргенімен, басқа коммуналдық қызметтерді өз деңгейінде атқармай отыр, - деді А.Байханов. Әбілқайыр Сқақов бұл іске жергілікті атқарушы билік те араласып, жағдайды бақылауға алуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, Сәтбаев университетімен бірлесіп, қаладағы жерасты желілерінің цифрлық баламасы әзірленіп жатқанын жеткізді.

- Павлодар қаласындағы жерасты желілерінің цифрлық картасы жоқ. Сондықтан құбыр-лардың қандай деңгейде екенін біле бермейміз. Құбыр жарылып, апаттық жағдай туындайтын сәтті күтіп отырмас үшін желілерді цифрлық форматта көріп отыруымыз керек. Келесі жылыту маусымында гидравликалық сынақтар сол карта негізінде іске асуы тиіс, - деді Ә.Сқақов. Аймақ басшысы облыс орталығындағы ірі көмір сату орындарының бірі «Элит KZ» ЖШС-не де барды. Кәсіпорын директорының орынбасары Серғазы Дәулетбаевтың сөзінше, қазір мұнда 80-90 мың тонна көмір бар. Аптасына шамамен 150 көлік қатты отынды әкетеді. Алайда кеніштегі көмір бағасының 7 пайызға, теміржол тасымалы құнының 6 пайызға қымбаттауы сәл салмақ салып тұр. Тұрғындар да қазір қысқы отын алуға асығар емес.

- Жергілікті әкімдіктер әлеуметтік нысандардың, тұрғындардың қатты отынмен қамтылуына тікелей жауапты. Көмір қайда сақталады, ауылға оны қанша кәсіпкер жеткізеді, қандай бағамен сатылады – осының барлығына тиісті талдама жасалып, тізім дайындалуы керек. Кеніштегі көмір бағасының былтырғы 6300 теңгеден биылғы 6779 теңгеге дейін өсуі қаншалықты негізді екенін де саралау керек. Жаңбыр жауып, жол батпаққа айналатын кезде кеніштерден қатты отын шығаруда қиындық туындамауы үшін қазірден қамдану қажет. Көмір өндіретін біздің өңірде қатты отынның тапшылығы жоқ. Тек қыркүйек-қазан айларында ұзын-сонар кезек болмас үшін тұрғындарға қазірден-ақ көмір алудың қамына кіріскен жөн, - деді Ә.Сқақов. Сонымен қатар, аймақ басшысы бірнеше көпқабатты үйлердің дайындығын байқау үшін арнайы барып, пәтер иелері кооперативтерімен тілдесті. Жалпы алғанда, Павлодар қаласы алдағы жылыту маусымына дайын. Тек жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталып, апаттық жағдайлар шықпаса болғаны.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

 


Количество показов: 547

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  180

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  156

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  149

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  161

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  172

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  170

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  180

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  175

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  163

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  173

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  172

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  187

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  262

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  249

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  245

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  400

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  500

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  447

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  458

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  507

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  514

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  495

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  517

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  447

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  484

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  488

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  607

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  585

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  519

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494